Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сын есімнің мағыналық түрлері

22 қараша 2016, Сейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сын есімнің мағыналық түрлері
Қазақ тілі 6 сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаты:
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар орындай алады: Сын есімнің мағыналық түрлерін біледі.
Оқушылардың басым бөлігі: Сын есімнің мағыналық түрлерін, жасалу жолдарын ажырата алады.
Кейбір оқушылар орындай алады: Сын есімнің мағыналық түрлерін, жасалу жолдарын ажырату арқылы мәтіннен таба біледі, сөйлемдер құрастыра алады.
Пәндік мақсат:
Оқушылар орындай алады: Сын есімнің мағыналық түрлері бойынша кластер құра алады. Коллаж жасай алады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: қызғылт орамал, орманды алқап
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Талқылауға арналған сұрақтар: Қатыстық сын есім сын есім тудыратын жұрнақтар арқылы жасалады ма?
Не себепті...... деп ойлайсыз? Себебі, басқа сөз таптарына сын есім
тудыратын жұрнақтар жалғану арқылы қатыстық сын есім жасалады.
Жазылым бойынша ұсыныстар:

Алдыңғы оқу
Сан есім
Басы Тренинг: "Керемет" Слайд№1
Оқушылар шеңберге тұрып кезегімен бір - бірінің жақсы қасиеттерін айтып шығады.
Барлығы жақсы қасиеттерді айтып болғаннан кейін керемет екен деп айтып, бір мезгілде бас бармағын көрсетіп, қолдарын жоғары көтереді.
Топқа бірігу: Кәмпиттің түстері арқылы
1-топ - қызғылт
2-топ – жасыл
3-топ - сары
4-топ - күлгін

І. Үй тапсырмасын тексеру. Слайд? 2
Өзімді - өзім сынаймын (Тест)
1. Сын есім
а) заттың сынын білдіреді
ә) заттың атын білдіреді
б) заттың қимылын білдіреді
2. Заттың түсін білдіретін сын есімді тап
а) қорқақ ә) жасыл б) ашушаң
3. Сын есімнің сұрақтары.
а) не істеді?, ә) қандай?, қай? б) қанша?, неше?
4. Жұмбақты шешіп, сын есімді тап.
Белі бүкір, алысқа түкір
а) белі, ә) түкір, б) бүкір
5. Туынды сын есімді тап
а) жақсы, ә) тәртіпті б) биік
6. Сын есімді тап.
а) кеше ә) әлсіз б) жүгірді
7. Негізгі сын есімді тап
а) таза ә) әлсіз б) кешкі
8. Күрделі сын есімді тап.
а) заңгер б) ымырт б) шұбар ала
9. Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақ.
а) – лы ә)- шаң б)- еген
10. Дара сын есімді тап.
а) тап - таза ә) ақ б) өте жақсы

Ортасы
Миға шабуыл. Слайд №3, 4
Әр түрлі суреттерді көрсету арқылы тақырыпты ашу.
1. Жемістердің суреттері.
2. Әр түрлі табиғат.

ІІ. Жана сабақ. Слайд№5
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің мағыналық түрлері
1. Топтық жұмыс. Слайд№6, 7
1 топ. Сапалық сын есім. Кластер жасау.
2 топ. Қатыстық сын есім. Коллаж жасау.
3 топ. Тақырыптық түйінді сөздерді табу.
4 топ. Сурет бойынша сипаттау мәтін жазу.

ІІІ. Оқулықпен жұмыс. Слайд№8, 9, 10
1 топ. 98 - жаттығу. Сапалық сын есімдерді бір бөлек, қатыстық сын есімдерді бір бөлек екі бағанаға бөліп жаз.
Сапалық сын есім
ақшыл, жасыл, тәтті, үлкен, қымбат, жаман, қызылды - жасылды, ұзын, жарық, кең, қысқа

Қатыстық сын есім
аттылы, сөзді, балалы, отты, егінді, иманды, еріншек, көргіш, білгір, шексіз, алғыр, мінезді, өнерлі. Айтқыш

2 топ. 101 - жаттығу. Мәтінді оқып, мазмұнын
әңгімелеп беріңдер.
«Уақыт тізбегі» бойынша
3 топ. 101 - жаттығу. Мәтіннің құрамындағы сапалық және қатыстық сын сын есімдерді ажыратып, жасалу жолдарын айтыңдар.
Сапалық сын есімдер: ескі, жесір, керемет, шебер, үлкен, көк, әсем, кең, қызыл, көгілдір
Қатыстық сын есім: төбелі, өнерлі, кестелі, шатырлы, қабырғалы, жемісті, үйлесімді, жарасымды,

4 топ. Төмендегі сөздерден қатыстық сын есім болатындай сөйлемдер құрастырыңдар.
Тау, дене, күз, біл, шыда, қызған, көтер

IV. Сергіту сәті. Слайд№11
Бір сөзбен айтқанда.
1. Қиыстырып, тауып сөйлейтін сөзге ұста адам (шешен)
2. Айтқанға сене салатын, еш нәрсені байқамайтын адам (аңқау)
3. Тез ашуланатын адам (ашушаң)
4. Көрінгенге соқтыға беретін адам (ұрыншақ)
5. Керексіз көп сөйлейтін адам (мылжың)
6. Бойы ұзын адам (бойшаң)
7. Әркімнің сыртынан жаман сөз айтып жүретін адам (өсекші)

МДШО №17 жалпы білім беретін мектеп МКМ
Тузелбаева Гулнар Джаксыбековна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 038
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есімнің мағыналық түрлерін біледі, сөйлем ішінен таба алады.
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есімнің мағыналық түрлері туралы мағлұмат бере отырып, ұқсас қосымшаларды, бір - бірінен ерекшелігін ажырата білуге үйрету. Танымдық қызығушылықтарын ояту.
Қазақ тілінен емтихан билеттері 7 сынып
Қазақ тілінен емтихан билеттері 7 сынып
Қазақ тілінен емтихан билеттері 7 сынып №1 билет 1. Сын есімнің шырайлары
Метрополитен. Зат есімнің түрлері
Метрополитен. Зат есімнің түрлері
Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру. Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану.
Сан есім Факультативтік сабақ жоспары
Сан есім Факультативтік сабақ жоспары
Сан есім туралы білімдерін тереңдету, сан есімнің мағыналық түріне қарай неше топқа бөлінетінін таныстыру. Оқушылар сан есім және сан есімнің түрлерін, есептік сан есімді реттік сан есімге айналдыруды біледі.
Сан есімнің емлесі. Сан есімді қайталау
Сан есімнің емлесі. Сан есімді қайталау
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 163 орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Ысмайылова Алтынсара
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×