Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мағжан Жұмабаев өмірі мен шығармашылығы

01 ақпан 2015, Жексенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қысқа мерзімді жоспар 11 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Жыр пырағы – Мағжан туралы деректер беру, шығармалары туралы түсініктер беру арқылы жаңа тақырып бойынша білімділіктерін қалыптастыру.
дамытушылық: Шәкірттерді өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу, ой - өрісін, рухани жан дүниесін байытып, сөйлеу машықтарын жетілдіру.
тәрбиелік: елжандылыққа, адамгершілікке, әдебиетті сүюге, өзара көмектесуге, бірін - бірін тыңдауға, қолдауға тәрбиелеу.
Оқытудың нәтижелері:
1. М. Жұмабаев туралы мәлімет алады.
2. Туған елі, Отанына деген сүйіспеншіліктері оянады.
3. Өз беттерімен білім алуға талаптанады, интерактивті тақтамен жұмыс жасап, интербелсенді тапсырмаларды өзі орындауға мүмкіндік алады.
4. Шығармашылық жұмыспен айналысуға төселеді.

Сілтеме: 11 – сыныптың қазақ әдебиеті оқулығы. Авторы: Р.Бердібай, Р.Нұрғали, Б.Ыбырайм Алматы қ. «Мектеп» 2011 ж.
Қамтылатын модульдер:
1 - модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, топтық жұмыс), 2 - модуль СТО (блум таксономиясы, талдау, ЭССЕ, іздену жұмысы, РАФТ стратегиясы, Sinkuein) 3 - модуль бағалау (топ басшысы оқушыларды бағалауы ), 4 – модуль (АКТ пайдалану (интербелсенді тақтаны қолдану) 6 модуль оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу(үлестірмелі парақшалармен жұмыс, оқулықпен жұмыс) 7 модуль көшбасшылық (топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру) 5 модуль талантты және дарынды балаларды оқыту(іздену жұмысы, жоба қорғау)
Ресурстар: интернеттен алынған деректі фильм, суреттер топтамасы
Қадамдар:
1. Сыныптың ынтымақтастық атмосферасын құру, оқушыларды топқа бөлу;
2. Өткен тақырыпқа шолу, үйге берілген тапсырманы тексеру;
3. Өзін сабаққа бейімдеу, ассоциациялық қатар құру;
4. Шығармашылық үрдіске кіру, тақырыпты қызықтыру. “Мағжан туралы деректі фильм” тамашалау;
5. Жаңа тақырыпқа байланысты оқушының дайындап келген жобасын тыңдау;
6. Сергіту сәті: Мағжанның «Сен сұлу» әнін тыңдау. Балалар өздері білетін өлеңдерін жатқа айтады;
7. Топтағы балалар Мағжанның өмірі мен шығармашылығынан алған білімдерін постер қағазы арқылы қорғайды;
8. Оқулықпен жұмыс. Ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу, талдау(интербелсенді тақтада орындау)
9. РАФТ стратегиясы арқылы әр топ өз ойын жазады;
10. Sinkuein стратегиясы арқылы Мағжанға арнап бес жолды өлең шығарады.

Мұғалімнің іс - әрекеті:
1. Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, оқу жағдайын туғызу;
2. Топқа бөлу, ережесімен таныстыру, басшы тағайындау;
3. Жаңа сабақты деректі фильммен ұштастыру;
4. Орындалатын тапсырмалардың барысын түсіндіру;
5. Топтық тапсырмалар беру арқылы оқушы ойына ой салу, пікір айтуға жетелеу;
6. Қабылданған жаңа білімді саралай, талдай білуге бағыттау.
Оқушының іс - әрекеті:
1. Өткен тақырыпты шолуда алған білімдерін көрсету;
2. Мағжан Жұмабаевтың өмірі туралы фильм көру;
3. Негізгі мәселені, жаңа білімнің түйінді дәндерін бөліп ала білу, білімді шығармашылық жолмен тәжірибеде қолдану;
4. Топта бірлесіп жұмыс жасау, түсінісу, бір - бірлерімен ақылдасу, ой бөлісу;
5. Өз бетімен шығармашылық жұмыс жүргізу, ізденіске дағдылану, жаңалық ашуға талпыну, ойын дәлелдеу;
6. Оқығанды түсіну немесе оқығанын өз ойымен әрі қарай өрбіту;

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: сыныптың ынтымақтастық атмосферасын «Сын есімді қос» деп аталатын тренинг арқылы құраймыз.
Үй тапсырмасын тексеру
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар өткен сабақта біз сіздермен Сәкен Сейфуллиннің Көкшетау поэмасын өткен болатынбыз, сол шығармадағы берілген тараулардың біреуінен үзінді жаттауға берілген болатын және өз туған өлкелерінің тарихи шежірелерін айта кетіп, табиғат көрінісін баяндап, шағын ЭССЕ жазып келуге бергенмін.

Үй жұмысын сұрауда «Көкшетау» поэмасы шолу жасау
«Көкшетау» поэмасы бойынша жұлдыздар әлемі:
1.«Көкшетау» поэмасы қай жылы жазылды?
2. Ол қандай поэма?
3. Поэманың «Оқжетпес» тарауында таудың зәулім екенін танытатын сөздер мен сөз тіркестерін кім тауып оқиды?
4. Портрет дегеніміз не?
5. Ақын суреттеуіндегі қалмақ қызы қандай?
6. Адақты поэмада қалай суреттейді?

Жаңа сабақ:
- Ал, енді оқушылар, бүгінгі сабағымызға назар аударалық.
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,
Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?-
- Бұл өлең жолдарының авторы кім, қане, есімізге түсірейік.
- Мағжан Жұмабаев.
- Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Мағжан Жұмабаев өмірі, шығармашылығы.
- Мағжан кім?
Мағжан: Прозашы, Аудармашы, Ақын Абайдың ізбасары, Лирик, Бес арыстың бірі
- Өте жақсы, Мағжанның қандай өлеңдерін білеміз?
-«Түркістан», «Сорлы қазақ», «Қазағым», «Күз», «Толқын», «От», т. б.
- Ендеше, оқушылар, мен сендерге Мағжан Жұмабаев өмір жолы мен шығармашылығымен толығырақ таныстырып өтейін.
Оқушыларға Мағжанның өмірі жайлы деректі фильмді көрсету. (блум таксаномиясы арқылы оқушылардың ойларын өрбіту, алған білімдерін бекіту)
Оқушы өзі дайындап келген жобасын қорғайды.

Поэзия сәті.
Мағжанның сөзіне жазылған “Сен сұлу”әнін тыңдау
Балалар өздері білетін Мағжанның өлеңдерін жатқа айтады.

Топтық жұмыс: Мағжанның өмірі мен шығармашылығынан алған білімдерін постер қағазы арқылы қорғайды.
Оқулықпен жұмыс.
- Ақын өлеңдерімен таныстыру. Мәнерлеп оқу.
- «Сағындым» өлеңіне сатылай кешенді талдау. ( Тақтаға шығып орындату)
- Көркемдегіш құралдарын табу.( теңеу, эпитет, метафора)
«Сағындым» өлеңіне сатылай кешенді талдау элементтерін енгізу.
Тақырыбы: еліне, жеріне, анасына деген сағыныш.
Идеясы: Шындық өмір көріністерін суреттей еркіндікті, бостандықты бағалау.
Шумақ – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. 6 шумақты өлең.
Тармақ – өлеңнің әр жолы. 4 тармақты.
Бунақ – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақты
Ұйқас. Қара өлең ұйқасы. а - а - б - а
Әдеби теориялық ұғымдар. Теңеулер бар.
Түсіндірме сөздік. Абақты – түрме, ауыр иіс – жаман иіс, жүйрік жел – қатты жел.
Өлеңнің негізгі түйіні. Туған жерге, туған табиғатқа, туысқан - бауырға деген махаббат.
Әдебиет теориясы: Адамның көңіл - күйін, жүрек сезімін, күйінгенін, сүйінгенін, ішкі жан сырын жырлайтын өлең – лирикалық өлең деп аталады. Лириканың бас кейіпкері – ақынның өзі.
Лириканың бір үлгісі – Мағжанның өлеңдері. “Мағжан өлеңдері өкіндіреді, мұңайтады, жылатады, аятқызады, есіркетеді, жігер береді”
Бірінші топ RAFT стратегиясы арқылы Мағжанның образына еніп, бірінші жақта анасына сағыныш тақырыбында шағын хат жолдауын жазады.
Екінші топ осы әдіспен достарына сағыныш тақырыбында шағын хат жолдауын жазады.
Sinkuein стратегиясы Мағжанға бес жолды өлең арнау.

Қорытындылау.
- Оқушылар, Мағжан ақын ұстазы ұлы Абай екеуі де бір мәуелі бәйтеректей. Қане, бәріміз қосылып Абайдың бір әнімен сабағымызды аяқтайық.
Бағалау: топ басшылары топ мүшелерін бағалайды, қорытынды бағасын мұғалім қояды.
Үйге тапсырма.
- М. Жұмабаевтың қалаған өлеңін жаттап келу.
ЭССЕ жазу: «Мағжан - өз заманының сыршыл ақыны».
20 515
0
  • 60
4 дауыс


Жаңалықтар
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығының қыр - сырларын меңгеруге, мазмұнына тереңдей бойлай отырып, шығармаларына жан - жақты талдау жасауға ықпал ету.
Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев
Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев
Ақтөбе қаласы, №31 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоспанова Гүлзифа Дүйсембайқызы
Мағжан Жұмабаев «Сүйемін»
Мағжан Жұмабаев «Сүйемін»
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Атырау облысы, Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мурзагулова Гүлжан Жәрдемқызы
Мағжан - жаны сыршыл ақын
Мағжан - жаны сыршыл ақын
Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан. Тоқсан би ауылы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бейсенова Қарлығаш Тенесқызы
Мағжан сөзі шеберханасы
Мағжан сөзі шеберханасы
Cолтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Тоқсан би ауылының орта мектебі Бейсенова Қарлағаш Тенесқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×