Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кембридж тәсілімен оқыту бойынша ашық сабақ жоспарлары

07 қазан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Өтебаева А.Е.

Топтамадағы сабақтың тақырыптары:
1. Омонимдер
2. «Сырттандар» ертегісі
3. Ақсақ құлан, Жошы хан
4. Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу


Сабақтың тақырыбы: Омонимдер
Сілтеме: Жоспар.
Жалпы мақсаты: Омонимдер туралы түсінік беріп, жаңа тақырыпты мысалдар арқылы меңгерту. Лексикалық талдау жасата отырып, сөздердің мағыналарын таныту.
Оқыту нәтижесі: Өзіндік жұмыс түрлерін орындату арқылы ой - өрістерін кеңейту, шығармашылық тапсырмалар арқылы сөйлеу тілдерін дамыту.
Түйінді идеялар: Омонимдердің омоним екеніне көз жеткізу үшін ондай сөздерге синоним іздеп көру. Сұрақ - жауап, баяндау, талдау.
Ақпарат көздері: Интерактивті тақта, слайд суреттер, кесте, венн диаграммасы.

Сабақтың барысы:
Мұғалімнің іс - әрекеті
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топтарға бөліп, құрал - жабдықтарды үлестіру.

Үй тапсырмасын тексеріп, қорытындылау.
Көп мағыналы сөздер.
60 - 61 жаттығулар.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Сөз деген не?
2. Сөз мағынасы деген не?
3. Сөздің қандай мағыналары болады?
4. Сөздің тура мағынасы деген не?
5. Сөздің ауыспалы мағынасы деген не?
6. Көп мағыналы сөздер деген қандай сөздер?

60 - жаттығу.
*Салмақты, әрекет, қарулы сөздерінің біреуін таңдап, сол бойынша шағын мәтін құрау. Мәтінде көп мағыналы сөздер болуын ескеру.

61 - жаттығу.
● Төмендегі сөздерді пайдаланып, тура мағына мен ауыспалы мағынада қолданылатын бірнеше сөйлем құрап жазыңдар. Жел, суық, жылы, өткір, кілт.
♦ Сол сөздердің негізгі мағынасы мен ауыспалы мағыналарының өзара бірлігі мен айырмашылықтарын айтыңдар.
ІІ. Жаңа сабақ.
Тақырып: Омонимдер

1. Кіріспе бөлім
Мұғалім мағынасын айтады, мысал келтіреді.

Венн диаграммасы.
1
1. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуы.
2. Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да, бір сөз табына қатысты болады.

2
1. Сөз байлығын көрсетеді.
2. Біркелкі дыбысталады.

3
1. Айтылуы бірдей, мағыналары бөлек.
2. Әр сөз табынан болады, соған орай атқаратын қызметтері де бөлек болады.

1. Көп мағыналы сөздердің өзіне тән белгілері.
2. Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің ортақ қасиеттері.
3. Омоним сөздердің өзіне тән белгілері.
Әр топқа тапсырма беріледі.
Әр топ өздерінің шешімін айтады. Жинақталған материалдан қорытынды шығарады.

ІІІ. Жаттығулар жұмысы Тақтамен жұмыс. 62 - жаттығу (тақтамен жұмыс, астын сызу)
Интерактивті тақтамен жұмыс:

Оқулықпен жұмыс.
63 - жаттығу (кейіпкерлерге мінездеме беріңдер)

65 - жаттығу
Қол, сабақ, сіңір, қой сөздері омоним болатындай тіркестер құрып жазыңдар.

♦ Мәтіннен ауыспалы мағынадағы сөздерді тауып, дәптерлеріңе жазыңдар.

ІV. Бекіту:
Жинақтау, қорытындылау.

V. Бағалау
Әр топқа бір - бірін бағалау тапсырылады.
Мұғалім сабақты бағалауға байланысты критерийлерге сүйеніп, оқушыларды бағалайды.
VІ. Үйге тапсырма беру.
1. 28 - 29 беттер аралығын оқу, ережені жаттау.
2. 64 - жаттығу. Әңгімені мәнерлеп оқып, мазмұндау. Омоним болатындай мысалдар (5 сөйлем түрінде жазу). Әңгіме кейіпкерлері өздеріңе таныс болса, олар туралы кеңірек әңгімелеңдер. Оқушыларға сабақтың соңында тақырып бойынша алған оң және кері әсерлерін жазып қоюды тапсырады. Осыған байланысты ұсынған сұрақтарға жауап беріп, түзету жұмыстарын жүргізеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 236
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Омоним сөздердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы
Омоним сөздердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы
Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін арттыру Оқушылардың ойын кеңейтіп, тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал - мәтелдер, нақыл сөздер үйрету.
Қырық өтірік ертегісі (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Қырық өтірік ертегісі (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, әдебиет 5 сынып. Тақырыптар: 11. «Қырық өтірік» ертегісі 12. Аңыз – әңгімелер, Асан Қайғы 13. Ақсақ құлан, Жошы хан 14. Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу 15. Жиреншенің хан сынағына түскені
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы
Айтылуы бірдей мағынасы әр түрлі сөздер туралы түсінік беріп, жаңа тақырыпты мысалдар арқылы меңгерту, сөздердің мағыналарын таныту. Қазақ тілінің сөз байлығы жайлы тоқталып, ана тіліне құрмет сезімдерін арттыру.
Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай аулында»
Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай аулында»
Жалпы мақсаты: Оқушылардың теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, тілдік тараптан талдауға үйрету, адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
"Ақсақ құлан, Жошы хан" аңызы
"Ақсақ құлан, Жошы хан" аңызы
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Сыздықова Жанар Қиноятқызы
Ақсақ құлан, Жошы хан
Ақсақ құлан, Жошы хан
Өтегенова Набия Төлегенқызы Қазақ тілі мен әдебиеті және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі БҚО Казталов ауданы, Казталов ауылы, Казталовка ОЖББМ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×