Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қалалар мен ауылдар тарихы

23 қараша 2014, Жексенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Тарау: «Туған қалам, ауылым»
Дүниетану 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: қалалар мен ауылдар тарихы
Мақсаты: қалалар мен ауылдар тарихымен таныстыру
Міндеттері: қалалар мен ауылдар тарихы туралы ақпараттар беру. Ұқсастық, айырмашылықтарын айыра білуге үйрену. Өз ойларын дәлелдеп, сөйлеп үйрену
Күтілетін нәтиже:, қалалар мен ауылдар тарихын біледі
балалар жұптасып жұмыс жасауға қалыптасады, берілген тапсырманы өзара топта талдап, қорғауға, өз ойларын дәлелдеуге үйренеді.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Әдіс −тәсілдер: Сергіту сәті, топқа бөлу, «ойын мақтау»,

«не ортақ?». «Мен сіздерді... таныстырғым келеді» ойыны
венн диаграммасы, таныстырылым жасау, жұптық талдау, сұрақ-жауап, инсерт, 9 ромб
Қажетті ресурстар, дереккөздер: Оқулық
Журналдар, Интернеттен алынған суреттер

Сабақтың кезеңдері: Мұғалімнің іс -әрекеті
Ұйымдастыру Сергіту сәті, психологиялық жағымды ахуал туғызу, топқа бөлу «ойын мақтау»,«не ортақ?». «Мен сіздерді... таныстырғым келеді» ойыны. Мақтау сөздерге байланысты бөлінеді
Оқушының іс−әрекеті: Жұппен жұмыс жасай отырып, өздерінің ортақ қасиеттерін анықтайды

Өткен сабақты бекіту 9 ромб әдісі
Үйге берілген эссені жазғандары болса оқыту, балаларға тыңдату.
өткен сабақты "9 ромб" әдісі бойынша бекіту (тақтаға тоғыз ромб ілінеді. әр ромбтың сыртына үй тапсырмасына байланысты сұрақтар жазылады. оқушылар осы сұрақтарға жауап береді)
9 ромб әдісі
Халықтық мерекелер туралы айтып бер
Өзің білетін мамандық иелерін ата
Мұғалімдер күні қашан мерекеленеді?
Ата-анаңның кәсіптері туралы айтып бер. Оларды қалай құттықтайсың?
Шопандар тойы туралы не білесің?
Қырман тойы туралы айтып бер
Ауылда қандай мерекелер тойланады?
Саған қай мереке ұнайды? Неге?
Өзің өскенде кім болғың келеді? Неге?

Жаңа сабақ
ДЖИГСО әдісі
«Ауыл мен қала тарихы» тақырыбында таныстырылымды көрсету. Таныстырылым бойынша әр суретке түсіндірме жасату.

Топтарға ресурстар таратып беру. ресурстарда оқулықтағы жаңа сабаққа байланысты мәтін бөліктерге бөлініп, қағазда беріледі.
№1
Қазақстан жерінде қалалар мен ауылдар көп. Олардың әрқайсысының өз тарихы бар. Бізде өте ертеден сақталып келе жатқан көне қалалар бар. Археологтар ежелгі қала орнын қазып, бұрынғы адамдар қалай өмір сүргені туралы айтып береді.
Қандай ежелгі қалалар туралы білеміз?
Археологтар кімдер? Олар немен айналысады?

№2
Қазақ жерінде алғашқы адамдар өте ертеде пайда болған. Алғашқы адамдар ру, тайпаға бөлініп өмір сүрген. Ал көшпелі жауынгер тайпалар ержүрек, батыл болды.. олар соғыста қаза боған даңқты жауынгерді аса құрметпен жерледі. Қабірдің үстіне биік оба түрінде топырақ үйген.
Оба деген не?
Балбал тастар туралы естігенің бар ма?

№3
Сондай обалардың бірі Алматыдан 70 километр жерде Есік қаласының маңайынан табылды. Биік үйіндінің астында бөренеден жасалған 2 қабір ашылған. Орталық қабір ежелгі кезде тоналыпты. Орталықтан 15 м оңтүстікке таман бүйірде орналасқан қабір сақталған. Онда сақ тайпасынан шыққан жас жауынгер жерленген. Оның биік шошақ төбелі бас киімі, сауыты алтын әшекейлермен безендірілген. Алтын белбеуі «аң стилінде» жасалған аңға ұқсас бейнелермен безендірілген. Бір жағында қызыл қынапты ұзын семсер, екінші жағында алтын пластинка жапсырылған қындағы сақ қанжары бар.
Сол жерден табылған күміс тостағанның түбінде 26 белгіден тұратын жазу жазылған. Ол жазу әзірге оқылған жоқ. Ғалымдар оның қай тілде жазылғанын білмей отыр.

Мұнда қандай жауынгер туралы айтылған?
Ол туралы не білеміз?

Тапсырманы түсіндіру
Ресурстарды топтарда талдап, кезектесіп түсіндіреді
Сөздікпен жұмыс
INSERT әдісі Түртіп алу әдісін түсіндіру. Сабақ барысында балалардың сөздікпен жұмыс жасағандарын бақылау Сабақ барысында жаңа сөздер мен түсініксіз сөздерді теріп жазып алады.
Қорыту: венн диаграммасы
қазіргі қала мен ауылды салыстырту.
Кері байланыс
Екі жұлдыз, бір тілек Өздеріне ұнаған сәттер мен ұсыныс тілектерін жазады, даналық ағашына іледі
Бағалау Формативті бағалау.
Даналық ағашы Өздерін өздері бағалайды
Үйге тапсырма Өтілген сабаққа қатысты сурет салып келу
5 282
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
9 ғасырдың екінші жартысы – 13 ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті. Қалалық мәдениеттің дамуы
9 ғасырдың екінші жартысы – 13 ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті. Қалалық мәдениеттің дамуы
4 ТАРАУ. 9 ғасырдың екінші жартысы – 13 ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті. Қалалық мәдениеттің дамуы Конспект Ерте орта ғасырға (6 - 9 ғ.) қарағанда дамыған орта ғасырда (10 - 12 ғ.) отырықшылық мәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген.
Қорытынды қайталау
Қорытынды қайталау
Жыл бойғы өтілген тақырыптарды еске түсіріп, қайталайды және топтасып жұмыс істеуге дағдыланады.
Астана – Қазақстанның бас қаласы
Астана – Қазақстанның бас қаласы
Өз беттерінше білім алу, ізденіс әрекеттерін дамытуға жағдай жасау, тарихи оқиғалардың маңыздылығын түсіне білу, оған баға беріп, пікір алу дағдыларын қалыптастыру.
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру. Отаншылдық, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.
Астана – Қазақстанның бас қаласы
Астана – Қазақстанның бас қаласы
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Сарысай аулы, Сарысай негізгі мектебінің тарих пәні мұғалімі Бірмағанбетова Индира Есенқұлқызы
Қазақстан аумағындағы қалалар
Қазақстан аумағындағы қалалар
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, №105 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Айтбаева Айгерім Жақсылыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×