Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қабдеш Жұмаділов. Қаздар қайтып барады

04 сәуір 2015, Сенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қазақ тілі 8 сынып
Сабақтың атауы: Қ. Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»
Сілтеме: Қ. Жұмаділовтің өмірі мен шығармалары 8 - сынып әдебиеті, Қ. Әбдезұлы, Г. Рыскелдиева, С. Тұрсынғалиева. 2014.
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
Жалпы мақсаты: Қ. Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» әңгімесін сын тұрғысынан талдай отырып, әр оқушының өз тапсырмасын орындауына қолайлы орта туғызу, оқушыларға туған жердің қасиеті туралы ұғындыру; туған жердің адам өмірінде алатын орнын түсінуге, адамның ішкі жан дүниесін түсінуге, өз бойларында осы қасиеттер болуы үшін күресе білуге, Берілген үзіндідегі ойды түсінулерін, сөйлеу, талдау дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттер: Мазмұнына байланысты: 1. Шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу, мәтіннің танымдық сипатын, құрылымдық бөліктерін өздері байқап алатын, түсіне алатын нәтижеге жеткізу, көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру, оқып - түйгендері жайлы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру; бір - біріне түсіндіру арқылы ұжымдық шығармашылық жұмыс жүргізе білуге баулу;
2. Жазушы әңгімесі арқылы патриоттық сезімдері жоғары, білімді меңгерген көкірегі ояу азамат болуға баулу.
3. өз бетінше ізденуге баулу.
Деңгейлік бағдарламаға байланысты байланысты: - кейіпкер әрекетін бағалай білу; әңгімені бүгінгі өмірмен байланыстыру; өзіндік көзқарас, пікірін қорғауға бағыттау;
Топқа байланысты: - әр оқушының жеке, жұптық, топтық жұмысы, өз пікірін қорғайды, бір - бірінің нұсқауларын орындайды.
Сабақта туындаған негізгі идеялар: Топқа бөлу, сыни ойлану, ой қорыту, өз ойларын дәлелдей алуға дағдыландыру

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылар Атамекен, Тарбағатай, Арғынаты, Етікші асуы сөздері арқылы топтарға бөлу.
«Неліктен бұл сөздер топтың аты болып тұр деп ойлайсың?»
I кезең:
Осы кезеңде ойлауды Блум бойынша жіктеудің «Білу» мен «Түсіну» тәсілдері жүзеге асырылады.

«Ой шақыру стратегиясы» бойынша:
1.«Жұмбақ сурет» Термин сөздер не сурет беріледі. Қабдеш Жұмаділов Шекара, Карта Қытай, Қазақстан, ақсақал, топырақ. қаздар
2.«Жұмбақ қонақтар» Қайрат, Қилымбек, Мирахан, Гүлнар
І. ЖИКСО әдісі арқылы әңгіме мазмұнын түсіну.
Жанұя 1, 2, 3, 4.
Жұмыс тобына бару
Жанұя тобына оралу.

II кезең(Мағынаны тану) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар «Қолдану», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері орындайды (20 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды. Нәтижесі ауызша марапатталады.

Ойды қорытындылау тәсілі 1. Үзінді. Мәтіннің негізгі идеясын ашатын 2 - 3 сөйлемнен тұрады үзінді келтіру керек. Келтірілген сөйлемдер мәтіннен көшірілмей, өзіндік түсінік тұрғысынан беріледі. 2. Дәлел. Келтірілген үзіндінің неліктен мәтіннің негізгі идеясын ашатындығын 3 - 4 сөйлеммен дәлелдеу керек. Мұнда басқа ақпарат көздеріне не көп таралған пікірлерге сілтеме жасалғаны орынды. 3. Сұрақ. Мәтін бойынша 1 проблемелық сұрақ келтіру керек. /Жан - жақты ашылмаған, ерекше толғандырған, назар аударған, қызықтырған, т. с. с. Мәселе бойынша/ - 1 сөйлем. 4. Жауап. Қойылған сұраққа бірнеше сөйлеммен/2 - 3 сөйлем/ жауап беру керек. Жауапта бұл мәселенің неліктен өзіне назар аударғандығын және оны қалайша шешуге болатындығын көрсету керек. 5. Қорытынды. Мәтін бойынша туындаған ойларды /қорытынды шешім/ 3 - 4 сөйлеммен келтіру керек.
2. Анкета сұрақтары
Есімі:
Үш сөзбен сипатта:
Туыстық қатынаста басқаларға кім болады?
Өмірде неден қорқады? Басынын өткен 3 - 4 жағдай: Басынын өткізгісі келетін 2 - 3 жағдай:
Өмірдегі мақсаты:
3. «Сәйкестендіру» әдісі бойынша шығарманы құрылысына қарай талдау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 924
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абайдың он жетінші қарасөзі
Абайдың он жетінші қарасөзі
Абайдың қарасөздерін оқыту арқылы оқушыларға ақыл, қайрат, жүрек, ғылымының адам өмірінде алатын орнын түсінуге, адамның ішкі жан дүниесін түсінуге, өз бойларында осы қасиеттер болуы үшін күресе білуге
Адасқан бала
Адасқан бала
Қабдеш Жұмаділовтің «Адасқан бала» әңгімесін оқи отырып, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйеніп, әңгіменің түйінді ойын ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Абайдың қарасөздері. Он жетінші қарасөзі
Абайдың қарасөздері. Он жетінші қарасөзі
Абайдың қара сөздерін әдебиет теориясы тұрғысынан талдай отырып, әр оқушының өз тапсырмасын орындауына қолайлы орта туғызу, оқушыларға ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек ұғындыру
Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»
Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»
Жазушы Қабдеш Жұмаділовтің "Қаздар қайтып барады", "Сарыжайлау", "Шарайна", "Сәйгүліктер" тәрізді әңгіме, хикаят жинақтары, "Көкейкесті", "Бақыт жолында", "Атамекен", "Соңғы көш" романдары жарық көрді. Жазушы "Тағдыр" романы үшін мемлекеттік
Қабдеш Жұмаділов “Қаздар қайтып барады”
Қабдеш Жұмаділов “Қаздар қайтып барады”
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қоңқабаева Гүлсім Қаратайқызы
Елім деп соғар жүрегім
Елім деп соғар жүрегім
Атамекен, Отан, туған жер ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×