Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Киімді және аяқ киімді күту

02 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Технология 5 сынып
Тақырыбы: Киімді және аяқ киімді күту
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды киім және аяқ киімді күтудің гигиеналық талаптарымен, ережелерімен таныстыру.
Сабақтың әдісі: Жеті модуль, СТО технологиясы, «Топтастыру» әдісі, «Шиыршық» әдісі
Күтілетін нәтиже: Өмірмен байланыстыру арқылы киімді және аяқ киімді күнделікті күту дағдысы қалыптасады, ұқыптылық, жинақылық және жалпы еңбекке баулу қабілеттері артады.
Сабақ көрнекілігі: Дайын әртүрлі бұйымдар /аяқ киім, киім түрлері т. б/ интерактивті тақтадағы слайд - шоу, суреттер, журналдар.
Ресурстар: тігін машинасы, қайшы, түрлі - түсті қағаз, стикерлер, плакат, фломастерлер, карандаштар, желім т. б
Пәнаралық байланыс:
Медицина, бейнелеу өнері, биология, физика, химия, сызу, музыка, орыс тілі

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
1. Оқушыларды түгендеу
2. Сыныпты «Дүкенде» ойыны арқылы 4 топқа бөлу:
«дүкендегі тауар»- төрт түрлі киімнің суреті, «ақша»- өзі туралы жақсы сөз,
«сатушы»- мұғалім, «тұтынушы»- оқушылар
/ сатып алған тауарларының түрлеріне байланысты 4 топқа бөлінеді /

Үй тапсырмасын сұрау: / сұрақтар интерактивті тақта арқылы беріледі /
І топ:
1. Матаның ұзындығы мен енін анықтау белгілері
2. Сегіз бүктеп қию әдісін көрсету
ІІ топ:
1. Матаның оң және теріс бетін анықтау белгілері
2. Алты бүктеп қию әдісін көрсету
ІІІ топ:
1. Қол жұмыстары, тігіс түрлері
2. Төрт бүктеп қию әдісін көрсету
ІҮ топ:
1. Тігін машинасының түрлері, жіп сабақтау құрылысы
2. Екі бүктеп қию әдісін көрсету

Қызығушылығын ояту
/ «Зымыран» сұрақтар интерактивті тақтада суреттер арқылы көрсетіледі /
Матаның ұзындығы мен енін анықтау белгілері→ Матаның оң және теріс бетін анықтау белгілері →Қол жұмыстары →Тігін машинасындағы жұмыстар→КИІМ→ КИІМге сәйкес АЯҚ КИІМ таңдау → КИІМ ЖӘНЕ АЯҚ КИІМДІ КҮТУ / «топтастыру» әдісі /

Мағынаны тану
Сабақтың тақырыбы: Киім және аяқ киімді күту
Киім және аяқкиім табиғаттың әртүрлі қолайсыз жағдайларынан қорғайды. Адам ағзасын қалыпты температурада ұстауға септігін тигізеді, әдемі де әсерлі көрінуге көмектеседі. Жас ағзаның ересек ағзадан ерекшелігі үнемі өсіп отыруында, сондықтан дұрыс киім таңдап кию ағзаның қалыптасуына зор септігін тигізеді. Ең негізгісі - киім өлшемі жағынан бойға, денеге сай болуы қажет. Соның ішінде балалар киіміне аса зор мән беріледі. Егер баланың киімі ауыр болса, ол тез шаршайды. Сондықтан жұмсақ, жылы, оңай жуылатын, шаң - қоңы тез кететін маталардан тігілуі қажет.
Жылы күндері - ашық түсті, себебі күннің көзін шағылыстырады, ал суық күндері - күңгірт түсті киімдер киген жөн.
Аяқкиім - негізгі киім-кешектің бірі болып саналады. Аяқкиімді күні бойы киіп жүргендіктен, ол аяққа ыңғайлы болуы қажет.
Топпен жұмыс үшін интерактивті тақтада көрсетілген тақырып бойынша әр топ тапсырмаларын берілген флипчартта қорғайды.

І топ: «Киімнің гигиеналық талаптары»
Балаларға арналған киімдер ауа өткізетін материалдардан жасалады. Себебі бала ағзасының дұрыс демалуына әсер етеді. Егер киімді ұзақ уақыт жумайтын болса, онда оған тердер бөлінген тұз және басқа заттар сіңіп, терінің демалуына кері әсерін тигізеді. Нәтижесінде тер бөліну қызметі нашарлайды. Бұл ауру тудыратын микробтардың пайда болуына, көбеюіне алып келеді. Ауруды болдырмаудың ең жақсы тәсілі – жеке бастың гигиенасын сақтау. Сондықтан киім жыл мезгілдеріне, ауа райына, жас ерекшеліктеріне, ортасына сай таңдалуы қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 011
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Қысқы киімдердің түрлері
Қысқы киімдердің түрлері
Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету. Ойын ойнау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту. Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.
Киімді дайындау және жобалау. Киім түрлері және оған қойылатын талаптар.
Киімді дайындау және жобалау. Киім түрлері және оған қойылатын талаптар.
Киім түрлерін ажырата алады және маусымдық киімдерді мезгіліне қарай қолданылуын біледі.
Қуыршақтың киімін модельдеу
Қуыршақтың киімін модельдеу
Қуыршаққа киімді модельдеу, қуыршақ туралы мағлұмат беру, киімді модельдеу әдісімен таныстыру, таңдап алынған фасонды модельдеуге үйрету, тақырып бойынша материалды меңгерулерін қамтамасыз ету.
Мектепке немен барасың?
Мектепке немен барасың?
Мектеп туралы алған білімдерін толықтыра түсу. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Киім және оған қойылатын талаптар
Киім және оған қойылатын талаптар
Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы, №39 «Қызылөзек» орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Жетпісбаева Гүлнұр Бодыбайқызы
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Атырау қаласы №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі Мектепалды дайындық тобының жетекшісі Абилова Лиза Әменқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×