Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сан есім

21 сәуір 2016, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Бастауыш сынып мұғалімі: Абдиева Жұлдызай Қалдыбайқызы

Қазақ тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты: Сан есім жайлы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
1. Алға қойылатын мақсатқа жете алатын оқушы тәрбиелеу. Әр оқушы өз білімдерінің деңгейін, мүмкіндігін, іскерлігін, біледі.
2. Тақырып бойынша ауызекі сөйлеу тілін дамытады, жазбаша жұмыстар арқылы сауаттылығын арттырады, сөздік қорын дамытады сөйлеу мәдениетін қалыптастырады.
3. Түрлі тапсырмалар арқылы есте сақтау қабілетін, ойлау, қабылдау қабілетін дамытады, өз еркімен жұмыс жүргізеді.

Күтілетін нәтиже:
Сан есім жайлы мағлұмат алып, сөйлем талдауда ажырата біледі. Мақсат қойып, мақсатқа жете алатын тұлға, адамгершілік және рухани құндылықтарға бай оқушы қалыптасады.
Сабақтың әдіс - тәсілдері:
Топқа бөлу, Семантикалық карта, «Мюнстерберг» әдісі, «Артығын ал» әдісі, «Басбармақ» әдісі, Ойын, «Бұл мәлімет шындық па немесе жалған ба?» әдісі, «Балыққаңқасы» әдісі
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Ұйымдастыру (2мин)
Оқушыларды түгелдеу
Оқу құралдарының дайындығын тексеру.
Сынып тазалығына назар аудару

Психологиялық дайындық (2мин )
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

Топқа бөлу (1 мин)
Оқушыларды ретімен саналуы бойынша топқа бөлу.
1. Топ ережелерін бектіу;
2. Топ мүшелерін тағайындау;

Үй жұмысын тексеру (5 мин)
4 - жаттығу
Әлемнің жеті кереметінің бірі – Мысырдағы пирамида.
Ит жеті қазынаның бірі болып саналады. Ғарышқа екі қазақ ғарышкері ұшты. Бір минутта алпыс секунд бар. Он бес пен он бестің қосындысы отыз болады. Домбыраның екі ішегі, жеті пернесі бар. Еліміз тоғызыншы мамырда Жеңіс күнін тойлайды.

Үй жұмысын қорытындылау (5 мин)
Семантикалық карта
Сөз таптары ----- Зат есім ------ Етістік ------ Сын есім ----- Сан есім
1. Бесінші
2. Дәптер
3. Қызыл
4. Келді
5. Он

Жаңа сабақ
«Мюнстерберг» әдісі бойынша жаңа сабақты ашамын. (1 мин)
«Балыққаңқасы» әдісі (2мин)
САН ЕСІМ туралы түсінік

Шаталовтың тірек – сызбалар технологиясы арқылы түсіндіру (5 мин)
1 - жаттығу
1. Сан есімнің сұрақтарын жаз.
2. Нешеу? сұрағына жауап беретін сөздерді жаз.
3. Мың, алпыс, бір, екі, алты сөздеріне – ыншы, - ншы, - інші, - нші жұрнақтарын жалғап жаз. Оларға сұрақ қой.

Тірек сызбаларды плакаттар бойынша қысқаша мазмұндау (2 мин)
Плакаттағы тірек сызбалар арқылы түсіндіру жүргізіледі.

Тірек сигналдары түскен плакаттың сыныпта тақтаға іліп қою. (30 сек)
Мұғалім плакаттарды тақтаға іліп қояды.

Дәптермен жұмыс (3мин)
Көркем жазу
Б
Бала
«Артығын ал» әдісі (5 мин )
2 - жаттығу
Берілген сөздердің ішінен сан есімдерді тауып, зат есімдермен тіркестіріп жаз.
Қырғауыл, елу, күйші, жеті, шәкірт, қобдиша, төрт, сексен екі, планета, тоғыз.

Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыр

«Басбармақ» әдісі (30 сек)
«Басбармақ» әдісі арқылы топтар бір - бірін саусақтармен бағалау

Топтық жұмыс (2мин)

3 - жаттығу
Жұмбақты оқып, шешуін тап
Қырық қабат жейде,
Осыны да жейді ел.
(қырықабат)

Толық нұсқасын жүктеу
1 864
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Дара сан есім бір сөзден жасалады: бес, алты, бір, үш. Күрделі сан есім екі не одан да көп сөзден жасалады: он тоғыз, екі жүз алпыс төрт, он екінші, қырық бес, бесінші.
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой-өрісін, шығармашылығын, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, өз ойын толық жеткізе білуге үйрете отырып, әрбір оқушының жеке даралығын дамыту, тәрбиелеу.
Сан есім Факультативтік сабақ жоспары
Сан есім Факультативтік сабақ жоспары
Сан есім туралы білімдерін тереңдету, сан есімнің мағыналық түріне қарай неше топқа бөлінетінін таныстыру. Оқушылар сан есім және сан есімнің түрлерін, есептік сан есімді реттік сан есімге айналдыруды біледі.
Есім хан (1598 – 1628 ж)
Есім хан (1598 – 1628 ж)
Есім ханның тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы туралы жан жақты түсінік беру, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, елжандылыққа және ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Жоспарлау әдісі туралы түсінік
Жоспарлау әдісі туралы түсінік
Бастауыш сынып мұғалімі Воронова Күләйім Бексұлтанқызы
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Карағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кенті, № 1ОМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуалиева Жанна Болатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×