Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мың бір мақал

30 қараша 2014, Жексенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сыныбы: 5

Тәрбие сағатының тақырыбы Мың бір мақал (слайдымен)
Сілтеме жоспар
Жалпы мақсаты: Мақал – мәтел айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге, сөздік қорын молайтуға, ойларын мазмұнды жеткізе білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже: Мақал – мәтел айту арқылы оқушылар тапқыр ой айтып, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге, сөздік қорын молайтуға қалыптасады.
Негізгі идеялар: Мақал - мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал - мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық.
Тапсырмалар:
Ұжымдық жұмыс (Дөңгелек үстел)
Ұжымдық жұмыс (Екі жақты түсіндірме күнделігі)
Топтық жұмыс (Жасырын тақырып)
Топтық жұмыс (Суреттер сөйлейді)
Ұжымдық жұмыс (Қандай сөз?)

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І. Ұйымдастыру
1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу. Көңіл - күйлерін смайликтер арқылы көрсету. (1 минут)
2. Топқа бөлу (Мақал - мәтел арқылы қиындыларды құрастырады
/Тойдың болғанынан боладысы қызық, Ақсақ қой түстен кейін маңырайды, Інісі бардың тынысы бар, Ағасы бардың жағасы бар/ мақалдары бойынша 3 топқа бөлінеді, 2 минут)
- Жарайсыздар, рахмет! Бәріміз әрқашан бірге жүрейік және сыныбымыз үшін, тобымыз үшін жанымыз бір болсын!

ІІ. Топтық жұмыс: «Дөңгелек үстел» (3 минут)
- Кім қандай мақал - мәтелдер біледі?
Ортада жатқан ақ параққа топ мүшелері түгел сағат тілі бойынша үйден жаттап келген мақал - мәтелдерінің 3 - 4 - еуін жазады, бір айналым ғана жасалынады. Соңғы оқушы тобының жазғанын оқып шығады. (Оқушылар сұрақтары мадақтау, қошеметтеу арқылы формативті бағаланады)
- Ал, балалар, әр топтан бұрын естімеген бір мақал - мәтелді таңдап, оның мағынасын ашайық. Тақтаға «екі жақты түсіндірме күнделігі» әдісіне салып, мақал - мәтелдердің мағынасын ашып жазу. (2 минут)
Екі жақты түсіндірме күнделігі (мысалы)
Топ Мақал - мәтел Мағынасы
І Қараңғыда тапқаныңды ханға берме,
Жарықта тапқаныңды жанға берме. Еңбекпен тапқаныңды орынсыз шашпа.
ІІ Өзін - өзі сыйлаған ер бақытты,
Өзін - өзі билеген ел бақытты. Адам әуелі өз қадірін білсе ғана ел мен жер қадірін біле алады.
ІІІ Шын ер жеңсе, тасымас,
Жеңілсе жасымас. Қандай жағдай болса да, өз - өзіңді сабырлы ұстап үйрен.

ІІІ. Мағынаны тану. (3 минут)
Мақал - мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал - мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Осы тұста мен осы мақал мен мәтел айырмашылығын түсіндіріп өткім келіп отыр. Мысалы: Мақалда қорытынды, тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр. Ал, мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады. Мысалы: «Көппен көрген ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.

ІV. Топтық жұмыс «Жасырын тақырып» (20 минут)
Әр топқа жасырын тақырып беріледі, сол тақырыпқа байланысты плакатқа сурет салады. Салған суреттерін қарама - қарсы топқа беріп, ол топ қандай тақырыпқа салынғанын тауып, сол плакатқа мақал - мәтелдер жазып толықтырады және қорғайды.
Жасырын тақырыпты жұпта, топта талқылап, постерге түсіру. (8 минут)
Сағат тілі бойынша алдыңғы топтың плакатын алып, талқылап, тақырыбын тауып, мақал - мәтелмен жалғастырып аяқтау. (3 минут)
Постер қорғалады. Әр топқа 1, 5 минуттан (6 минут)
Сағат тіліне қарсы топтар бір - бірін «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы формативті бағалайды. (3 минут)
І топ – Отан
ІІ топ – Достық
ІІІ топ – Білім
V. Топтық жұмыс «Суреттер сөйлейді» (3 минут)
Әр топқа слайд арқылы суреттер көрсетіледі, сол суреттің сәйкес мақал - мәтелін табады.
(Оқушылар жауаптары мадақтау, қошеметтеу арқылы формативті бағаланады)
І топ.
Батыр туса – ел ырысы,
Жаңбыр жауса – жер ырысы.
ІІ топ.
100 теңгең болғанша,
100 досың болсын

ІІІ топ.
Мектеп - кеме,
Білім - теңіз.

VІ. Ұжымдық жұмыс «Қандай сөз?» (6 минут)
Әр топтан бір оқушыдан шығып, әріп киімді үстеріне киеді. Киген әріптерінен сұраққа байланысты сөздер құрастырады.
1 2 3 4
О З Ы Қ
А С Т А
1. Пәк, кіршіксіз... (таза)
2. Жеке, дара, қатарынан... (озық)
3. Қойдың төлі (қозы)
4. Ең үздік оқушы (озат)
5.... ойнаған азар, доп ойнаған тозар (асық)
6. Еттің бәрі... емес, иттің бәрі тазы емес (қазы)

Ал, балалар бүгінгі сабақта бәріміз де белсенділік танытып, сабағымыз сәтті шығуына бірігіп атсалыстық. Ендеше, достығымыз берік болсын деген тілекпен бәріміз бірге «Дос болайық, бәріміз» әнін ұжым болып орындайық. (2 минут)

Кері байланыс. Параққа бүгінгі күннен алған әсерлерін жазады. (3 минут)
Кейінгі тапсырмалар Ата - әжелерімізден ескі мақал - мәтелдер тыңдап, жазып жаттау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 000
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1001 мақал, 101 жұмбақ
1001 мақал, 101 жұмбақ
Қазақ халқы сөз қадірін біліп, қасиетті сөздерді аузынан тастамай, қастерлеп келе жатқан халық екенін түсіндіре отырып, оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын дамыту және ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мақал - мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету. Адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Ата - бабаларымыздың өсиетін қадір тұтуға, мақал - мәтел, жұмбақ арқылы өз елінің ауыз әдебиетін сыйлауға
Мақал – сөздің азығы, Жұмбақ – ойдың қазығы
Мақал – сөздің азығы, Жұмбақ – ойдың қазығы
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, Алға мектеп - бақшасы Нугманова Гаухар Тлеубаевна
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (интеллектуалды сайыс)
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің химия - биология пәні мұғалімі Айтөреева Ақмарал Бақытқызы
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (қабілеті төмен оқушылармен өткізілген сайыс сабақтың жоспары)
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (қабілеті төмен оқушылармен өткізілген сайыс сабақтың жоспары)
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, №1 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тусупбекова Жанар Куанышевна
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Бастауыш сынып мұғалімі: Кайдакова Жанат Бекболатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×