Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар. Үй құстары. Дыбыс

22 ақпан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сауат ашу. ҚМЖ. 1 - сынып
Тақырыбы: Құстар. Үй құстары. Дыбыс
Пәннің аты: сауат ашу.
Мұғалім: Байдилдаева М. Ш
Сабақтың атауы Құстар. Үй құстары. Дыбыс
Мақсаты А) білімділік: Оқушыларға құстар туралы түрлі мағлұматтар беру, оның көп түрлілігін салыстыра отырып, пайдасын және тіршілік ету ерекшелігін түсіндіру;
Ә) дамытушылық. Оқушылардың ой - өрісін, тілін, құстарға деген қамқорлық көзқарасын дамыту.
Б) тәрбиелік: Құстарды қорғауға, жанашырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайдтар
Сабақтың әдісі: түсіндірме, сұрақ - жауап, ойын түрінде тапсырмалар орындау.
Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту Сұрақ - тапсырма:
1. Жануарлардың тобын ата.
2. Дала жануарларын неге «жабайы аңдар» дейміз?
3. Бірнеше жабайы аңдарды ата.
4. Үй жануарларын ата.
5. Үй жануарларының қандай пайдасы бар?

Психологиялық жаттығу
- Бүркітке не жарасады? (самғаған ) қолдарын жазып көрсетеді
- Шегірткеге не жарасады? (секірген)
- Ақ тауыққа не жарасады?(шоқыған)
- Ақылдыға не жарасады?(оқыған)
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану Оқулықпен жұмыс
Елдің әні, көлдің сәні, ең сұлу құс ол – аққу. Бұл құс жұбымен жүретіндіктен, жас жұбайларды аққуға теңейді.
Қыз есімдері ----------Ұл бала есімдері
Ақ..... -----------------------Қу......
Ақ..... ----------------------Қу......
Ақ.....---------------------- Қу......

«Жоғалған буындар» ойыны. Білімдерін сынап, байқап көру. Құстардың аттарын атап, қай топқа жататынын анықтап ажырату.
Үй -..., са -...- қан, та -..., қар -.., бұл -..., тор -..., тыр -.., бүр -..., ба -..- пан
Құс аттарына байланысты қойылған есімдер туралы түсінік беру.
Бұлбұл, Бүркітбай, Мекен, Шағала, Торғай, Қаршыға, Сандуғаш, Сұңқар

«Құстар қалай дыбыстайды» ойыны. Құстардың дыбыс шығаруына қарай ажыратып, атын атау.
1. қораз 2. тауық 3. бұлбұл 4. көкек 5. қарға 6. қаз 7. қарлығаш

Сергіту сәті
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?

Ой сергітеді, шаршағандары басылады

Ой толғаныс
1. Тақырыппен таныстыру
Бүгін сабағымызда құстар жайлы әңгімелейміз.
Құстарды «қанатты жануарлар» деп атайды. Олар табиғаттағы тіршілік ету ерекшелігіне байланысты әр түрлі болады: үй құстары, жабайы құстар.

«Адасқан құстар» ойыны. Әр топтағы құстарды дұрыс топтастыру
Жабайы құстар ----- Үй құстары
Бүркіт ----------------- Әтеш
Тауық ----------------- Тырна
Аққу ------------------ Үйрек
Қаз -------------------- Шағала
Тоқылдақ ----------- Түйетауық

«Қыран» сөзжұмбағын шешу. Құстардың атын біліп, оларды ажыратып, тану.
1. Елдің әні,
Көлдің сәні
2. Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады
3. Бейбітшілік құсы -...
4. Алшаң - алшаң басады,
Бірін - бірі көрсе қаңқылдасы
5. Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талтаңдап

Қосымша «Кім зерек?» ойыны. Суреттің жартысын көру арқылы қай құс екенін ажырату
1. бүркіт 2. тауық 3. түйетауық 4. қарлығаш 5. аққу
«Аққу» ойыны. Тез ойлап адамның есімдерін атап, мағынасын түсіндіру.

IV. Сабақты қорыту, бекіту, бағалау.
- Құстардың қандай түрлері бар?
- Жабайы құстарды ата
- Үй құстарын ата
- Құстардың қандай пайдасы бар? Күнделіктеріне жазып беремін

Үйге тапсырма Маған ұнайтын құстар әңгімелеу

Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады.
8 020
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аңдар қалай қыстайды?
Аңдар қалай қыстайды?
Табиғатты, аңдарды, қоршаған ортаны қорғауға, аялауға, сүюге тәрбиелеу;
Жабайы және үй жануарлары
Жабайы және үй жануарлары
Оқушыларды жабайы және үй жануарларымен таныстыру. Жануарлардың тіршілігі, пайдасы, мекендейтін ортасы және олардың төлдер туралы мағлұмат беру.
Құстар
Құстар
Оқушыларға жануарлардың топтары - құстар, туралы жалпы түсінік беру, тіршілік ету ортасы туралы мағлұмат беру. Құс атауларын ажырата білуге үйрету.
Құстар. Үй құстары
Құстар. Үй құстары
Қанатты жануарлар - құстардың табиғаттағы тіршілігі туралы соның ішінде жабайы құстар мен үй құстары туралы, олардың тіршілігі, дене бітімі, дамып - өсуі туралы түсінік беру.
Құстар. Үй құстары
Құстар. Үй құстары
Ақтөбе қаласы, «Сымбат»жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Б.С.Булекбаева
Жануарлардың көктемгі және қысқы мезгілдерге дайындығы
Жануарлардың көктемгі және қысқы мезгілдерге дайындығы
Жануарлардың көктемгі және қысқы мезгілге дайындығы тақырыбын оқушыларға жүйелі түрде меңгерту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×