Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұшып келем

30 наурыз 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сарқан қаласы, Абай атындағы мектеп - гимназия
Бастауыш сынып мұғалімі Бекболатова Дана Каиролдановна

Ана тілі
Сабақ тақырыбы: Ұшып келем
Мақсаты: Оқушыларға С. Жиенбаевтың «Ұшып келем» өлеңінің негізгі идеясын меңгерту, байланыстырып сөйлеу шығармашылықпен ойлау дағдыларын дамыту, туған жердің құдыретін дәріптеу
Түйінді идея: Туған жердің қадірін түсіне білу, туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас
Әдістер: «Бір айналым сөйлем», «Конверттегі сұрақ», «Домино», «Қабырғаға қарап оқу», «Лездеме», «Жанды суреттер», синквейн, постер, эссе,
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, стикерлер, А - 3 форматы, фломастер, маркерлер, түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы, ұшақтың, тік ұшақтың, зымыранның, құстың, ұшқыштың суреті, смайликтер, парақшалар, «Бағдаршам», «Шығу парағы», «Бағалау парағы»,
Оқыту нәтижелері:- С. Жиенбаев туралы мәлімет алады
- өлеңнің негізгі идеясын ұғынады;
- мәнерлі оқу, байланыстырып сөйлеу дағдылары дамытылады;
- шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдырылады;
- өлең бойынша ашық және жабық сұрақтар қоя алады

1 - кезең.
Қызығушылықты ояту:
- ұйымдастыру;
Сабаққа психологиялық жағымды ахуал туғызу.
Әр оқушының алдында жеке өз білімін бағалау парағын таратамын. Әр топқа 4 парақтан.
Үй тапсырмасын тексеру
Бағалау (топты бағалау, өзін - өзі бағалау) парағын таратып береді.

«Қызықты жазулар» стратегиясы
Сабақ басталмас бұрын партаның астына стикерлер жапсырып қою. Сол стикерді тапқан бала үй тапсырмасын айтады.
Топқа бөлу
«Домино»әдісі
Топқа бөлу. Оқушыларға
түрлі - түсті
қағаздардан қиылған ұшақтың, құстың, зымыранның, тік ұшақтың суреттері таратылып береді. Оның артында мақал - мәтелдер жазылған.
Тапсырма: Қай топ тез арада мақал - мәтел құрар екен. Шапшаң құраудың жолын өздерің ойлап тапқандарың абзал.
Сұрақ: қалай тез құрап жібердіңдер?
- Бұл мақалдардың ұқсастығы неде?
- Бүгін сабақта не туралы сөз қозғаймыз?
АКТ суреттер
- Ұшақ, жылқы, туған жер, құс, зымыран суреттерінің бүгінгі сабаққа қандай байланысы бар?
- Сабағымыз қандай мақсатпен өтеді деп ойлайсыңдар?
Топ басшыларын сайлау

Топ басшыларын, өз топтарыңызда ақылдасып сайлау керек. Топ басшылары партада жатқан топқа арналған бағалау парағын толтырып отыру қажет.
Бағалау парағын таратып береді.

Толық нұсқасын жүктеу
2 017
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған елім, туған жерім бөлімін қайталау.
Туған елім, туған жерім бөлімін қайталау.
Мақсатын жетілдіруге ұмтылуға. ұқыптылыққа, байланыстырып сөйлеуге, сауатты жазу дағдыларын жетілдіруге, өздігінен жұмыс істеуге, өз жұмысын бақылауға тәрбиелеу.
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
«Үш бақытым» өлеңімен таныстыру. Оқушыларды Мұқағали Мақатаев өмірімен таныстыру; Оқушыларды туған жерін, елін қорғай білуге баулу. Патриоттық сезімдерін ояту және ой белсенділігін арттыру.
Ардақты ана Ә. Дүйсенбиев
Ардақты ана Ә. Дүйсенбиев
Ана туралы түсініктерін кеңейту, сүйіспеншіліктерін ояту. Өлеңнен мәнерлеп оқу дағдылары қалыптасады.
Тасбақаның шөбі. Әбіш Кекілбаев
Тасбақаның шөбі. Әбіш Кекілбаев
Атырау қаласы, №10 С. Мұқанов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қожахметова Марал
Туған жердің ыстығы - ай
Туған жердің ыстығы - ай
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі; Шопанбекова Ғазиза Жөкенқызы
Туған жердің ыстығы - ай
Туған жердің ыстығы - ай
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы №5 ОМ Бастауыш сынып мұғалімі Жақсыбаева Р. А.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×