Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

01 маусым 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Биология пәні мұғалімі Айгуль Балгалиева

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Негізгі бөлім
1. Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер.
1. 1. Өзгеріске бастаған – әдіс - тәсілдер
1. 2. Іс - тәжірибе
Қорытынды

Кіріспе
Бүгінгі таңда басты мәселе болып отырған – жас ұрпақтың сапалы білім алуы. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырды адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» дегенінің өзі – үлкен көрегендіктің белгісі. Білім саласының дамуы көшінен қалмай ілгерілеу басты мақсатымыз. Сол көшке ілесе алмасақ - бізге сын. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.

«Мектеп - кеме, білім - теңіз», «Білім – гауһар, бағасы жоқ, надандық - кемел, дауасы жоқ» дегендей, білім беру мен білім алудағы дәстүрлі тәсілдер мен жаңа тәсілдер бірімен - бірі ұштасып кемелденгенде ғана жақсы, нәтижелі табыстарға жетері анық. Білім мен ғылым күн сайын емес, минут, секунд сайын ғарыштап өркендеген 21 - ғасыр жаһандану ғасырында білім берудің барлық салаларында: интернет, компьютерлік жүйе, қашықтықтан оқыту, мектептерде даму үстінде. Инновациялық оқыту технологиялары қолданысқа пайдаланылған қазіргі уақытта білім беру мен білім алудағы жаңа тәсіл, идеяларды мұғалімдер толық әрі жан - жақты игеру, ізденісте болу, білім беру мен оқытудың қазіргі заманғы әдістерін білу мұғалімнің күнделікті жұмысында басты міндетке айналуда. Мәселен, білім беру жүйесіне инновациялық білім беру стандарты, қазіргі заманның тақаурына сай жаңа бағдарламалар қолданылған сайын мұғалімнің рөлі, жауапкершілігі артып, мұғалім өзі - өзі жан - жақты кемелденген тұлға ретінде көрсете білу қажеттігін сезінеді.

Қазіргі заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуын еліміз бірінші орынға қойып отыр. Білім беру мен білім алудағы атқарылатын қарқынды жұмыс ұстаздарың еншісінде екені айтпаса да белгілі. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала – балқытылған алтын» деген қанатты сөз бірден ойға түседі. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі. Сондықтан баланың бойында жақсы қасиеттердің болуына, олардың жан - жақты дамуын, рухани бай тұлға қалыптастыра білуіміз керек. Оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы бойында өзіне деген сенімділік пен жауапкершіліктерді дамыту болып табылады.

Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқуға негізделген тәсіл кең таралған. (Hattie, 2009).
Бұл бағдарлама – мұғалімнің білім беру мен оқытудағы әдіс - тәсілдерін өзгертуге жаңа бастама болып отыр. Бағдарлама сындарлы оқытуға негізделген. Бұл теория оқушының тапсырманы орындауда алған білімдерін бұрынғы білетіндерімен ұштастыру болып табылады. Оқушы сабақ барысында жан - жақты дамып, сыныптастарынан үйренеді, бір - бірін үйретеді.

Негізгі бөлім
Өзгеріске бастаған оқу мен оқытудағы әдіс - тәсілдер
Оқытудағы жаңа тәсілдерді енгізе отырып мен дәстүрлі оқытудағы жалпы қабылданған үлгілерді, мысалы білім берудің нәтижесі – бағалау, мұғалім оқушыдан көбірек біледі, балаларды әлсіз және күшті деп бөлу, сабақта белсенді тұлға – мұғалім сияқты пікірлерді өзгерту керек екендігін түсіндім. Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта Пажарес (1992) оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі ұстанымға негізделген ой - тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің барлық іс - әрекеттеріне әсер етеді деп көрсетілгендей ең бастысы мұғалімнің ұстанымы, мұғалімнің ұстанымды өзгерту – мұғалімнің оқытудағы әрекеттерін өзгертуге әкеледі. Джордж Бернард Шоу былай деген екен «Өзгеріссіз ілгерілеу мүмкін емес, ал өз көзқарасын өзгерте алмайтындар, ештеңені де өзгерте алмайды».

Өз іс - тәжірибемде оқу мен оқытуда сан - қырлы әдіс - тәсілдерді қолдануға болғандығын білдім. Оқытудағы жаңа әдіс тәсілддер мынадай бағыттарды қамтыды: жоспарлауда, сабақ мақсатын белгілеуде, ұйымдастыруда, бағалауда, кері байланыста көрініс тауып жатты.

Дәстүрлі оқытудың идеясы – дайын білім беруге негізделген. Бұл туралы нұсқаулықта балай деп «Дәстүрлі стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен сіңісіп кете алмайды. Сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерінің білімді меңгеру былай тұрсын, олар бойынша терең түсінік қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудара бермейтінін» тілге тиек етеді. (МАН, 6 бет) Ал Джон Хетти (2009) «Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған» деп атап көрсеткен, сындарлы оқыту теориясының идеясы оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.

Сабақ мақсатын белгілеудің өзі мен үшін жаңалық болды. Дәстүрлі оқытуда оқытудың үш мақсатын білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарын қою қай мұғалімге болмасын қиынға түскені анық. Дәстүрлі мақсаттардың сипаты мынадай жалпылама, нақты емес, шындыққа сәйкес емес, өте кең ауқымды болатын. Қойылған мақсатқа жету - жетпеу дәрежесі белгісіз болып қалады. Бірінші бетпе бетте танысқан SMART мақсат бәрімізді де елең еткізді. Мұғалімдердің сабақтағы білім беру әрекеттерінің, оқушылардың білімінің нақты өлшемі болған бұл мақсат қою тиімділігін сабақ барысында дәлелдей түсті. 1981 Джордж Доран енгізген Smart мақсат - спецификалық, нақтылы, өлшеуге болатын, қолжетімді, шындыққа негізделген, белгілі бір уақыт аралығымен шектелген қасиеттерімен сабақ мақсатының мәнін аша түсті. Мен тәжірибе кезінде сабақтарымда мынадай мақсаттар қойдым: Гидраның сыртқы құрылысын анықтау, гидраның қозғалуы, қоректенуі және тітіркену құбылыстары туралы үйрету.

Толық нұсқасын жүктеу
19 113
0
  • 60
2 дауыс


Жаңалықтар
Заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері
Заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері
Жас мамандарға заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері туралы мәліметтер алуға жағдай жасау.
Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі
Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі
Оқыту барысында озық, тиімді технологиялар тәжірибеге енгізілуде. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Біз білім - ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз.
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін.
Оқытудағы жаңа тәсілдер. Тарих пәнін оқытудағы диалогтік оқытудың тиімділігі
Оқытудағы жаңа тәсілдер. Тарих пәнін оқытудағы диалогтік оқытудың тиімділігі
Диалогтің маңызын ашу, сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу. Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады.
Информатика сабағында жеті модульді тиімді пайдалану
Информатика сабағында жеті модульді тиімді пайдалану
Информатика сабағында жеті модульді тиімді пайдалану Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші»
Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ топтамасы
Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ топтамасы
Бастауыш сынып мұғалімі: Исабекова А. Н.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×