Қазақ тілі пәнінен күнделікті сабақ жоспарлары
Қазақ тілі 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ана тілінің қызметіСабақтың мақсаты:
а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, өз ойын жеткізе білуге сауатты жазуға, мұқият тыңдап, ұқыпты жазуға дағдыландыру;
ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту, адамгершілікке баулу, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру;
б) Ой еркіндігіне, ізденімпаздыққа баулу, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, іздендіру т. б
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, семантикалық карта т. б
Халықтық педагогика мақал - мәтелдер.
элементтерін қолдану:
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) үй тапсырмасын пысықтау:
Өткен сабақтарға шолу жасаймын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Ана тілі сол тілде сөйлейтін халықпен бірге өмір сүреді және сол халықтың өкілдері үшін қарым - қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Тілінен айрылған халық өзіне тән барлық қасиетін жоғалтып, халық болудан қалады. Тіл ана тілі аталуы үшін, ол күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуға тиіс.
Тілдің ең негізгі, яғни бірінші қызметі – адамдардың бір - бірімен сөйлесу, бір нәрсе жайлы пікір алмасуы үшін қызмет етуі. Екінші қызметі – адамдардың қоршаған орта жөніндегі өз ойларын тіл арқылы жеткізуі. Үшінші қызметі – адам өзінің бір нәрсе туралы көзқарасын, күйініші мен сүйінішін, жақсы көру, жек көру сезімдерін тіл арқылы білдіруі.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен 5651 тіл бар. Сөйлеушілерінің саны жағынан алғанда қазақ тілі осы тілдердің ішінде 70 - орынға ие болып отыр.
Кітаппен жұмыс: 3 - жаттығу. Рөлге бөліп оқыңдар. Мәтіндегі ойдың негізгі түйіні қай жолдарда берілген?. Бала әке өсиетін бірден түсінбеуі қай сөздің ауыспалы мағынада қолданылғанынан деп есептейсіңдер?
Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: 4 - жаттығу. Өлеңді түсініп оқыңдар. Өлеңнің соңғы жолын қалай түсінгендеріңді баяндаңдар. Өлеңнің мазмұны бойынша тілдің қызметі туралы айтыңдар.
Қазақ тілі 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Әдеби тіл туралы түсінікСабақтың мақсаты:
а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін артыру. Сөйлеу тілін жетілдіріп, шешендік өнерге баул;
ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту, адамгершілікке баулу, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру;
б) Ой еркіндігіне, ізденімпаздыққа баулу, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, тіл дамыту т. б.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер т. б.
Халықтық педагогика сақтықта қорлық жоқ.
элементтерін қолдану:
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Тілдің ең негізгі қызметі не?
2. Дүние жүзінде шамамен қанша тіл бар? т. б.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Қазақ тілінде «әдеби» сөзі «әдебиет» деген сөздің негізінде жасалып, қалыптасқан.
Әдеби тіл – сөйлеу тілінен жоғары тұрған көркем тіл. Ол сол халықтың бәріне ортақ әрі бәріне бірдей түсінікті болып келеді.
Кітаппен жұмыс: 6 - жаттығу Мәнерлеп оқыңдар.
Жаттығумен жұмыс: 9 - жаттығу «Сөз» қай жерде қандай мағынада қолданылып тұрғанын айтыңдар.
Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: 5 - жаттығу. Мәтінді тыныс белгілерін қойып көшіріп жазыңдар. Қарамен жазылған сөйлемнің мәнін түсіндіріңдер.
Ана тілінің қызметі, Әдеби тіл туралы түсінік. жүктеуӘдеби тілдің түрлері. жүктеуМәтіннен өткенді қайталау. жүктеуЛексика. Сөз бен мағына. жүктеуСөздің тура және ауыспалы мағынасы. жүктеуКөп мағыналы сөздер. жүктеуОмоним сөздердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы. жүктеуСинонимдер. жүктеуАнтонимдер. жүктеуТабу. жүктеуТыйым сөздер. жүктеуДисфемизм. жүктеуЭвфемизм мен дисфемизмнің әдеби тіл ерекшелігі. жүктеуТұрақты тіркестер. жүктеуФразеологиялық тіркестер. жүктеуМәтінмен жұмыс. жүктеуМақал - мәтелдер. жүктеуМақал-мәтелдер. Мәтінмен жұмыс. жүктеуСөздік қор. жүктеуҚазақ тілінің сөздік құрамының жазба түрдегі Бастауы көне түркі жазбалары. жүктеуТілдің сөздік құрамы. жүктеуКөнерген сөздер. жүктеуСөздердің жасау өрісіне байланысты түрлері. жүктеуЖаңа сөздер. жүктеуКірме сөздер. жүктеуДиалект сөздер. жүктеуКәсіби және термин сөздер. жүктеуТіл ұстарту. Лексикадан өткенді қайталау. жүктеуТіл дыбыстары. жүктеуҚазақ әліпбиі. жүктеуҚазақ әліпбиіндегі әріптердің жазылуы. жүктеуЖуан және жіңішке дауыстылар. жүктеуАшық және қысаң дауыстар. жүктеуЕріндік және езулік дауыстылар. жүктеуДауыссыз дыбыстар. жүктеуДауыссыз дыбыстардың түрлері. жүктеуБуын. жүктеуТасымал. жүктеуҮндестік заңы. жүктеуБуын үндестігі. жүктеуБуын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар. жүктеуДыбыс үндестігі. жүктеуОрфография. жүктеуОрфоэпия. жүктеуЕкпін. Сөз екпіні. жүктеуОй екпіні. жүктеуТіркес екпіні. жүктеуДыбыс екпіні. жүктеуСөзжасам. жүктеуЛексикалық жолмен жасалған туынды сөздер. жүктеуБірігу жолымен жасалған туынды сөздер. жүктеуҚосарлану жолымен жасалған туынды сөздер. жүктеуТіркесу жолымен жасалған туынды сөздер. жүктеуТіл мәдениеті. Тіл ұстарту. жүктеу