Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мағжан Жұмабаев «Түркістан» өлеңі

07 ақпан 2014, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Түркістан» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: М. Жұмабаевтың өмір жолы мен жазушылық қызметінен мағлұмат беру. өлеңдерін түсініп және мәнерлеп оқуға көңіл бөлу, өлеңге сатылай кешенді талдау жолын меңгерту, әдебиет теориясынан ұғымды кеңейту;
ә) дамытушылық. Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын дамыту, «Түркістан» өлеңі туралы алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы жүйелеу, өз пікірін еркін жеткізуге дағдыландыру;
б) тәрбиелік: Оқушыларды елжандылыққа, адамгершілікке, тілімізді құрметтеуге, әдебиетті сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, мәнерлеп оқу, жаңа технология элементтері арқылы түрлендіріп өткізу.
Сабақтың көрнекілігі: М. Жұмабаев шығармалар жинағы, өлеңдер жинағы, слайдтар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу;
Сынып тазалығы;
Оқушы назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ. Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі
- Ал, енді оқушылар, бүгінгі сабағымызға назар аударалық.
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,
Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?-
- Бұл өлең жолдарының авторы кім, қане, есімізге түсірелік.
- Мағжан Жұмабаев.
- Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі. Дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің жады мен тақырыпты жазайық.
- Есімізге түсірелік, Мағжан кім?
- Өте жақсы, Мағжанның қандай өлеңдерін білеміз?
-«Түркістан», «Сорлы қазақ», «Қазағым», «Күз», «Толқын», «От», т. б.
«Әлемдегі ел өмірі ақ қағаздай байқасаң, -
Депті бір қарт ақиқаттың құдіретіне бас иген, -
Сол қағазда нақыл сөз бен аты қалған жақсының,
Тауып айтқан сөздеріне адам түгіл тас иген», - деп
Шығыс жұлдызы Әбдірахман Жәми жырлағандай, М. Жұмабаев өлеңдерінің құдіретіне табынбасқа болмайды. Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың қай өлеңін алсақ та, адамның сезімін селт еткізіп, ойлағаныңды дөп басып айтады.

1. Ой қозғау.
«Түркістан» деген өлеңі – елім, жерім, ерім деп соққан ақын жүрегінің қайнарынан төгілген отаншылдық жырдың шынайы да шебер үлгісі.
Тұран – көне мәдениет бесігі, сәулет өнерінің кең сарай көрінісі. Нелер ұлы ақындар ордасы. Қазақ халқының өткендегі тарихы, тағдыры, мәдениеті Тұранмен ұштасып жатыр.
М. Жұмабаев - өз тілін, ел дінін, мәдениетін, тарихын, жер – суын жетік білетін ақын.
Интерактивті тақтадан көне Түркістан суреттерін көрсету.
Өлеңді оқу, талдау.
М. Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңін таратып беремін.
1. Өлеңді мәнерлеп оқып шығу.
2. Бірнеше оқушыға қайталап оқыту.
3. Өлеңнің мазмұны туралы түсінігін қысқаша сұрау.
Мағжан – халқының болашағына сенген, келешектен зор үміт күткен. Кейінгі ұрпақ шуақты күн шапағатына бөленетініне сенім білдірген. Мағжан – ұлтжанды ақын. Ол бүкіл ақындық талантын ұлтына, Алашына бағыштаған. Ол әрдайым халқының адал перзенті болған. Алаш жұртын бөлмей, оған өз жүрек жылуын, жан лүпілін білдіре жырлайды. Өлең жолдарындағы әсем сөз маржандары оқушыны сұлулық әлеміне ендіріп, сүйіспеншілік сезімге бөлейді. Ақынның бізге үлгі - өнеге еткен Түркістанның 1500 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланды. Той 2000 жылы 19 қазанда өтті. Осының өзінен - ақ Түркістан жерінің тарихи тамыры тереңде жатқанын байқауымызға болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
22 633
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі
Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Қарасу ЖОМ Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Абишева Айсулу Даирбековна
Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күзекбаев Жеңісбек Дүзелбайұлы
Мағжан Жұмабаев. Түркістан өлеңі
Мағжан Жұмабаев. Түркістан өлеңі
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ажмеденова Гаухар Тасқалиқызы
Мағжан Жұмабаев «Сүйемін»
Мағжан Жұмабаев «Сүйемін»
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Атырау облысы, Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мурзагулова Гүлжан Жәрдемқызы
Мағжан Жұмабаев "Қазақ тілі" өлеңі
Мағжан Жұмабаев "Қазақ тілі" өлеңі
Қ. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сабырова Жамиля Сатыбалдықызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×