Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Л дыбысы мен әрпі

10 қазан 2019, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Жылулық шеңбері:
- Балалар қанекей бүгінгі оқу іс - әрекетімізді бастамас бұрын бір - бірімізге жылы лебізімізді білдіріп, көтеріңкі көңіл күй сыйлайықшы.
Бақыт деген осы шаттық шеңбері
Қол ұстасып тұрайықшы, кел бері
Бақыт деген көрмей қалса сағынып,
Мен іздейтін адал жүрек сендегі.

Ойын: «Сөз ойла – тез ойла!»
Сөзжұмбақ жасыру
«Мә - мә»деген әні бар
Секірер ор, жары бар
Селтеңдейді құлағы
Секіргіш бір жануар
Ол не екен балалар?

«Лақ»сөзін айтып көрейікші. - Балалар «Лақ» сөзінде бірінші қандай дыбыс естіп тұрмыз?
Л дыбысы неге ұқсайды

- Балалар мынау «Л» дыбысының әріп таңбасы, мынау баспа түрі, ал мынау жазба түрі Л дыбысына дыбыстық артикуляция жасау. Кедергімен бе, әлде кедергісіз бе?
- Өте жақсы, олай болса «Л»дыбыс қандай дыбыс екен?
-«Л» дыбысы дауыссыз дыбыс болса онда оны қандай текшемен белгілейміз?
«Менің орным қайда?»
л - дыбысы сөздің басында ортасында аяғында да кездесетінін мысал келтіріп, қортынды жасату.
– Мысалы: лақ сөзінде л дыбысы сөздің басында келеді ал, бал сөзінде сөздің аяғында, балапан сөзінде сөздің ортасында келеді.

Оқулықпен жұмыс
1. Тапсырма «Дыбыстық талдау»
Тал, алға, лала
2. Тапсырма.«Олар не істеді?» Сөйлем құрау.
3. Тапсырма. Буындарды оқы

Сергіту сәті: Жалт - жұлт етіп лақ,
Жағалайсың бұлақ,
Секірем деп бірақ,
Қала көрме құлап. (2рет)

Тіл жаттықтыру жаттығуын жасату.
Ра – ра – ра – келді ұшып ара,
Ла – ла – ла – араның үсті ала.

Жазба жұмысы. «Л»- дыбысын, кәне ауада жазып көрейік. Жазу кезіндегі отыру ережесін еске түсіріп, нүктелерді бастыртып жаздырту. Дәптердегі үлгіге қарап «л»- дыбысын баспа түрін жазады
«Қай әріп жоғалып қалды?» "Дауысты - дауыссыз" дыбыстар ойыны
Балалар, қолдарындағы көк, қызыл түсті дөңгелек - таяқшалармен дыбыстарды ажыратып береді.
27 931
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Л дыбысы мен әрпі
Л дыбысы мен әрпі
Л, л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Л дыбысы бар сөздерді ойлап табуға, дауысты – дауыссыз дыбыстарды бір – бірінен ажыратуға, баспа түрде жазуға дағдыландыру. Ойын арқылы тілдерін, ой - өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
П п дыбысы мен әрпі
П п дыбысы мен әрпі
- Пияз сөзі қандай дыбыстан басталып тұр? - П дыбысы дауыссыз дыбыс. П дыбысын көк түспен белгілейміз. П дыбысын айтқанда жоғарғы ерін төменгі ерінге жуық тиіп, тез ажырап кетеді. - П әрпі сөздің басында, ортасында, соңында келеді. - Парта, дәптер,
Ғ дыбысы және әрпі
Ғ дыбысы және әрпі
Ғ дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру. Ғ дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасауға, буынға бөліп оқуға жаттықтыру.
Ш дыбысы мен әрпі
Ш дыбысы мен әрпі
Ш, ш дыбысы мен әріп таңбасымен таныстру. Ш дыбысына мысалдар келтіргізу арқылы сөздік қорларын толықтыру, байланыстыра сөйлеуге уйрету.
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Ә дыбысы және әрпі
Ә дыбысы және әрпі
Ә дыбысы және әрпімен таныстыру. Ә дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Ә дыбысы сөздің басында, ортасында келетінін түсіндіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×