Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектепті өзгерту үшін, маған не істеу керек? Рефлексивтік есеп

27 қыркүйек 2016, Сейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Мектепті өзгерту үшін, маған не істеу керек?
Рефлексивтік есеп.
«Дұрыс әрекет - мақсатқа жеткізер жолды дұрыс таңдаудан басталады»- деген екен, ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл - Фараби. Мектепке өзгерісті неден бастау керек?- дегенде ең алдымен ғалымның осы сөзі есіме түсті. Ендеше, өзгерту үшін, ең алдымен, тиісті іс - шаралар жоспарының нобайы құрылуы керек - деп ойлаймын.

Менің білуімше, жоспарды жасамас бұрын,«Жаңа цикл туралы» ақпарат жинақтау қажет. Яғни, үдеріс басталмас бұрын бұл жұмысқа мектеп ішінде және мектепте істемейтін адамдардан кімдерді тарту және оларды қалай тартуды, ойластыру, мектептің құндылықтарын, мақсаттарын, даму тұжырымдамасын қайта қарап, ұжым қандай жетістіктерге жеткісі келетінін шешіп алу керек. Бұған көмектесетіндер тек қана мектеп әкімшілігі емес, осы мектепте оқитын ата - аналардың балалары, ауыл әкімі, жергілікті тұрғындар, кәсіподақ, психолог, мед. бикелер, демеуші ұйымның өкілдері, мектеп ұстаздары және бірлестік жетекшілері бола алады. Осылай бірлесе жұмыс жасағанда, нәтижесі болады.

Бұл жағдай Ұлыбританияда жасалған зерттеулер негізінде дәлелденіпті. Ізденіс кезінде оқып таныстым. Сондықтан мектептің даму жоспары мен басымдықтар директордың кабинетінде шаң басып жатпай, жыл сайын қайта қаралып отыруы қажет. «Басымдықтарды белгілеу» кезеңінде мектеп басшысы мен басқарушы органдар келесі оқу жылының басымдықтарын анықтайды, іс – шараларын жоспарлайды. Басымдықтар саны олардың басқаруына болатындай мөлшерде болуы, яғни, мектепті жетілдіруде, басшылыққа алатын негіз болуы тиіс. Жоспардағы шығындар шынайы, ал атқарылатын іс - әрекеттер оңтайлы болуы керек.«Іске асыру және мониторингі» кезеңінде жоспарланған іс - шараларды жүзеге асыру қажет. Бұл, әрине, мектеп тәжірибесін жақсартуға ықпал ететіндігімен маңызды. Мониторинг кезінде жұмыс жоспарына сәйкес, тапсырмалардың орындалуын тексеру, табыс критерийлерін есепке ала отырып, бастаманың ықпалы туралы мәліметтер жинау, талдауды есепке ала отырып, іс - шаралар жоспары мен үдерістерді пысықтау қажет. Бұған бағалау кезеңінде мониторинг жүргізу барысында алынған деректерді талдау және жұмыс нәтижелері туралы қорытынды шығару кіреді. Мақсатқа қаншалықты қол жеткізгенін байқау үшін табыс критерийлері есепке алынады. Біз осылайша, мектебіміздің құндылықтарын, мақсаты мен даму тұжырымдамасын қайта қарастыра отырып, жоспарды жаңғыртып, кейінгі шараларды жүзеге асыруда жұмыстар жасауымыз қажет.

Сонымен, көшбасшы мұғалім ретінде мектепке өзгеріс енгізу үшін мен мектептің сандық және сапалық дерек көздерін қолдандым.
Әріптестермен бірге топтық жұмыстарды орындау кезінде іс - әрекеттердің әртүрлі формалары мен жүйелерін іске асыра отырып, көптеген жұмыс түрлерімен таныстық, оны күнделікті іс - тәжірибеде пайдалануда белгілі бір нәтиже алуға болатынын ұғындым.
Қазіргі таңда өтіп жатқан әлеуметтік - экономикалық өзгерістер жағдайында Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне енуі кезінде мұғалімнің жеке тұлға ретіндегі, оның кәсіби біліктілігі айрықша мәнге ие болуда, өйткені ол мектептегі дәстүрдің жалғастырушысы мен жаңаруының кепілі болып отыр. Қай кезде де білім бастауы мектептен басталады. Сондықтан мектеп мәдениеті, мұғалімдерінің шығармашыл болуы, бұл барлық уақытта да бағалы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 434
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мектептің даму жоспары. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың ізденушілік қабілетін арттыру
Мектептің даму жоспары. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың ізденушілік қабілетін арттыру
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың ізденушілік қабілетін арттыру. Мектепті дамыту жоспарының (МДЖ) басымдықтары
Мектеп - біздің ортақ үйіміз
Мектеп - біздің ортақ үйіміз
Оқушылардың мектепті ортақ үйі ретіндегі көзқарастарын қалыптастыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Ата - аналар жиналысы: Баланың бас ұстазы ата - ана
Ата - аналар жиналысы: Баланың бас ұстазы ата - ана
Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Қазақ тілі сабақтарында интерактивті оқыту әдістерін қолдану
Қазақ тілі сабақтарында интерактивті оқыту әдістерін қолдану
Павлодар облысы, Май ауданы, Жалтыр жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Базылбаева Эльмира Егинбаевна
Неліктен маған және менің мектебіме өзгеріс қажет? (рефлексиялық есеп)
Неліктен маған және менің мектебіме өзгеріс қажет? (рефлексиялық есеп)
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Ө. Жаңабаев атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Шанбаева Асем Сабеновна
Мектебім – қуанышым
Мектебім – қуанышым
Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназия Бастауыш сынып мұғалімі Молжигитова Адина Жалгасовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×