Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Коучинг. Кері байланыс

20 ақпан 2016, Сенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
Құттықожа ауылы №164 орта мектебінің
математика пәні мұғалімі Исаева Гүлжаухар Қаратайқызы

Коучинг жоспары
Сaбaқ тaқырыбы: Оқу үдерісіндегі кері байланысты орнатудың тиімді жолдары
Жaлпы мaқсaты: Мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы, оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау, кері байланыстың маңыздылығын ашу, кері байланысты ұйымдастыру жолдарын анықтау. Оқушылардың көңіл - күйіне, сабақтағы іс - әрекетке, оқу материалдарына рефлексия жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп қарастыру.
Сiлтeмe: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 105 - бет. Үлестірмелі нұсқаулық
Күтiлeтiн нәтижe:
- тиімді кері байланыс оқушыларға өз күші мен осал жерлерін, осылардың өз оқуын жақсартуға қаншалықты көмек беретінін түсінеді;
- оқушылармен жұмыс істегенде олардың оқуын жақсартатындай тиімді кері байланыс құра алатын жағдайда болады;
- кері байланыстың тиімді әдістерін жүзеге асыруды жоспарлай алатын болады.
Түйінді идеялар: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер арқылы табысты оқытуға қол жеткізу. Сабақтағы кері байланыс, оның түрлері, әдістері. Кері байланыс мұғалімнің тәжірибесін және оқушының білім деңгейін жоғары дәрежеге көтереді.
Рeсурстaр: А - 4 парақтары, стикер, интерактивті тақта, флипчарт, маркер, қалам, бағалау парақтары
Дeрeккөздeрi: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді оқыту жөніндегі нұсқаулық
Интербелсенді әдістемені ЖОО - да қолдану мәселелері /А. Әлімов/
Мұғалімге арналған нұсқаулық Power Point

Кoучинг сeссияның өту бaрысы
I. Сәлeмдeсу. Жағымды психологиялық ахуал туғызу: «Комплименттер бұрқасыны» тренингісі: шарға тілектер жазады, шарларды басқаларға лақтырады, тілектерді оқиды.

II. Тoпқa бөлу. Шар түстері арқылы топқа бөлу (қызылдар, көктер, жасылдар)
Бастапқы кері байланыс:(көңіл - күй мен эмоциялық жағдайға кері байланыс. Мұғалімдердің коучингке эмоциялық тұрғыдан дайындығын байқау) Мұғалімнен сабақ басында қалаған карточкасын көрсетуді сұрайды (қызыл - көңіл күйі түсіңкі, жасыл - көңіл күйі көтеріңкі)

III. Тақырыпты ашу(Ұжыммен жұмыс). «Бір минуттық ой» әдісі: «бағдаршам» дегенде сіздерге қандай ой келеді, ақ параққа ойларыңызды түсіріңіздер.

IV. «Таза тақта». Бірлескен талдау:
- Қалай ойлайсыздар, сабақтағы кері байланыс немесе рефлексия деген не?
- Кері байланыстың (рефлексияның) мақсаты не?
- Кері байланыстың қандай түрлерін білесіздер?
- Қандай әдіс - тәсілдері бар? (ойларын флипчартқа түсіреді, топ мүшесі қорғайды)

V. «Шағын дәріс». Power point арқылы кері байланыс түрлері, әдістері туралы қысқаша мәлімет беру (слайд бойынша). (Мұғалімдер түртіп алады)

VI. Сергіту сәті. «Жеміс - жидектер салаты» Қатысушылар дөңгеленіп отыруы керек. Отырғанда бір орындық бос болмауы қажет. Жүргізуші ортасында тұрады. Алғашқы үш ойыншы өзінің ұнататын жемістерін атайды. Басқалары әрі қарай жалғастырып аталған жемістердің бірін таңдап алуы қажет. Жүргізуші бір жемісті атайды, сол жемістің атымен аталған ойыншымен орындарын ауыстыруы керек. Жүргізушінің мақсаты – бос орындықты иелену. Орынынан айырылған ойыншы жүргізушінің қызметін атқарады. Егер жүргізуші «Жеміс салаты» десе бәрі орындарымен ауысуы керек.

VII. Кіші жоба дайындау, қорғау (топпен жұмыс).
Сабақтарға кері байланысты қалай ұйымдастырар едіңіздер?
І топ. «Қызығушылығын ояту» бөлімінде
ІІ топ. «Мағынаны тану» бөлімінде
ІІІ топ. «Ойтолғаныс» бөлімінде

VIII. Топтық кері байланыс сұрақтарын талқылау
Оқушылардан алынатын топтық кері байланыс сұрақтарын талқылау:
1. Жұмыс барысында топтағы қарым - қатынас тапсырманың орындалуына қалай әсер етті?
- жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыруға көмектесті
- жұмыстың жақсы жүруіне кедергі болды
- біздің қарым - қатынасымыз тапсырманы нақты орындауға мүмкіндік бермеді, топтағы қарым - қатынасымыз тапсырма орындаған сайын нашарлап кетті.
2. Топтағы қарым - қатынас әсіресе қай дәрежеде көбірек іске асты?
- ақпарат алмасуда
- өзара қарым - қатынаста
- өзара түсіністікте
- осы дәрежелердің бәрінде іске асты.
3. Топ мүшелері тапсырма орындау барысында қандай деңгейдегі коммуникативтік қиындықтарды сезінді?
- ақпараттың аздығы, жетіспеушілігі
- коммуникативтік құралдың тапшылығы (сөз байлығының төмен болуы, ойды дұрыс жеткізе алмау)
- тілдік, сөйлесу қарым - қатынасындағы қиыншылық
4. Жұмыс барысында қарым - қатынас жасаудың қай стилі басым болды?
- бір адамға бағытталған стиль
- тапсырманы орындауға бағытталған стиль
5. Тапсырма орындау барысында топта ауызбіршілік сақталды ма?
- топта ауызбіршілік пен серіктестік қарым - қатынас сақталды
- топтағы бірлік, ауызбіршіліктің бұзылғаны байқалды.
6. Топтағы сол жағдайдың болуына кім немесе не әсер етті?
- топтағы бір адамның өзін көшбасшылыққа итермелеуі
- топ мүшелерінің көбісінің ортақ қарым - қатынас орнатқысы келмеуі, немқұрайлылығы
- бірігіп істеуге берілген тапсырманы түсінбеу
- берілген тапсырманың қызықсыз, қиын болуы.

IX. «Жүректен жүрекке» тренингісі. «Керемет бақ» жаттығуы. Баяу музыка әуені ойнап тұрады.- Қазір барлығымыз көзімізді жұмамыз. Енді өздеріңізді гүлге теңеңіздер. Егер Сіз гүл болсаңыз, қандай гүл болар едіңіз? Жапырақтарыңыз қандай болар еді? Үлкен ме, әлде кішкентай ма? Қанық түсті ме, әлде ашық па? Ал енді елестетіп болсақ, осы ойымызды қағаз бетіне түсірейік. Мұнан кейін салынған суреттерді қиып алып, ілулі тұрған «жүрекке» орналастырамыз. Талқылау: - Қарап отырсақ, барлығымыздың гүлімізге орын жетеді екен. Бәріміз де гүлімізді өзіміз таңдаған орынға орналастырдық. Гүлдеріміз әр түрлі, бойы да әр түрлі, қаншама гүлмен көмкеріліп тұр. Осы гүлдердің барлығына да жарық пен жылу керек (гүл - бала, жүрек - мұғалімнің жүрегі)
X. Рефлексия. «Тазалық» ойыны.
Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған: шабадан, қоқыс жәшігі, еттартқыш: «Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды шабаданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгінгі сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)».(Коучингтен не білім алғандарын көрсетеді)
37 115
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері
Заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері
Жас мамандарға заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері туралы мәліметтер алуға жағдай жасау.
Оқушыларды оқыту үшін бағалау қаншалықты маңызды?
Оқушыларды оқыту үшін бағалау қаншалықты маңызды?
Мұғалімдерге нәтижеге қол жеткізу үшін оқушының уәжін көтермелеу арқылы оқу - оқыту сапасын жақсарту мақсатында формативтік бағалау жүргізудің маңыздылығын ұғындыру.
Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану
Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану
Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімді әдіс - тәсілдерін анықтау.
Сабақтағы кері байланыс
Сабақтағы кері байланыс
Әріптестер арасында оқыту мен оқуды жетілдіру үшін оқушылардың рефлексивті іс-әркетінің тиімділігі туралы тәжірибе алмасу арқылы тиімді ұйымдастырылған кері байланысты маңыздылығын ұғындыру, тәжірибелеріне енгізуге бағыт - бағдар беру.
Коучинг
Коучинг
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Қалмұратова Дүрия
Сабақтағы кері байланыс
Сабақтағы кері байланыс
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Арасан ауылы, Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Молдабекова Салтанат Нүрекеқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×