Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Антоним

02 желтоқсан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы,
Шаған Жалпы орта білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ханов Шохан Уалиханович

Қазақ тілі 5 сынып
Тақырыбы: Антонимдер
Мақсаты: Антоним сөздер туралы мағлұмат беру, омоним, синоним сөздермен салыстыра білуге үйрену.
Күтілетін нәтиже 1. Антонимдер туралы білім алады.
2. Антоним сөздерді омоним, синоним сөздермен салытрады.
3. Сөздердің сипатына қарай өмірде қолданады.
Керекті жабдықтар: Проектор, ресурстар, түрлі түсті стикерлер.

Сабақ кезеңдері
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім әрекеті
Оқушылармен амандасу.
Сергіту сәті.
«Шаттық шеңбері» тренинг өткізу. Тренинг арқылы оқушылар өздеріне, бүгінгі сабақтың жақсы өтуіне бір - біріне тілек білдіреді.

Оқушыларды топқа бөлу.
Оқушыларды ІІІ топқа бөліп отырғызамын

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Ыстық орындық» әдісі арқылы.
83 - жаттығу. Көп нүктенің орнына бір - бірімен синоним болатын сөздерді қойып жазу.
ІІІ топтан кезек - кезек үш оқушы шығып сұрақтарға жауап береді.
1. Лексика дегеніміз не?
2. Сөздердің тура және ауыспалы мағынасы дегеніміз не? мысал келтір
3. Көп мағыналы сөздер дегеніміз не? мысалдар келтір
4. Омонимдердің анықтамасын айт. Мысал келтір
5. Синоним дегеніміз не? Мысалы.
6. Сіздер күнделікті өмірде омоним және синоним болатын сөздерді қаншалықты жиі қолданасыздар?
7. Синонимдер қандай белгілеріне қарай топтастырылады?
Бағалау "Қолпаштау"

ІІІ. Жаңа тақырып
Сабақтың мақсатымен таныстыру
Жаңа тақырыпқа жазылған мысалды оқытып, өздеріне ереже шығарту, мақал - мәтелдер арқылы білімін кеңейту, антоним сөзі қай тілден шыққанын, жасалу жолдарын таныстыру.
- Ендеше сіздер мысалдарға сүйене отырып қандай қорытындыға келдіңдер?
- Балалар, антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды, болымсыздық мағыналар бірдей емес. Оларды былайша салыстырып көруге болады.
Тақтаға жазылған мақал - мәтелдерді оқып, антонимдер мен болымды, болымсыздық мәндегі сөздерді табамыз.

Оқушыларға мақалдарды бөліп беремін, өздері осы қағаздағы мақалдардан қарама - қарсы мағынадағы сөздерді анықтап айтады. ІІІ топқа бөліп беру.
▪ Мақалдар. (кеспе қағазда)
1. Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.
2. Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады.
3. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
4. Ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос
5. Ақылдан жақын дос жоқ,
Ашудан жаман қас жоқ.
6. Дұшпанға тастай қатты бол,
Досыңа балдай тәтті бол.
7. Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады.
8. Жаман сөз – жанға кірген тікен,
Жақсы сөз – таусылмайтын кен.
9. Күшті мен алысқан әлсіз өз қолын сындырады.
10.. Жаман сөз жылатады,
Жақсы сөз жұбатады.
11. Білімді – алтын көзі ашылатын,
Надан жан – қара бақыр шашылатын.
12. Көп сөз — күміс. Аз сөз - алтын.

▪ Болымды – болымсыз:
1. Мал сақтама, ар сақта.
2. Малыңа сүйенбе, арыңа сүйен.
3. Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.
4. Жүйелі сөз жүйесін табар,
Жүйесіз сөз иесін табар.
5. Ердің өзіне қарама, сөзіне қар
6. Білімді білімсіздің мыңын жеңер.
7. Піл күшті,
Піл күшті емес, тіл күшті.
8. Көп сөйлеген қалайда жақсы емес.

Негізгі бөлім
Топтық тапсырма
Сын есім
І топ:
ауыр - жеңіл,
кең - тар,
ыстық - суық,
жас - кәрі
артық - кем,
аш - тоқ,
арық - семіз,
оңай - қиын
жақсы - жаман, нашар.
кіші – үлкен
Етістік

ІІ топ:
озу - қалу,
кету - келу,
қону - ұшу,
шашу - жинау,
ашу - жабу,
кіру - шығу,
күлу - жылау,
сату - алу
қуану - өкіну.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 568
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз және оның мағынасы. Синоним дегеніміз не?
Сөз және оның мағынасы. Синоним дегеніміз не?
Синоним, антоним, (сөздік қолдану) сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану.
Антоним дегеніміз не?
Антоним дегеніміз не?
Синоним, антоним, омоним (сөздік қолдану, сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану) Антоним сөздерді ажырату мағынасын түсіну. Сөйлеу барысында қолдану, білу.
Антоним
Антоним
Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы болатын сөздер антонимдер деп аталады. Мысалы: ақ - қара, қараңғы - жарық, ашық - жабық т. б. Антонимдер – ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы.
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы
Айтылуы бірдей мағынасы әр түрлі сөздер туралы түсінік беріп, жаңа тақырыпты мысалдар арқылы меңгерту, сөздердің мағыналарын таныту. Қазақ тілінің сөз байлығы жайлы тоқталып, ана тіліне құрмет сезімдерін арттыру.
Мақал – мәтелдер
Мақал – мәтелдер
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Шаған Жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ханов Шохан Уалиханович
Антонимдер
Антонимдер
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, №4 Алға орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Таджибаева Ақкенже Боранбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×