Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Осы шақ

16 мам 2015, Сенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек аулы,
№ 31 Т.Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Нурбекова Ботагоз

Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Осы шақ
Сабақтың мақсаты: Осы шақ етістік туралы түсінік беру, осы шақтағы етістіктер іс - әрекеттің сөйлеу сәтінде болып жатқанын білдіретінін ұғындыру, сұрақтары мен жалғауларын таныстыру
Оқыту нәтижелері: Осы шақ етістік туралы түсінік алады, осы шақтағы етістіктер іс - әрекеттің сөйлеу сәтінде болып жатқанын білдіретінін, сұрақтары мен жалғауларын біледі, саралайды, қорытынды жасайды
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Негізгі дерек көздер: Оқулық, бағалау парағы, кесте, сызба, сурет, интерактивті тақта

Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс - әрекеті
І. Ұйымдастыру кезеңі:
3 мин 1. Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.
2. Ынтымақтастық атмосферасын орнату:
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
3. Балалардың жақсы өмір сүруі үшін не қажет деген сұраққа жауап беру арқылы топтарға бөлу ( Кітап, еңбек, ойын, спорт, өнер)

ІІ. Өткенді қайталау:
Білу 14 мин
1. Үй тапсырмасын тексеру: 23 - жаттығу (сөйлемдерді көшіріп жазу, етістікті табу, қай шақта тұрғанын айту)
2. «Ой қозғау». Сөйлемде не жетіспейді?
Айжан атасының аулына.... Бір күні екі дос жолға....
Біз түстен кейін....
3. Топтық жұмыс:
1 - топ: Етістікке тән белгілер мен түрлерін анықтау.
2 - топ: Етістіктің жіктелуіне тән белгілерді анықтау.
3 - топ: 1) Етістіктің шақтарын салыстыр:

Етістіктің шақтары

Өткен шақ
Осы шақ
Келер шақ
2) Суреттегі зат атауын қатыстырып, етістікті үш шақтық мағына беретіндей етіп сөйлемдер құрау, салыстыру, қорытынды жасау:

4 - топ: Берілген етістіктерді өзгертіп үш шақта жазу, салыстыру, қорытынды жасау: жаз, кел, қара.
• Өткен шақ
жазды
келді
қарады
• Осы шақ
жазып отыр
келе жатыр
қарап тұр
• Келер шақ
жазады
келеді
қарайды


ІІІ. Жаңа сабақ:
Түсіну 4 мин
1. Санжұмбақ шешу (осы шақ):
45: 15= ы
36: 3= с
25 х3 =о
640 - 620= қ
15 х 4 = а
36 + 25 = ш
75 12 3 61 60 20
о с ы ш а қ
2. Жаңа сабақты хабарлау, мақсат қою.
Табыс критерийі:
- осы шақ етістіктер іс - әрекеттің қазір болып жатқанын білдіретінін білу;
- берілген етістіктерді осы шаққа айналдырып айта білу;
- етістіктердің қай шақта тұрғанын анықтай білу;
- осы шақ етістіктерін жекеше және көпше түрде жіктеп жаза білу;
- осы шақ етістігін келер шақ және өткен шақ етістіктерінен ажырата білу.

Талдау және қолдану 10 мин
3. Оқулықпен жұмыс.
25 - жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жазу, етістікті табу, оны үш жақта жіктеу, бұлар қашан болған істі білдіріп тұрғанын айту. Қайрап отыр сөзін өткен шаққа
және келер шаққа айналдырып айту.
26 - жаттығу. Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құрап оқу, етістіктерді табу, оларға сұрақ қою, қай шақта тұрғанын айту (ауызша)

Сергіту сәті 1 мин
Өлең оқу, қимыл - қозғалыс жасау

ІV. Сабақты қорыту
Жинақтау 10 мин
1. Осы шақ болатын етістіктерге тән белгілерді анықтау:
1) Осы шақ сөйлеп тұрған кездегі іс - әрекетті білдіреді.
2) Сұрақтары: не істеп отырмын? не істеп отырсың? не істеп отыр?
3) Осы шақ отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктерімен жасалады
4) Негізгі етістікке отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктерін тіркестіру арқылы жасалады (оқып отыр)
5) Осы шақ етістіктері үш жақта жекеше және көпше түрде жіктеледі
6) Осы шақ етістіктерін өткен шаққа және келер шаққа айналдыруға болады
2. Өзіндік жұмыс:
1) Семантикалық карта:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 635
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау. мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.
Тіл мерекесі
Тіл мерекесі
Қазақ тілім өз тілім, ана тілім Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені Болашағым, бақытым дара тілім.
Тіл - ұлттың жаны
Тіл - ұлттың жаны
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылында Ш. Уалиханов мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мыкиянова Саркыт Турсынгалиевна
Ана тілі
Ана тілі
Ана тілім Ана тілім қымбат маған, дана тілім, Қымбат маған кеудемдегі дара тілім. Ақ сүтімен анамның бойға сіңіп, Уілдеген ең алғаш менің үнім.
Септіктер
Септіктер
ШҚО. Семей қаласы. №11 орта мектеп Рахметова Құралай Болатбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×