Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұхтар Әуезов «Жетім» әңгімесі

15 желтоқсан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Жетім» әңгімесі

Сілтеме: Жоспар - оқулық
Мақсаты: М. Әуезов туралы мағлұмат алу, әңгіменің тақырыбын ашу.
топтық жұмыстар арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру.
сөздік қорын молайту, көз алдына елестету қабілетін дамыту, мейірімділікке, мейірбандыққа және адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ \ шеберлік сынып\
Сабақтың әдіс тәсілдері: Жигсо әдісі Топтастыру, Концептуалды кесте, Автор орындығы, Ізденіс бұрышы
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, форматтар, кітап көрмесі, видео фильмдер, стикер, маркер, смайликтер, А3.
Күтілетін нәтиже: Автор туралы толық мағлұмат алады
Топта жұмыс істейді
Ізденіс жұмыстарымен айналысады.
Әңгіменің негізгі идеясын түсінеді
Бірінің пікірін бірі тыңдайды
Ойларын толық нақты жеткізе біледі.

Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Үй тапсырмасы
І топ. Міржақып кім? Постер құру
Қызығушылықты ояту
Мұхтар Әуезов «Жетім» әңгімесі
«Ізденіс бұрышы» ұйымдастыру
І топ. М. Әуезов кім? Постер құру
ІІ топ. М. Әуезов туралы бейнефильм көру
ІІІ топ. М. Әуезов шығармалары кітап көрмесі
ІҮ топ. М. Әуезов туралы презентация

Мағынаны тану
Жигсо әдісі бойынша «Жетім» әңгімесінің мазмұнын түсіну
І топ. Қасымның әжесінен айырылуы
ІІ топ. Иса мен Қадишадан көрген қорлығы
ІІІ топ. Тау ішіндегі қорқыныш
ІҮ топ. Ағашқа сүйеніп қатып қалған бала

Ой толғаныс
І топ. Оқиға желісі - \ Қасымның өмірден көрген қиыншылығымен басталды.\
ІІ топ. Немен аяқталды? \ Қорқыныштан жүрегі жарылды. Қасымның өлімі.\
ІІІ топ. Шығарманың идеясы және құндылығы: \Жетім көрсең жебей жүр. Әр бала өзінің ата - анасымен бақытты. Ата - ананың қадірін бағалай білейік. Қоғамның айналасындағы адамдарға немқұрайлықпен қарауы\
ІҮ топ. Қарама қарсы элементтер: \Қасым ойын баласы. Өмірдегі қиыншылықтарды ерте бастан кешірді.
Иса Қасымның туысы, мейірімді, қамқор болу керек. баланың өмірі емес, дүние қымбат болды.

Сабақты бекіту
Кесте толтыру
Табиғаттағы өзгерістер ------------------ Баланың көңіл күйі
Қалың қара бұлт ------------------------- Жалғыз жаяу бала
Қоңыр салқын жел ----------------------- Жүрегінде қорқыныш
Күннің күркіреуі -------------------------- Ойында үлкен мұң
------------------------------------------------ Қабағында қалың қайғы

Бағалау
Нені білдік?
Нені білгіміз келеді?
Үй тапсырмасы: Әңгімені өз ойымен аяқтау. Ана мейірімін көрмеген бала осы өмірге риза бола ма? ой толғау жазу

Әңгіменің негізгі ойы неде?
Мұғалім.
Қай жерде жүрсеңдер де, қоғамнан өз өмірін таба алмай, өмірдің қиын тағдырына ұрынып, жағымсыз қылықтарға әуестеніп кеткен адамдарға жек көрінішті кейіппен қараудан аулақ болыңдар, өйткені ондай адамдардың арамызда көп болуына қоғамдағы Иса сияқты адамдар, біздер кінәліміз. Әке – шешенің қамқорына зәру болған, Қасым секілді Құрбы - құрдастарыңа оң көзбен қарап, жанашырлық танытсаңдар нұр үстіне нұр болатынын, өз мәртебелерің артатынын естеріңнен шығармаңдар.
Жерде жетім жыласа,
Көкте періште қайғырады - дейді.
Жетімін жылатпаған ел болайық

Жамбыл облысы Меркі ауданы
№ 4 Тілеміс батыр орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Уатаева Қарлығаш Сабырлиевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 596
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жетім М. Әуезов
Жетім М. Әуезов
Мұхтар Әуезовтің өмірі, шығармашылығы жайлы мәлімет бере отырып, «Жетім» әңгімесін мәнерлеп оқып, мазмұнын таныстыру;
М. Әуезовтың «Жетім» әңгімесі
М. Әуезовтың «Жетім» әңгімесі
Мұхтар Әуезовтің өмірі, шығармашылығы жайлы мәліметтерді бере отырып, «Жетім» әңгімесін мәнерлеп оқып, мазмұнымен таныстыру.
Жетім Мұхтар Әуезов
Жетім Мұхтар Әуезов
Мұхтар Әуезовтің өмірімен таныстыру, «Жетім» әңгімесін оқыту, түсінік беру;
Мұхтар Әуезов «Жетім» әңгімесі
Мұхтар Әуезов «Жетім» әңгімесі
Әңгімені алдымен мәнерлеп түсініп оқушыларға оқып беріп, оқу дағдыларын қалыптастыру, әңгіменің тақырыбын ашу.
Мұхтар Әуезов "Әке арманы"
Мұхтар Әуезов "Әке арманы"
Бастауыш сынып мұғалімінің әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспары Мұхтар Әуезов "Әке арманы"
Мұхтар Әуезов "Жетім"
Мұхтар Әуезов "Жетім"
Атырау қаласы, Еркінқала селосы Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амирова Эльмира Қадірліқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×