Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің қалам

08 ақпан 2014, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: Менің қалам (9 сынып)
Сабақтың мақсаттары:
1 білімділік: «Менің қалам» тақырыбы бойынша білімдері мен түсініктерін кеңейту, салалас құрмалас сөйлемді практикалық жолмен меңгерту.
2 дамытушылық: деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық ойларын және ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
3 тәрбиелік: туған жеріне сүйіспеншілігін, туған қаламызға патриоттық, мақтаныш сезімін туғызу, бір - біріне көмек беруге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, әңгімелесу, баяндау, жобалау әдісі, деңгейлеп оқыту, тест.
Сабақтың көрнекілігі: қаланың көріністері, презентация, үлестірме
қағаздар, кестелер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Сабақтың тақырыбын және мақсатын қою. (презентация).
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Сынып 3 топқа бөлінген. 1) Әр топ таңдаған бағыт бойынша жасаған жобасын ұсынады.
1 топ – қаланың өнеркәсіп, оқу орындары жөнінде деректер береді, яғни қайда орналасқанын, қандай пайда әкелгенін, қандай үлес қосқанын айтып береді.
2 топ - қаладағы ескерткіштер, мұражайлар жайлы мәліметтер береді, яғни кімге арнап қойғанын, қайда орналасқанын, тәрбиелік мәнін ашып береді.
3 топ – қаланың мәдени орталықтары, демалыс орындары туралы айтып береді.
2) Басқа екі топ тыңдап кестені толтырады. Осы жұмыстың нәтижесінде төмендегідей кесте болып шығуы керек.

ІІІ. Грамматикалық бөлім.
Сұрақ - жауап.
- Құрмалас сөйлемнің анықтамасын айтыңдар. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
- Құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?
- Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
- Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін ата.
- Ыңғайлас құрмалас сөйлем деген не? Оның жалғаулықтары қандай?
- Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем деген не? Оның жалғаулықтары қандай?

ІV. Деңгейлік тапсырмалар.
3 деңгей (жеңілдетілген тапсырмалар)
Сөйлемдерге тыныс белгілерін, жалғаулықтарын қойып жаз.
1. Бүгін Өскеменде аспанды бұлт басты.... жаңбыр жауды.
2. Біздің қаламызда биыл күз тез өтті қыс келді.
3. Менің «Металлургтар» саябағына барғым келді.... уақыт болмады.
4. Мен «Эмиль» фирмасына бардым.... жұмысқа орналастым.

2 деңгей (орташа күрделілік дәрежесіндегі)
Сөйлемдерді жалғастыр.
1. Мәдина биыл Өскеменге барды және...
2. Менің өлкетану мұражайына барғым келді, бірақ....
3. Қаламыздың көрікті жерлері көп, әрі....
4. Өскемен әдемі, әсем қала, бірақ...
1 деңгей
Сызбалар негізінде «Менің қалам» тақырыбына сөйлем құрастыр.
1. [_____======], бірақ [_____======].
2. [_____======],[_____======].
3. [_____======] және [_____======].
4. [_____======], дегенмен[_____======].
Топ басшылары бағаларды қояды.

V. Диалог құрастыру.
Әр топқа Өскемен туралы мәтін беріледі. Осы мәтін бойынша диалог құру тапсырма беріледі.
Өскемен
Менің туған қалам - Өскемен. Өскемен - Шығыс Қазақстан облысының орталығы. Өскемен үлкен, әдемі, өскелең қала, ол Ертіс пен Үлбінің түйіскен жерінде орналасқан. Өскемен қаласы көне емес, ол 1720 жылы бекініс ретінде салынған. Оның атауы «тасты таулардың құйылысы» деген мағынадан пайда болды. Бүгінгі күні Өскемен Қазақстанның ірі өнеркәсіп орталығы. Қалада зауыт пен фабрикалар көп: «Қазмырыш» акционерлік қоғамы, Титан - Магний комбинаты т. б.
Қаламызда көптеген мектеп, лицей, гимназия, университеттер, білім беру жүйесінің орындары бар. Өскемен жыл сайын көркейіп өсіп келеді. Жаңа даңғылдар, ғимараттар салынуда. Жаңа жоба бойынша Өскеменде экологиялық саябақ, хайуанаттар бағы, спорт кешені салынып жатыр. Менің туған қаламның, Өскеменімнің болашағы зор.

Диалог.
1. - Сенің туған қалаң қалай аталады?
-........
- Өскемен қандай қала?
-.........
- Оның атауы қайдан пайда болған?
-.........
- Өскемен қай жылы салынған?
-.........
2. -........?
- Мен Өскемен қаласында тұрамын.
-..........?
- Қаламызда көптеген өнеркәсіп орталықтары жұмыс істейді.
-........?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
19 986
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Салалас құрмалас сөйлемді қайталау
Салалас құрмалас сөйлемді қайталау
Шығармашылық жұмыстар арқылы салалас құрмалас сөйлем туралы білімдерін тиянақтау. Ауызекі сөйлеу, ақыл - ой, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салаластың жасалу жолы туралы жаңа білім беру, кезектес салаластың құрамына енген жай сөйлемдердегі іс - әрекеттің кезектесіп келетіндігін, тек жалғаулық шылаулар арқылы байланысатындығын меңгерту; ә) дамытушылық: оқушылардың білім - білік,
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіне тән белгілері Салалас құрмалас сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемді ажырата білу. Сабақтас құрмалас сөйлемнің компоненттерінің орналасу тәртібін білу.
Талғаулы салалас
Талғаулы салалас
Оқушылардың салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері туралы білімдерін нығайту, талғаулы салалас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын ұғындыру, өзге салалас сөйлемдерден ажырата білуге дағдыландыру. Білім - білік дағдыны қалыптастыру.
Меймандос қала
Меймандос қала
Жаңа тақырыппен таныстыру, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін сөздердің мағынасын сөйлесуге орынды қолдана білуге, көмекші сөздерді сөйлемде дұрыс пайдалануға үйрету.
Сөмкені жинап үйрен
Сөмкені жинап үйрен
Тогузова Динара Даулетканкызы «КММ №26 орта мектеп»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×