Білімділер поралы

Күнделікті сабақ жоспары. Биосфера туралы ұғым. Тірі ағзалардың алуан түрлілігі және таралу заңдылықтары.

Күнделікті сабақ жоспары, география 6 сынып
Тақырыптар:
32 - сабақ. Биосфера туралы ұғым. Тірі ағзалардың алуан түрлілігі және таралу заңдылықтары.
Тірі ағзалардың жер қабықтарына әсері.
33 - сабақ. Географиялық белдеулер мен зоналар. Экваторлық және субэкваторлық белдеулер.


Күні:
Сынып: 6
Тақырып: Биосфера туралы ұғым. Тірі ағзалардың алуан түрлілігі және таралу заңдылықтары.
Тірі ағзалардың жер қабықтарына әсері.
Мақсаты:
Білімділік мақсаты – Биосфера тіршілік ортасы екендігін дәлелдей отырып, табиғаттағы тіршіліктің бір - бірімен байланыстылығын анықтау. Дүниетану пәні бойынша табиғат туралы байланысты еске түсіру. Неліктен әр жерде әр түрлі тірі ағзалар таралған, оның басты себептерін түсіндіру. Қоршаған ортаға бейімдеушілік қасиеттеріне тоқталу. Ағзалар мен жер қабықтары арасындағы байланысты ашу. Биосфера туралы түсінікті дамыту.
Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой - өрісін жоғарылату, таным белсенділіктерін арттыру, тірек білімдерді есте сақтауға үйрету, жер қабықтарының арасындағы байланысты сипаттай алу, жаңа ұғымдарды түсіндіре алу қабілеттерін және қызығушылықтарын дамыту, экологиялық білімдерін жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушыларды ынтымақтастыққа, дербестікке, шығармашылық ойлауға тәрбиелеу. Өз ойлары мен пікірлерін еркін жеткізе алуға, тапқырлыққа, ізденушілікке үйрету. Экологиялық тәрбие.
Оқу құралдары: Оқулық, 6 сынып Атлас, дүние жүзінің жарты шарлар физикалық картасы, Қазақстанның физикалық картасы
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндірмелі - иллюстративті әдіс
Сабақ жоспары: І кезең – ұйымдастыру (3мин)
ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (15 мин)
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (10 мин)
ІV кезең – бағалау кезеңі (3 мин)
V кезең – үй тапсырмасын беру (2 мин)
VІ кезең – қорытынды кезеңі (2 мин)

Сабақ барысы:
І Мұғалім оқушылармен амандасып, сабақта кім бар - жоғын тексереді. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

ІІ Мұғалім Жер шары қабықтарын сұрай отырып жаңа тақырыпты түсіндіруді бастайды. Жер планетасындағы биосфера географиялық қабықтың тірі ағзалар мекен ететін, қоныстанған және өзгерткен бөлігі. Биосфера атмосфера қабығының төменгі бөлігін, гидросфераны толықтай, литосфера қабығының беткі бөлігін қамтиды.
Тірі ағзалардың жер бетінде таралу заңдылығын талқылай отырып, биогеография ұғымымен таныстырады.
Кейін тірі ағзалардың географиялық қабықтарға әсерін қарастырады. Осыдан топырақтың түзілуіне тоқталады. Топырақ құнарлығы туралы айтып кетеді.

ІІІ Тақырыпты бекіту үшін «биосфера» түсінігін ашатын сызбанұсқа салу тапсырмасын береді. Кейін жаңа ұғымдардың анықтамаларын сұрайды. Сабақтың соңында тест тапсырмаларын береді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Bekamaster
    Жазған: Bekamaster
  • Жетыген
    Жазған: Жетыген
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 116
Қолданушылар: 2
Қонақтар: 114
Роботтар: 2
Заңғар Alina
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика