Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Квадрат теңдеуді шешу әдістері

19 ақпан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Алгебра 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеуді шешу әдістері
Сілтеме: Алгебра 8 - сынып оқулығы, мұғалімдерге арналған нұсқаулық, интернет ресурстары
Жалпы мақсаты: Оқушыларға тақырып бойынша толық және терең білім беру, алған білімдерін жинақтау, жүйелеу, бекіту; логикалық ойлау қабілеттері мен дағдыларын жетілдіру, математикаға деген қызығушылықтарын арттыру; оқуға, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Оқу нәтижесі:
- Өз пікірін айтуға, басқаның ойын сыйлауға үйренеді.
– Пікір таласуға үйренеді.
- Топпен жұмыс жасай отырып балалар еркін ойлауға, емін - еркін сөйлеуге дағдыланады.
Туындайтын идеялар: Квадрат теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешуде берілген есептерді топпен жұмыс жасау барысында талқылап, шығарып оқушылардың білімдері толыға түседі

Тапсырмалар:
1. Ұйымдастыру кезеңі («Көтеріңкі көңіл - күй» психологиялық тренинг)
2. Үй жұмысын тексеру(слайд арқылы)
3. «Қайталау – оқу анасы»
сәйкестік тест

4. «Ой қозғау» топтастыру стратегиясы
5. Оқушылар өздіктерінен түсіндіреді)
6. Сергіту сәті
7. Оқулықпен жұмыс)
8. Деңгейлік тапсырмалар
9. Сабақты қорытындылау (қорытынды алгоритмі)
10. Рефлексия(«Табыс ағашын отырғызу»)
11. Үй тапсырмасын беру
12. Бағалау

І. Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: Сыныпқа психологиялық ахуал туғыза отыра, сыныпты төрт топқа бөлемін (үшбұрыш, трапеция, параллелограмм, ромб).
Әрбір балаға нәтижелік карта үлестіріледі. Оны оқушы сабақ бойы толтырып отырады.

ІІ. Слайд бойынша бірін - бірі тексереді, бағалайды (Әр дұрыс жауап 1 ұпай).(7 мин)
ІІІ. Қайталау
1) Сәйкестік тест
2) ІҮ. «Ой қозғау»
• Математикалық домино ойыны
• Бақылау сұрақтары
Ү. Жаңа білім.
Оқушы қызығушылығын тудыратын тақырыпқа қатысты проблемалық сұрақтар, жағдаяттар ұсынылады:
- Біз теңдеу мен теңсіздік туралы сөз қозғадық. Ендеше, квадрат теңдеу дегеніміз не? – еске түсіріп көрелік.
- Квадрат теңдеуді шешудің неше әдісі бар?
ҮІ. Сергіту сәті. Оқушыларға қызықты, логикалық сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай. (6 мин)
Оқушыларға 12 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа қолдарын жоғары көтереді, қате болса алға созады.
ҮІІ. Сабақты бекіту.
Оқулықпен жұмыс:
Топтар есебін түсіндіре отырып тақтаға орындайды. Қалғандары осы есепті дәптерге орындайды. Болған соң тексеріледі және сұрақтарға жауап береді.
ҮІІІ. Сабақты пысықтау.
Деңгейлік тапсырмалар: (Жауабын тақта арқылы әркім өзін тексереді. Әр дұрыс жауап 1 ұпай) (8 мин)
ІХ. Сабақты қорытындылау (әр топ квадрат теңдеулерді шешудің алгоритмін құрады).
Х. – Енді «Табыс» ағашын отырғызайық. (Тақтада ағаштың суреті)
Ағаш діңі жаңа сабақта өтілген тақырып, жасыл желек – экология, ал ағаштың жемісі сендердің алған білімдерің(оқушылар өздері таңдаған алманы алып, тақтада тұрған ағашқа жапсырады).
• Жасыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.
• Сары алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналдым.
• Қызыл алма: Сабақ маған түсініксіз.
ХІ. Үйге тапсырма беру.

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
№21 орта мектептің математика пәні мұғалімі:
Рысбаева Ғалия

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 675
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Квадрат теңдеулерді шешу тақырыбы бойынша алған теориялық білімдерін жинақтап, формулаларды есептер шығаруда пайдалана білу дағдыларын жетілдіру.
Квадрат теңсіздікті шешу
Квадрат теңсіздікті шешу
Бір айнымалысы бар квадрат теңсіздіктерді шеше білуге үйренеді;
Квадрат теңдеулер
Квадрат теңдеулер
Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп жинақтау, жүйелеу, толықтыру. Оқушылардың танымдық ізденістерін логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ой-өрістерін кеңейтуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндіқ жасау.
Квадрат теңдеулерді шешудің тиімді тәсілдері
Квадрат теңдеулерді шешудің тиімді тәсілдері
Квадрат теңдеулерді шешудің тиімді тәсілдері Жалпы алгебра курсында квадрат теңдеулер және оның түбірлері туралы мағлұмат алады екенбіз. Квадрат теңдеуді формула және Bиет теоремасымен шешуден басқа тағы бір тиімді әдісті ұсынғанды жөн көріп отырмын.
Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулалары тақырыбына есептер шығару
Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулалары тақырыбына есептер шығару
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің математика пәні мұғалімі Мусирова Гулнар Хамитқызы
Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару
Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару
Тақырыбы: Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×