Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Коучинг. Құқық бұзушылық

20 ақпан 2016, Сенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Құттықожа ауылы, №164 орта мектебінің
математика пәні мұғалімі Исаева Гүлжаухар Қаратайқызы

Коучинг жоспары
Сaбaқ тaқырыбы: Құқық бұзушылық және оның алдын алу жолдары
Жaлпы мaқсaты: Жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылық пен қылмыс белгілері, түрлерін еске түсіру, оқушылардың құқық бұзушылығының алдын алу жұмыстарын үйлестіру тәсілдерін талдау, негіздеу.
Сiлтeмe: ҚР Конституциясы кітапшасы, Бала құқықтары туралы Конвенция, Бала құқығын қорғау туралы тұжырымдама, халыққа құқықтық көмек «Бала құқығы» жадынамасы.
Күтiлeтiн нәтиже: 1. Жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері жайлы баптарды, құқық бұзушылық, қылмыс белгілері және түрлерін біледі;
2. Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын бірге талдайды, оны тәжірибесінде қолданады;
3. Қоғамның құқықтық тәрбиесін арттыруға ықпал етеді.
Түйінді идеялар: Құқық бұзушылықтың түрлері, оларды қарастыратын құжаттар, бала құқықтары, құқық бұзушылықтың шығу себептері, оның алдын алу жұмыстарын үйлестіру тәсілдері
Рeсурстaр: үлeстiрмeлi мaтeриaлдaр, A2 фoрмaтты қaғaздaры, стикeр
Дeрeккөздeрi: Слaйдтaр, презентация «Құқық бұзушылық түрлері», бейнежазба «Балалар неліктен қылмыстық әрекетке барады»

Кoучинг сeссияның өту бaрысы
І. Сәлeмдeсу. Жағымды психологиялық ахуал туғызу. «Ыстық алақан» тренингі
- Біреуіміз ана немесе әке, екіншіміз бала боламыз. Алақандарымызды бір - біріне түйістіреміз. Нені сезінетінімізді, еркелету фразаларын жағымды сөздер арқылы жеткіземіз. Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру: иә десеңіздер - қолдарыңызды шапалақтаңыз; жоқ десеңіздер - аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.
1) Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламалардан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
2) Баланы тәрбиелеуге не нәрсе ықпал жасайды?
- егер жанұя десеңіздер жымиып, айналамыз
- егер қоршаған орта, қоғам десеңіздер қолды алдымызға соғамыз.
3) Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
- егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға соғамыз
- егер «ана» десеңіздер, жымиыңыз
- егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды жоғары көтеріп шапалақтаңыз.

ІІ. Тoпқa бөлу. Коучингке қатысушылар қиылған суреттерді құрастыру арқылы топтарға бөлінеді (түзу және қисық ағаш).

ІІІ. Тақырыпты ашу(Ұжыммен жұмыс). Бейнежазба көру, әңгімелеу, ой түю
«Ротация» әдісі бойынша топта сұрақтарды талдау:
1. Құқық дегеніміз не?( Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған заң арқылы қорғалған тәртіптік шара)
2. Құқық бұзушылық дегеніміз не? (Міндеттер нормасын бұзатын заңға қайшы іс - әрекет)
3. Балалардың құқығы қай құжатта қаралған? (БҰҰ - ның Бала құқықтары туралы Конвенциясы – әрқайсысы белгілі бір құқықты сипаттайтын 54 баптан тұратын бала құқықтары туралы құжат. Конвенция - арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт)
4. Баланың қандай құқықтарын білесіздер? (өзіне есім мен азаматтық алуға, өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге, тынығуға және мәдени демалуға, ой – пікір, ар - ождан және дін еркіндігіне, өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға, денсаулығын сақтауға, емделуге, өз ойын еркін айтуға, бiлiм алуға құқылы)
5. Бала тәрбиесіне әсер ететін орта (отбасы, мектеп, құрбы - құрдастары)

IV. Презентациямен таныстыру. «Құқық бұзушылықтың түрлері»

V. Сергіту сәті (топпен жұмыс). «Бала тәрбиесі» тәжірибе: Стақанға сүт құямыз, оған ас содасын салып араластырамыз. Сосын уксус құямыз. Сүт ыдысынан тасыды. Бұл құбылысқа қарап бала тәрбиесі жайлы не айтуға болады?

VI. Кіші жоба дайындау, қорғау(топпен жұмыс).
1. Жасөспірімдердің қылмысқа бару себептері
2. Жасөспірімдердің құқық бұзушылығын алдын алу жолдары
(А. Еңсепов күй «Детство»)

VII. Кeрi бaйлaныс пaрaғы: - Бүгінгі коуч сабағынан не түйдіңіз?
- Сіздің көңіл - күйіңіз және шешіміңіз.
7 402
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі құқықтық жауапкершілігі
Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі құқықтық жауапкершілігі
Сабақтың мақсаты: Ата - аналарды Қазақстан мемлекетінің негізгі құқықтарымен таныстырып, ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімдегі шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыруда, өз құқықтарын терең сезінуге ықпал ету.
Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы
Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы
Атырау облысы, Индер ауданы, С. Сейфуллин атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Оразаева Әсем Валиханқызы
Мен бала құқығын қорғау конвенциясы туралы не білемін?
Мен бала құқығын қорғау конвенциясы туралы не білемін?
Тақырыбы: “Мен бала құқығын қорғау конвенциясы туралы не білемін?” Мақсаты: Оқушыларды жалпы құқық тәрбиесіне баулу. Міндеті: Оқушының мектептегі құқық тәрбиесіне байланысты іс - шараларға қатыстыру. Оқушы өз міндеттері мен құқықтарын мектепте
Мен және менің полициям
Мен және менің полициям
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қожамберді ауылы, №162 орта мектеп Мектеп директордың тәрбие жөніндегі орынбасары. Опашова Жанагул
Полиция – дос және қорғаушы
Полиция – дос және қорғаушы
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кенжесариева Аманкүл
Бала құқықтары мен міндеттері
Бала құқықтары мен міндеттері
Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×