Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қадыр Мырза Әлі

08 қазан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Тассуат ауылы,
Индустриальный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Абдрахманов Ерганат Айдарович

Қазақ әдебиеті 11 сынып
Сабақтың тақырыбы:. Қадыр Мырза Әлі
Сабақтың мақсаты: Қадыр Мырза Әлі ақынмен, шығармашылығымен таныстыру.
Міндеті: Берілген тақырып бойынша оқушылардың білім деңгейін тереңдету, сөздік қорларын байыту, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыра отырып, сөйлеу қабілеттерін дамыту, патриоттыққа тәрбиелеу, ұлтаралық достастыққа шақыру.
Қолданылатын модульдер: сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, дарынды және талантты оқушыларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық, АКТ, оқу үшін бағалау оқуды бағалау, оқытудағы жаңа әдіс тәсілдер.
Стратегиялық іс - әрекет: "молекула" тренингісі, "миға шабуыл", "кубизм", "джигсо", "6 ойлау қалпағы", "класстер", "диалогтық тәсіл"

Мұғалімнің іс - әрекеті
Кіріспе
Психологиялық ахуал
Оқушылармен амандасу, жылы лебізбен қарсы алу. "Молекула" тренингісі.

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
Бүгін сыныпта кім кезекші? сыныпта кім жоқ? бүгін нешесі?
Үй тапсырмасын тексеру
Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы мен шығармаларының тақырыбы.
Топқа бөлу
Қиынды парақшалар арқылы "Пазл" арқылы 2 топқа бөлу.

І кезең. «Білу»
Ой шақыру
"миға шабуыл"
Балалар осы суретте кім бейнеленген?

ІІ кезең. «Түсіну»
Жаңа сабақ түсіндіру
Тақырып бойынша жаңа сөздермен таныстыру. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, 1 - 2 сөйлем құрастыру тапсырмасын беру. Осы сөздер бүгінгі өтетін тақырыпта кездеседі

ІІІ кезең «Қолдану»
"Кубизм"
3 тапсырма. Мәтінді оқиды. Аударады. "Текше ойыны", Текшеде жазылған цифрларда жасырылған сұрақтарды оқиды.
1. Қадыр Мырзалиев қандай университетте оқыды?
2. Қандай журналдар баспасында қызмет атқарады?
3 қадыр Мырзалиевті қандай ақын деп атайды?
4. Әдебиеттің қандай салаларында шығармалары бар
5. Шығармаларының тақырыбы қандай?
6. Қадыр Мырзалиевтің сыйлықтары?
"Джигсо"
"Ақпарат бөлісу" Әр топта баяндушы, жазушы, таймпикерлерді белгілеп, 1 - топ, 2 - топқа өмір жолы туралы баяндайды, 2 - топ, 1 - топқа шығармашылығы туралы баяндайды.

ІV кезең «Талдау»
"6 ойлау қалпағы"
"Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру" видео көрсету.
"Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру" өлеңі. Тұсаукесерде екі қалпақ белгіленген, Қызыл қалпақ (ішкі сезім), Тапсырма: өлеңде айтылған қазақ ұлтына тән қасиеттерді жазып шығып, оқыңдар.
жасыл қалпақ (егер мен...) Шетелдік қонақтарға қазақтарды сендер қалай таныстырар едіңдер?

V кезең «Жинақтау»
"Клестер"
5 тапсырма. "Кластер" құрастыру тапсырмасы. 1 топ -"өмір жолы", 2 - топ - "Шығармашылығы"

VІ кезең «Қорытынды»
Қайта бағыттау сұрақтары:
Қадыр Мырза Әлі кім? "Қазақ осы..." өлеңі не үшін жазылған?
Басқа ұлт өкілдеріне тән қандай қасиеттерді білесіңдер?
Үйге тапсырма
"Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру" өлеңін жаттау (үзінді)
Рефлексия

VІІ кезең
Стикерлер таратылады
Бағалау.
Оқушыларды бағаларына сүйене отырып қорытынды баға шығару

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
4 659
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша туралы білімдерін дамыту, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Тілін, сөздік қорларын дамыту.
Қадыр Мырза Әлі «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңі
Қадыр Мырза Әлі «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңі
Қазақ әдебиетінің XX ғасыр басындағы алыптарының бірі – Қ. Мырза Әлінің өмірімен және шығармашылығымен таныстыру, ақын туралы оқушы білімдерін толықтыру.
Адам – мәдениетті жасаушы
Адам – мәдениетті жасаушы
7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Қазақстан – ортақ үйіміз
Қазақстан – ортақ үйіміз
Қазақстан мемлекеті туралы білімдерін тереңдету; Болашақты жасайтын – қазіргі жастар екенін ұқтыру;
Қымыз - емдік сусын
Қымыз - емдік сусын
Қымыз сусынымен және оның түрлерімен таныстыру, Үстеудің мағыналық түрлерін меңгере отырып, ауызекі сөйлеуді дамыту.
Педагогикалық іс тәжірибемдегі жаңаша өзгерістер
Педагогикалық іс тәжірибемдегі жаңаша өзгерістер
Өз тәжірибемде қандай да бір жаңашылдық көрсетуде мен «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Талантты және дарынды балаларды оқыту»,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×