Тақырыбы: Көмектес септік. (4 сынып)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға көмектес септік атау тұлғадағы сөзге – мен, - бен, - пен жалғаулары жалғану арқылы жасалатынын түсіндіру; көмектес септігіне қойылатын сұрақтармен таныстыру.
Сабақ типі: аралас.
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, өзіндік, топпен жұмыс
Сабақ көрнекілігі: слайд, кесте
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімізді бір-бірімізге берейік.
Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой..
ІІ. Үй тапсырмасы. 73 - жаттығу, кесте, ережені жатқа айту
ІІІ. Жаңа сабақ туралы түсінік.
1. Доп арқылы оқушыны ортаға шақыру
Бекзат Қуандықпен доп ойнады. Малика Алишермен доп ойнады.
- Қай септікте бұл балалардың аты?
2. Оқулықпен жұмыс
80 - жаттығудағы қарамен жазылған сөздерді талдау арқылы көмектес септік туралы түсінік беруге болады.
а) көмектес септіктегі сөздерді табу
ә) ережені жатқа оқу
б) мысалдар келтіру
3. Дәптерге жазу: күн реті, каллиграфиялық уақыт
Кккк қққққ
Кітап, көмек, керек, қырық, қыс
Көмектес септік? Кіммен? Немен?
мұғалім+мен, кітап+пен,
Кімдермен? Нелермен?
мұғалім+дер+мен, кітап+тар+пен,
4. Жаңа тақырыпты пысықтау
І топ - 81 - жаттығу. Сөздерді талдау арқылы көмектес септік туралы түсінік беруге болады. Сөйлем мүшесіне талда
- Мақалдың мағынасы неде?
- Қандай сұраққа жауап береді?
- Зат есімнің қай септіктегі сөздер?
ІІ топ - 82 - жаттығу. Адасқан сөздерді өз орындарына қойып, сөйлем құрау
- Қандай сұраққа жауап береді?
- Зат есімнің қай септіктегі сөздер?
ІҮ. Сергіту сәті
І топ - 83 – жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшесіне талдау.
Сөйлем мүшесі Оқушылар сабақты зор ықыласпен тыңдады.
Баяндауыш тыңдады.
Бастауыш Оқушылар
Тұрлаусыз мүше К. с сабақты зор ықыласпен
ІІ топ - 84 - жаттығу. Мәтінді оқып, көмектес септікте тұрған сөздерді табу және оның көмектес септікте екенін дәлелдеу
Сөйлем мүшесіне талда
- Қандай сұраққа жауап береді?
- Зат есімнің қай септіктегі сөздер?
Бұл – көмектес септіктегі сөз, өйткені
ол кіммен? (немен?) сұрағына жауап беріп тұр
ол сөйлемде тұрлаусыз мүше болып тұр
Ү. Өздік жұмыс: Септе. Септік кестені пайдаланып мысал келтіру
І топ - Кім? Сұрағына мысал келтір
ІІ топ - Не? Сұрағына мысал келтір
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы,
Құрылыс ауылы, Ақжар негізгі мектебі
Мұғалім:
Балтабаева Галия КабдугалиевнаКөмектес септік. (4 сынып) жүктеу