Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Экологиялық конференция сабақ «Табиғатты қорғау - өмірді қорғау»

29 қаңтар 2014, Сәрсенбі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың қазіргі күнгі өзекті мәселелердің бірі - экология туралы түсінігін арттыру. Осы тақырыпта еркін сөйлеу. Өз ойы мен көзқарастарын ұтымды жеткізе білу.
Дамытушылық: Оқушылардың топта, өз беттерімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіру, ізденіске жетелеу, белсенділіктерін оятып, дүниетанымын дамыту.
Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру. Табиғатқа ұқыпты, жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: конференция сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Мұғалімнің сөзі, талдау, іздену, ынталандыру, баяндау, көрнекіліктермен, интерактивті тақтамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, бейнефильм, ватман қағаз, түрлі түсті маркерлер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу
- Отырғызу
Оқушылардың қызығушылығын ояту.
Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп - өнеді. Табиғатта басы артық ешнәрсе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайды қарау үлкен апатқа соқтырады.
Балалар, бізде бүгін ерекше сабақ. Сабағымыз конференция түрінде өтеді. Сабағымыздың тақырыбы Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері.
Сабағымыздың мақсаты: ҚР апатты аймақтарына тоқтала отыра, оны жан - жақты талдау. Апатқа әкелуге не себептер болды, оның салдары, шешу жолдарын іздейміз. Осы тақырыпта еркін сөйлеу.
Сабағымызда ҚР 4 түрлі экологиялық мәселесіне тоқталамыз. Бұлар - Семей ядролық сынақ полигоны, Арал теңізі экологиясы, Каспий теңізі экологиясы және өзіміздің туған өлкеміз - Петропавл қаласы экологиясы.
Әр топ өз экологиялық мәселесін қарастырады. Экологиялық апат жайлы жалпы мағлұмат бере отырып, апатқа әкелу себептерін, оның салдарын айқындайды. Сабақтың екінші бөлігінде бұл жағдайдан құтылу жолдарын іздеп, өздігінен жұмыс істейді.
Қазіргі қарастыратын мәселе - Семей ядролық полигоны
Ең алдымен бейнетүсірілімге көңіл аударайық.
Бейне түсірілім.
Презентация

Ярослав: Полигон Қазақстан жерінде Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Павлодар және Қарағанды облыстарының шекарасында орналасқан. Ертістің сол жағалауында. Полигон 1800 шаршы шақырым жерді алып жатыр.

Айдын: Семей полигонында 1949 жылдан бастап 1991 жылға дейін атомдық қару сыналып келген. Ең бірінші жарылыс 1941 жылы 29 тамыз болды. Бұл жер Кеңес Үкіметінің сынақ полигонына айналды. Семей атомдық полигонында барлығы 456 жарылыс болған. Жарылыс кезінде көптеген радиоактивті заттар бөлінді. Олар радиация тудырды.

Наталья: Радиация салдарынан көптеген аурулар пайда болды. Адамдар небір жаман ауруларға шалдығып дүние салып жатса, жаңа дүниеге келген нәрестелер сырқат, кемтар болып туа бастады. Ауа ластанып қана қоймай жер қабаты, өсімдіктер де уланып, жануарлар қырылып қалды. Нәресте өлімі көбейді. Адамның өмір жасы қысқарды.

Дарья: Семей ядролық полигоны 1991 жылы «Невада - Семей» қозғалысы арқасында жабылды. Жетекшісі – Олжас Сүлейменов. Бірақ қазірдің өзінде ол жерде радиация мөлшері шамадан тыс. Сондықтан ол жерде адамдар өмір сүрмеуі тиіс.
Келесі қарастырылатын экологиялық тақырып – Арал теңізі мәселесі

Глеб: Арал теңізі Қазақстанның Оңтүстігінде орналасқан. Арал теңізінің суы жылдан - жылға азайып келеді. Бұл дүние жүзіндегі ең ірі көлдердің бірі.
Кирилл: Арал теңізінің тартылу себептері: ауыл шаруашылығының дамуы, егістік алқаптардың көбеюі, Тұрғын халық санының өсуі, суару жүйесінің жетілмеуі.

Светлана: Кирилл айтып кеткен себептер көптеген зиян келтірді. Климаттың өзгеруі. Мысалы: жаздың өте ыстық, қыстың тым суық болуы.
Құрғақшылық, шөлейт жерлердің көбеюі, ауаға тұзды заттардың ұшуы, адамдардың денсаулығының нашарлауы, ауыз су тапшылығы.
Ендігі топ өз мәселесімен таныстырады. Бұл – Каспий теңізі экологиясы.

Анатолий. Каспий теңізі – әлемдегі ең сұлу көл. Каспий теңізінің жалпы көлемі 379 мың шаршы шақырым. Теңіздің ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке 1200 шақырымға соқылған. Ені 435 шақырым. Тереңдігі 788 метр. Каспий теңізінде жануарлардың 769 түрі бар. 50 түрлі балық пен құстар тіршілік етеді. Көптеген тораптар бар.

Сакенова Валерия: Каспий теңізіндегі өндіріс қалдықтарымен теңіз суы лайлануда. Жыл сайын 10 млн. Тоннаға дейін зиянды заттар төгіледі. Теңіз суында көптеген мұнай дақтары кездеседі.

Воропаева Анна: Әрине, аталған жағдайлар теңіздің жануарлар және өсімдік әлеміне үлкен қауіп туғызуда. Балықтар, итбалықтар зиянды заттармен уланып қырылып жатыр. Бұл өте өкінішті.
Келесі тақырып туған қаламыз – Петропавл қаласының экологиясы:

Сергей. Петропвл қаласы Қазақстанның Солтүстігінде орналасқан. Петропавл Солтүстік Қазақстан облысының орталығы. Біздің туған қаламыздың табиғаты өте сұлу, көрікті. Туған қаламыз қайыңды өлке атанған.

Олжас: Қаламыздың сұлу табиғатына да, ауасына да, қала көркіне де қауіп төніп тұр. Жылу станциясының түтінімен ауа ластанып жатса, тұрмыс қалдықтарымен өзен - көлдер ластанып жатыр. Қала іші қоқысқа толып келеді. Ауылшаруашылығы да табиғатымызға нұқсан келтіруде. Орман өрттері жиілеп кетті.

Алена: Жылу құбырларынан шыққан түтіндегі улы заттар адам ағзасына зиянын тигізуде. Бұны онкологиялық аурулардың көбеюінен көреміз. Тұрмыстық заттардың қалдықтары өзен - көлдерді ластап жатыр. Бұдан балық түрлері, өсімдік түрлері азайып бара жатыр. Адамның орманды жерде отты орынсыз қолдануынан өрттер жиі болып тұрады. Бұл біздің сұлу табиғатымызға зиянын келтіруде.

Енді аталған экологиялық апатты аймақтар жайлы толық мәлімет алдық, келесі міндет сол апатты жағдайды қалай тоқтатуға болады? Оқушылар көрші топтың экологиялық мәселесін шешуге тырысады. Экологиялық мәселені шешу жайлы өз ой пікірлерін, көзқарастарын ұсынады. Бұл жұмысқа 5 минут уақыт беріледі.
Бұл уақыт аралығында оқушыларымыз дайындап әкелген бейнетүсірілім тамашаланады.

Бейнетүсірілім.
Әр топтан бір оқушыдан кезектесіп апатты тоқтату себептерін, қиын жағдайдан шығу жолдарын ұсынады. Сонымен бүгінгі сабақта ҚР экологиясына байланысты біршама жұмыс істедіңдер.
Бағалау:
Үйде «Табиғат - біздің анамыз» тақырыбында шығарма жазып келіңіздер!
8 360
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жер – біздің ортақ үйміз
Жер – біздің ортақ үйміз
Жердің барлық тіршілік иесінің ортақ үйі екенін ұғындыру, адамның да табиғаттың негізгі бір бөлігі екенін, оның табиғатты қорғаудағы рөлін ұғындыру.
Адам, табиғат және денсаулық
Адам, табиғат және денсаулық
Табиғат және адам жасаған нысандарды ажырата білуге үйрету, қоршаған ортаның эстетикалық және тәжірибелік құндылығын көрсету.
Табиғат – біздің досымыз
Табиғат – біздің досымыз
Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Айналамыздағы әлем - біздің үйіміз
Айналамыздағы әлем - біздің үйіміз
Адам мен табиғат арасындағы мықты байланыс туралы ұғымды дамыту, адам табиғатта тіршілік ететіні туралы түсінікті қалыптастыру. Табиғатты өзінің үйі ретіндк ұғынуды тәрбиелеу: оның қамын ойлау, қорғау, көмек көрсете білу.
Суды тиімді пайдалану
Суды тиімді пайдалану
Хромтау қаласы, №5 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Укубаева Ырсалды Зийнолевна
Үндістан. Мемлекеттік құрылымы мен құрамы. Табиғат  жағдайлары мен ресурстары
Үндістан. Мемлекеттік құрылымы мен құрамы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю. А. Гагарин атындағы мектептің География пәні мұғалімі Измамбетова Айбарша Итеменовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×