Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Проценті бойынша санды табу

19 мам 2015, Сейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Проценті бойынша санды табу
Жалпы мақсаты: Проценті бойынша санды табу алгоритмін пайдалана отырып, есеп шығаруды үйренеді.
А) Проценті бойынша санды табу ережесін түсінеді.
В) Проценті бойынша санды табу ережесін қолданады.
С) Проценті бойынша санды табуға арналған есептерді тиімді тәсілдермен есептей алады.
Күтілетін нәтиже: Проценті бойынша санды табу ережесін қолданып есеп шығара алады.

Негізгі идеялар: Алған білімдерін кеңейтіп, жаңа дағдысын қалыптастыру, өз беттерінше проценті бойынша санды табу ережесін қолдана отырып есептер шығаруға үйрету
Тапсырмалар: Жеке, топтық, жұптық, «Сиқырлы сұрақ», «Ыстық орындық әдісі», «Менің есебім»,, «Екі жұлдыз, бір тілек», «Үш шапалақ», «Не білдім? Не қиын? Не жеңіл?»
Оқыту әдістері: Сыни тұрғыда ойлау, топтастыру, дарынды және талантты балаларды оқыту, диалогтық оқыту, оқыту үшін бағалау, АКТ.
Дерек көздері: Оқушы анықтамалығы

Мұғалім іс - әрекеті
Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу «Тілек жазу» әдісі.

Топқа бөлу
Есептер жазылған карточкалар таратылады
Бағалау парағы
Сабақ критерийі

Ой қозғау:
Үй тапсырмасын сұрау:
Тапсырма 1
«Ортақ тұжырым» тәсілі бойынша № 487- 489 есептердің шешімін түсіндіреді
Тапсырма 2
Қызығушылықты ояту (конвертке жазылған тапсырмалар)

1. Процент дегеніміз...
2. Берілген санның 1%- і қалай табылады?
3. Процентті бөлшекпен (натурал санмен) жазу үшін...
4. Бөлшекті (натурал санды) процентпен жазу үшін...
5. Берілген санның процентін қалай табу үшін...

І. Білу.
Кіріспе (жаңа сабақ, топтық жұмыс 7 мин)
«Ыстық орындық» әдісі
1. Мектептің бастауыш сыныптарында 480 оқушы оқиды. Бұл мектептегі барлық оқушылардың 60%індей. Мектепте барлығы неше оқушы оқиды?
2. Қант қызылшасының 18%- і қант. 162кг қант алу үшін неше килограмм қант қызылшасы керек?

Сергіту сәті
Оқушыларға бас, қол, тізе айтылып, көрсетуі өзгертіледі

ІІ. Түсіну
Бекіту (топтық жұмыс 3 мин)

ІІІ. Қолдану
«Қатесін тап» тапсырмасы (5 мин)
Әр тапсырмадағы орындалу тәртібін түсіндіреді

IV. Талдау
«Сәйкестік тест» тапсырмасы
10% 15ке тең 16
1% 0, 4ке тең 200
9% і 18ге тең 400
50% 200ге тең 150
25% 4 - ке тең 40

«А,В,С деңгейлік есептер» тапсырмасы (жұптық жұмыс 15 мин
V. Жинақтау
1. 1%- і 75 болатын санды табыңыз. Жауабы: 7500
2.. 34%- і 170 болатын санды табыңыз. Жауабы: 500
3. Үш бала орманда 200 саңырауқұлақ тауып алды. Сабыр барлық саңырауқұлақтардың 40%- ін, Марат Сабырдың тапқанының 25%- ін, ал Тимур қалғанын тауып алды. Тимурдың тауып алған саңырауқұлақтар санын табыңыз 80, 20, 100
4. Райхан 145 санын 60%- ке арттырып, оның 25%- ін есептеп тапты. Райхан қайдан санды есептен тапты? Жауабы: 58
5. Турист қайықпен 504 км жүзді. Бұл барлық жолдың 36%- і болса, барлық жолды табыңыз. Жауабы: 1400 км

Астана қаласы, №57 орта мектептің
математика пәні мұғалімі Ахмедия А.Ш.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 216
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санның бөлігін табу. Бөлігі бойынша санды табу.
Санның бөлігін табу. Бөлігі бойынша санды табу.
Жай бөлшектерді, аралас сандарды қосу, азайтудан алған білімдерін жүйелеу, тиянақтау, толықтыру, санның бөлігін табу ережесін үйрету.
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар, Математика 6 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар, Математика 6 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 6 сынып / 204 сағат /
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер
Санның немесе шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды немесе шаманы табуға арналған есептерді құрастыру және шығару;
Ең кіші ортақ еселік
Ең кіші ортақ еселік
ЕКОЕ алгоритмін пайдалана отырып, есеп шығаруды үйренеді Сандар түрін ажырата біледі біледі. Жай көбейткіштерге жіктей алады
Матемаматикадан емтихан сұрақтары
Матемаматикадан емтихан сұрақтары
Атырау облысы, Исатай ауданы Математика пәні мұғалімі Губашева Зоя Серіккалиқызы
Процент. Бөлінді бойынша бірінші сан екінші санның неше процентін құрайтынын табу
Процент. Бөлінді бойынша бірінші сан екінші санның неше процентін құрайтынын табу
Сабақтың мақсаты: Бірінші сан екінші санның процентін таба білу дағдыларын бекіту; Міндеттері: • Білімділік – тақырып бойынша септер шығарту арқылы оқушылардың білімдерін, дағдыларын пысықтау;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×