Пәні: қазақ тілі
ІІ Модуль. Менің достарым. Олардың мінезі, жақсы қасиеттері
Қатыстық сын есім. Қимыл - сын үстеу. Қазақ тіліндегі сөздердің тасымалдануы.
Сөз екпіні
Тақырыбы: Бата беру
Мақсаты:
1) білімділік: оқушыларды тақырып бойынша ауызекі сөйлеуге үйрету.
2) дамытушылық: ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, сөздік қорларын байыту.
3) тәрбиелік: ақылдылыққа, әдемілікке, әдептілікке, достықты қадірлеуге тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Сынып тазалығына көңіл бөлу
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын тексеру. Жаттаған мақал - мәтелдерін айту
Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.
3 - тапсырма. Мәтінді оқып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңдер.
Сөздік: ұяла сөйлеу – говорить стесняясь, дәм татқызу – угощать, аттану - отправляться в путь, әдептілік – воспитанность, мәдениет – культура, демалыс үйі - дом отдыха жолдама - направление уайымдау - волноваться бата алу - принять благословение сөзін тастамау — прислушиваться
Бата беру
Менің досым Әсем - үздік оқушы. Мінез - құлқы да жақсы. Өлең - жырды көп оқиды. Сондықтан оған демалыс үйіне жол¬дама берілді.
Анасы Әсемнің киім - кешегін дайындап, әрі қуанып, әрі «бұрын алыс жолға шықпап еді» деп уайымдап жүр. Ертең жүреді деген күні: - Алыс жолға жүрейін деп отырсың, ауылдағы үлкендерге кіріп, батасын алып кел, - деп ақыл айтты.
Анасының сөзін жерге тастамайтын Әсем мені ертіп, Ажар апаларға, Бақытгерей, Сырым аталарға барып, сәлем берді.
- Ертең демалыс үйіне барғалы жатыр едім, сіздермен қоштасуға келдім, - деді Әсем сәл ұяла сөйлеп.
- Сапарың оң болсын!
- Аман жүр, қарағым!
- Өркенің өссін! - деп үлкендер риза болып, батасын беріп, үйлерінен дәм татқызды.
Ұзақ жолға аттанарда немесе алыс сапардан, қаладағы оқудан келген бала, жасы кіші адам ауылдағы үлкендерге сәлем беріп, батасын алады.
Бұл - әдептіліктің, үлкенді сыйлай білудің, мәдениеттіліктің белгісі.
(Ф. Оңғарсыновадан)
Жоспар:
1. Әсем - үздік оқушы.
2. Анасының ақылы.
3. Үлкендердің батасы.
4. Сәлем беріп, бата алу - мәдениеттіліктің белгісі
Сабақты бекіту. Сұрақ - жауап әдісі арқылы
Үйге тапсырма. 4 - тапсырма. «Бата беру» мәтініндегі Әсемге мінездеме беріңдер. Мінездемедегі әр сөзге екпін қойып жазып келу.
Бағалау.
Бата беру. жүктеу