Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі

25 қаңтар 2014, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі.

Сабақтың мақсаты: - оқушыларды жазушының өмірі және шығармашылығымен таныстырып, әңгімедегі ана бейнесін ашу, ананың балаға деген сезімін жеткізу; - білім қоржындарын толықтыру; әдеби - көркем сөйлеу тілін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге бейімдеп, логикалық тұрғыдан ойлауды қалыптастыру, ізденуге жетелеп, проблемалық сұрақтарды шешуге баулу; - өмірдегі ең жақын да қымбат адам анаға тағзым ете білуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білімді жүйелеу сабағы.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау, іздену, ойқозғау.
Көрнекілігі: жазушының портреті, ана суреті, ана туралы өлең жолдары.
Құрал - жабдығы: интерактивті тақта, магнитофон.
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- сәлемдесу, класс оқушыларының сабаққа қатысымын тексеру.
- флеш - тренинг өткізу./ класта жылы, сабақтың нәтижелі өтуіне ортаны қалыптастыру/ Оқушылар ортаға шығып, сағаттың тілімен бір - біріне бүгінгі күнге, сабаққа, аптаға жылы тілектерін білдіреді./
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы туралы дайындаған слайдтарын кластастарының назарына көрсетіп, мазмұндайды. Класс оқушылары тыңдай отырып хронологиялық кесте жасайды.

Жылдар жырлайды
Болған оқиғалар
1. 1902 жыл. Солтүстік Қазақстан облысында, кедей шаруаның отбасында дүниеге келді.
2. 1916 жылы 14 жасында орыс мектебіне оқуға түсті.
3. 1923-26 жылы Орынбордағы жұмысшы факультетінде Сәбит Мұқановпен бірге оқыды
4. 1934 жылы «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы», «Ақлима» әңгімелері жарық көрді.

ІІ. Сабаққа қызығушылығын ояту.
а) «Ана» деген сөзді естігенде ең бірінші ойларыңа, көз алдарыңа не келеді? Кәнекей, ойларыңды жинақтап, топтастыру әдісін қолданып жұмыс жасайық.
АНА:

Асыл жан, ұрпақ әкелуші, құдірет күші, табиғаттың сыйы, сұлулық бастамасы, бәрінің басы т. б.

ә) «Менің анам....» /«Сөйлемді аяқта» әдісі бойынша әр оқушы өзінің анасы туралы ой қозғайды./

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе.
Анаң саған керек болса, анаңа да сен керек.
Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек,
Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы, - деп жырлаған жерлесіміз Төлеген Айбергенов.

- Иә, АНА деген ол үлкен бір күш. Сиқырлы да, сырлы махаббаттың иесі де, сұлулықтың бастамасы да осы аналар. Ананың құдіреті неге болса да жетерлік. Ананың алақанымен мейірімді жүрегіне тең келетін ештеңе жоқ. Ана туралы ақындар жыр жазса, суретшілер суретін салып өз ризашылықтарын білдірді. Міне, солардың бірі Ғабит Мүсірепов.
/ Оқушыларға интерактивті тақтаның көмегімен Ғабит Мүсіреповтың өмірі және шығармашылығы туралы бейнефильм ұсынамын. Сондай - ақ «Ананың анасы» әңгімесіне қысқаша тоқталып өтемін. Себебі, бұл әңгімені оқушылар өз беттерінше үйден оқып келді./

ІV. Топтық жұмыс
- Оқушылар көрген бейнефильмдерін, оқыған әңгімені пысықтау барысында, топқа бөлініп жұмыс жасайды:
- Әңгімеде, кейіпкерлерден басқа қандай суреттер байқадыңдар?
(Жыл мезгілінің – жазы, шаңқай түс, балалар, әңгімеші қария)
- Әңгіменің басталуы мен аяқталуы туралы не айтасыңдар?
(Соқыр қарт Әйтілестің әңгімесінен басталып, Жалпақ балуанның Ана мен қызына бостандық беруімен аяқталады)

V. Жұптық жұмыс:
-«Ананың анасы» әңгімесі бойынша жұмыс:
а) «Кім жылдам» әдісі бойынша әңгімеден ананың портретін табу.
... Бейшараның боз көйлегі жырым - жырым. Қолдары қарғаның тұяғындай қап - қара. Еріні қырық тілінген, жарық - жарық. Бірақ түйілген қабағынан, от жанған көзінен жанын шошырлық.
ә): әңгімеден тұрақты тіркестерді, афоризмдерді, теңеу сөздерін табу. / Мысалы: Соның суық ызғары табанымнан, қара таңбасы маңдайымнан әлі кеткен жоқ. Оқтаудай ойнап, киіктей орғып, жұлдыздай ағып. Білектің күшін, найзаның ұшын не күшті теңдеске, не иығы теңдеске жұмсалған жоқ. Түйілген қабақ, от жанған көз. т. б./

VІ. Сабақты бекіту бөлімі.
а) Топтық жұмыс, әр топ өзінің қарсыласына «Жуан - жіңішке» сұрақтар әдісі бойынша сұрақ қояды.
а) Әңгіме мазмұны бойынша «Ана» портретін салу.
ә) «Бас иеміз аналарға» / Ана туралы жазылған өлең, шығармаларды еске түсіру кезеңі./
б) Класс болып «Ана туралы» өлеңін орындау.
VІІ. Қорытынды.
- Атам, қазақ, ананың алақаны әлемді әлдилейді - деген екен. Міне, бұл әңгіме соған бір дәлел. Қазақ әдебиеті айдынында АНА тақырыбына толғанбаған жан жоқ. Атап өтсек, Мұхтар Әуезов «Адамдық негізі - әйел», Шыңғыс Айтматов «Найман - Ана», Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда», Міржақып Дулатов «Шешенің балаларын сүюі».

VІІІ. Бағалау. Үй тапсырмасы / «Ана алақаны» тақырыбына эссе жазу.
7 967
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы» (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы» (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Оқушыларды мейірімділікке, анасын сүйіп құрметтеуге, ананы сыйлап, қадірлей білуге тәрбиелеу; дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру
Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі
Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі
Алматы облысы, Талғар қаласындағы №7 мектеп-лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дарменқұлова Ғалия
Ғабит Мүсірепов "Ананың анасы"
Ғабит Мүсірепов "Ананың анасы"
Алматы облысы, Көксу ауданы, Жапсарбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Көшенова Шара Шаймұханбетқызы
Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы
Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Заградовка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Айнагүл Қадыркенқызы Тыштықаева
Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы»
Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы»
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рахметқалиева Бақыт
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×