Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Фонетика

09 мам 2012, Сәрсенбі
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Фонетика
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: тіл дыбыстары және олардың жіктелуін меңгерту. Фонетика бойынша өткен тақырыпты бекітуге арналған сергіту сәтін өткізу.

2. Тәрбиелік: сынып оқушыларын топтаса, бірлесе жұмыс істеуге шақыру.
Ұқыптылыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Патриоттық сезімін ояту.

3. Дамытушылық: оқушылардың сөз байлығын дамыту,
қазақ тілінде жетік сөйлеуге дағдыландыру. Суреттер арқылы сөйлемдер
құрап,өз беттерімен жұмыс істеуге үйрету.
Логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ойын
Оқыту формасы: Жеке, топтық, ұжымдық
Көрнекілігі: Суреттер, кеспе әріптер
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, бейнелеу өнері, орыс тілі

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:

2. Үй тапсырмасын тексеру
І. 5-жаттығу
Көшіру, 1 сөз фонетикалық талдау жасау
ІІ. “Бетпе - бет” студиясы
Сұрақ - жауап
Үй тапсырмасын бекіту:
Ереже әлемі
Алфавит
Аа Әә Бб Вв Гг Ғғ
Дд Ее Ёё Жж Зз Ии
Йй Кк Ққ Лл Мм Нн
Ң Оо Өө Пп Рр Сс
Тт Уу Ұұ Үү Фф Хх
Һ Цц Чч Шш Щщ ъ
Ыы Іі ь Ээ Юю Яя
Дауысты дыбыстар

Дауысты дыбыстар тілдің қатысу қалпына қарай:
жуан және жіңішке;
жақтың ашылу қалпына қарай: ашық және қысаң; еріннің қатысу қалпына қарай: еріндік және езулік дауысты дыбыстар болып бөлінеді.

Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы
Жіңішке дауыстылар: ә, ө, ү, і, е, и

Ашық дауыстылар: а, ә, о, ө, е
Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и

Еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у
Езулік дауыстылар: а, ә, е, ы, і, и

ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР

1. Қатаң дауыссыздар: к, қ, х, п, ф, с, т, ш, щ, ч, ц.
2. Ұяң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з, Һ.
3. Үнді дауыссыздар: й, л, р, у; м, н, ң.

Буынның түрлері
Бір дауыстыдан тұратын
не дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын буынды
ашық буын дейміз.
Мысалы: а-та, ә-ке, і-ні, ба-ла.

Дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталған буын
тұйық буын деп аталады.
Мысалы: ат,ет,ұн,ант,ұлт,өрт

Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталатын буынды
бітеу буын дейміз.
Бітеу буында кемінде 3 дыбыстар болады: дауыссыз-дауысты-дауыссыз.
Мысалы: мал, құс, қыс, тарс, жалт.

Қызығушылықты ояту кезеңі
Буынға бөлу, түрлерін ажырату

Жаттығу жұмыстары

“Кім жылдам? ”1-жаттығу
Бүгін, бес, біз, есеп, тақта, домбыра, сызғыш,жақсы, пән, ұнайды, ән, сабақ, парта, әтеш, дәптер, терезе, оқы, қалам, есік, өшіргіш, күнделік.

Жуан буынды сөздер:
Жіңішке буынды сөздер:



2-жаттығу

Қазақ тілі сабағында біз ... сөйлейміз. Орыс тілі сабағында біз ... сөйлейміз. Математика сабағында біз ... шығарамыз. Ән сабағында біз ... айтамыз.

Керекті сөздер: есеп, ән, орысша, қазақша.
Сергіту сәті
3-жаттығу
Түбір табу.
Оқимын, оқисың,оқиды, оқисыз-
Жазамын, жазасың, жазады, жазу-
Оқушы, оқулық-
Шықтым, шықтық, шықты-
Тақтада,тақтаға,тақтаның-
Сабақтар,сабаққа, сабақты, сабақтың-
Қаламның, қаламға, қаламды, қаламдар-

Фонетикалық талдау
Тауық
Жүзім

«Ғажайып бестік» ойыны

Дыбыстар әлеміне саяхат

Мақал-мәтелдер әлемі

Мақал-мәтелдердің мазмұнын ашу.

Сөздік диктант

Родина, гимн, герб, флаг, столица, тема, задача, песня, рассказ, предмет.

4 - жаттығу
Эссе жазу "Менің Отаным - Қазақстан"

Қорытынды:
«Жұлдызды сәт»
Сұрақ-жауап

1. Буын дегеніміз не? Буын түрлерін ата
2. Ашық буын дегеніміз не?
3. Тұйық буын дегеніміз не?
4. Бітеу буын дегеніміз не?
5. Үнді дауыссыз дыбыстарды ата
6. Дауысты дыбыстар дегеніміз не?

Үй тапсырмасы:
5-жаттығу (23-бет)
10 сөз буынға бөлу, түрлерін ажырату
29 001
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ананың тілі – аяулы үні
Ананың тілі – аяулы үні
қазақ тілін құрметтеуге, оны шұбарламай таза сөйлеуге тәрбиелеу. Оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру.
Қазақ тілі пәнінен үлгерімі төмен оқушыларға арналған жұмыс дәптері
Қазақ тілі пәнінен үлгерімі төмен оқушыларға арналған жұмыс дәптері
Қазақ тілі пәнінен үлгерімі төмен оқушыларға арналған жұмыс дәптері Фонетика гректің «фоне» деген сөзі негізінде қолданысқа енген. Фоненің мағынасы - дыбыс, үн, дауыс. Фонетика - тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала.
Дауысты дыбыстар
Дауысты дыбыстар
Дауысты дыбыстар жайлы алған білімдерін кеңейту, тіл дыбыстары және олардың жіктелуін еске түсіру. Тіл дыбыстарын дұрыс қолдана білуге және ұлттық салт дәстүрді бағалай білуге тәрбиелеу.
Наурыз мерекесі. Фонетика, септіктерді қайталау.
Наурыз мерекесі. Фонетика, септіктерді қайталау.
Мереке туралы айта алуға, мерекенің қалай өтетінін сипаттауға үйрету; сөздерге фонетикалық талдау жасау, септеу, тәуелдеу, жіктеу т. б.
Тіл дыбыстары
Тіл дыбыстары
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тіл дыбыстары туралы бастауышта алған білімдерін еске түсіре отырып, тіл дыбыстары туралы кеңінен түсінік беру.
Ашық және қысаң дауыстылар
Ашық және қысаң дауыстылар
№З Алға қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Изтлеуова Гүлшат Бисенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×