Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күләш Ахметова «Қазағым менің» өлеңі

05 ақпан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Әдебиет пәні. 5 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Күләш Ахметова «Қазағым менің» өлеңі
Жалпы мақсаты: Күләш Ахметова шығармасы арқылы ұлтымыздың ұлылығын тану.
Күтілетін нәтиже:
- Күләш Ахметованың өмірі мен шығармашылығын біледі, мәлімет бере алады.
- «Қазағым менің» өлеңнің негізгі идеясын түсінеді, өмірмен байланыстыра алады.
- өз ұлтының ерекшелігін дәріптеп, оны мақтан ете алады.

Қолданылатын модульдер:
Келесі модульдерді қолдандым:
1. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модулі
2. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдері\ диалогтық әдіс
3. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі (топтастыру).
4. Оқыту мен оқуда ақпаратты - коммуникациялық технологияларды пайдалану модулі.
5. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
6. Талантты және дарынды балаларды оқыту модулі.
7. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі.

Оқушылар не үйренеді:
1. Тренингке жақсы қатысып, сол көңіл күйлерін сабақ соңына дейін сақтады.
2. Өзіне сенімділік пайда болып, ойын еркін айтуға үйреніп келеді.
3. Сұрақтарға терең ойлануды үйреніп, өздері де күрделі сұрақ қоюға үйреніп келеді.
4. Ұялы телефондарынан ғаламторға оңай кіреді, ақпараттарды тез табады.
5. белсенді оқушылар анықталды, өз топтарын жақсы ұйымдастырады.
6. Өздерін еркін ұстайтын, актерлікке бейім оқушылар байқалды.
7. Оқушылар өзін - өзі бағалай алды.
Дерек көзі: Ғаламтор/уикипедия - қазақша ашық энциклопедия.

Сабақтың барысы: 1. Психологиялық дайындық:

Тренинг: «Молекула» тренингі арқылы топтарға бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру: Ж. Нәжімеденов. «Сен ақылды болсаң екен» өлеңі.

Жаңа сабақ.
Тапсырмалар:
1 - тапсырма:
І топ. К. Ахметованың өмірі мен шығармашылығы жайлы мәліметтерді жинақтау.
Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды белсенділікпен орындады.
І топ кітаптың суретін салып, сол кітаптарына К. Ахметова жайында мәліметтер жазды. Олар мәліметтерді ноутбук, соткалар арқылы алды.

ІІ топ. «Қазағым менің» өлеңіне шолу.
"Қазағым менің" өлеңі жайлы мәліметтерді, өлеңнің идеясы мен мазмұнын жинақтап айтты.

ІІІ топ. Қазақ ұлты қандай? – деген сұрақ төңірегінде ой қозғау. Қазақ халқының жан - жақты сипаты. Қазақ ұлтының қасиеттерін гүлдің жапырақтарына топтастырып жазды.

ІҮ топ. Қазақ халқы жайлы басқа ақын - жазушылардың шығармаларын топтастыру.
ІҮ топ күннің шуақтарына қазақ халқы жайлы туындыларды ғаламтордан іздеп тауып жазды.
4. Топтарды берілген жұмыстарын қорғауға нұсқаулық беріледі. Төрт топ та өз тапсырмаларын жақсы қорғады. Тапсырманы топтар кезектесіп қорғады, сұрақтар қойып нақтылады
5. Тақырып бойынша слайд арқылы қорытынды сөз.
6. Барлық топ көрініс арқылы өз пайымдауларын баяндайды. І топ - бауырмалдықты, ІІ топ - қонақжайлылықты, ІІІ топ - жомарттықты, ІҮ топ - бауырмалдықты көрсетеді.
9. Берілген тапсырмаларды күнделікке түсіріп отырады.
10. Парақшаларды толтырып, өз бағаларын қойды. Кей оқушылар өз бағалау парақшаларын оқып берді.

2 - тапсырма: шығармашылық жұмыс.
Өмірмен байланыстыра отырып, сабақтан түйгендерін сурет, өлең не көрініс арқылы қорғау.
Бағалау: Фигуралар бойынша бағалау
Оқуға арналған тапсырмалар: Өлеңді жаттау (4 шумақ)
Рефлексия. Кері байланыс парақшасын толтыру.
9 966
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан – ортақ үйіміз
Қазақстан – ортақ үйіміз
Қазақстан мемлекеті туралы білімдерін тереңдету; Болашақты жасайтын – қазіргі жастар екенін ұқтыру;
Педагогикалық іс тәжірибемдегі жаңаша өзгерістер
Педагогикалық іс тәжірибемдегі жаңаша өзгерістер
Өз тәжірибемде қандай да бір жаңашылдық көрсетуде мен «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Талантты және дарынды балаларды оқыту»,
Туған жердің ыстығы - ай
Туған жердің ыстығы - ай
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі; Шопанбекова Ғазиза Жөкенқызы
Әбіш Кекілбаев "Тасбақаның шөбі"
Әбіш Кекілбаев "Тасбақаның шөбі"
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі; Шопанбекова Ғазиза Жөкенқызы
Әлем әдебиеті. Даниэл Дефо
Әлем әдебиеті. Даниэл Дефо
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Матниязова Айнур
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×