Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Өзен" Ы. Алтынсарин

06 қаңтар 2017, Жұма
Категориясы: Кембридж тәсілі
Әдебиеттік оқу 3 сынып
Тақырыбы: "Өзен" Ы. Алтынсарин
Мақсаты: Ы. Алтынсарин туралы мәліметтерін толықтыру, тақырып бойынша өз беттерімен жұмыстануға бағыттау.
Күтілетін нәтиже:
- А) Еліміздегі өзендер, олардың ұзындықтары туралы біледі;
- В) Автор туралы және үш тілде білімдерін толықтырады, талдайды;
- А) Өлеңнің мазмұнын аша біледі;
- В) Нақыл сөздерді тауып, жаза алады;
С) Жақсы қасиеттерін атау
Түрі: Сыни ойлауын дамыту жұмыс түріндегі сабақ, кластер пайдалану.
Әдісі: топтастыру, блум таксономиясы, сұрақ - жауап,"он сұрақ", "поэзия минуты", "полиглот"
Көрнекілігі: Видеоматериалдар, слайдтар, карточкалар, маршруттық карта.

Тапсырмалар:, «Сурет салу», ребус шешу, топтастыру.
Барысы:
І. Кіріспе.
Ұйымдастыру бөлімі - Сәлеметсіздер ме?
- Бүгін сабаққа дайындықтарымыз қалай?
- Бүгін сабақта кімдер жоқ?
- Сабағымызды бір - бірімізге жақсы көңіл күй сыйлаудан бастайық.

Қызығушылықтарын арттыру
Қағаздарды таңдау арқылы топқа бөлінеді.
Әр топ өз топ басшысын таңдайды.
• Топ басшыларының бағалау парағы.
Сабақ барысында ағаш отырғызу бойынша кластер қолданатынымыз айтылып, түсіндіріледі.

Үй тапсырмасын тексеру
- Үй тапсырмасына сатылы тест берілген болатын. Сұрағы: Қазақстандағы ең үлкен өзен қай өзен?
Жауаптары: а) Шу б) Ертіс в) Жайық г) Ніл
Дұрыс жауабы: Ертіс
Жауапты қайдан таптың? ғаламтордан.
Кейіпкерге өлең немесе мақал - мәтел:
Ертіс, Ертіс, Ертісім,
Еркелеген еркемсің.
Қарай берем өзіңе,
Өзің қандай көркемсің?
Кейіпкерге хат: Сәлем Ертіс. Қал - жағдайың қалай? Бүгінгі тапсырманы орындау барысында Қазақстандағы ең үлкен өзен, өзің екенін білдім. Саған адамдардан қандай көмек керек? Суыңның пайдасы туралы көп оқып білдім. Сенімен дос болсам деп ойлаймын. Қош бол.
Хатты жазған: 3а сынып оқушысы Казенова Жанерке.

ІІ. Тұсаукесер
Қызығушылығын ояту.
Сабақтың тақырыбын ребус шешу арқылы оқушылардың өздеріне ашқызу.
- Олай болса, бүгінгі танысатын тақырыбымыз қандай деп ойлайсыңдар?

ІІІ. Негізгі бөлім
Жаңа сабақ
• Күннің жадын, тақырыбын жаздыру
• Сабақтың мақсатын анықтап алу.
- Бүгінгі сабағымыздан біз не білу керекпіз?

Бұтақтың тамырларын саламыз.

Топтастыру стратегиясы.
Ы. Алтынсарин ақын, жазушы, ең алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашты, Қостанай облысында туған, көптеген шығармалары бар,"Қазақ хрестоматиясын "жазды.
(Жауап берген оқушыны топ басшылары бағалап отырады)
Күн жадын, тақырыпты дәптерлеріне жазып алады.

Дәптермен жұмыс Сөздікпен жұмыс
Өлеңдер жазылған парақшаларды тарату.
Түсініксіз сөздерді түртіп алу.

Қынарда - жағасында
Жанабында - маңайында
Қалыбында - сол қалпында

Өлеңді талдау.
Бұл кезде интерактивті тақтадан слайдтар көрсетіледі және өзеннің түрлеріне байланысты бейнеклип көрсетіліп тұрады.
Өлеңнің мазмұнын аштыру. Мазмұнын айтқызу.

Сұрақтарға жауаптар айтқызу.
- Ақын өзенді қалай суреттеген?
- Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай?
- Өзеннің өмірде қандай пайдасы бар?
Ағаштың бұтақтарын саламыз.

"Он сұрақ" әдісі
Стикерге "Өзен", "Су" деген сөздер жазылады.

Полиглот
Осы өлеңдегі кей сөздерді үш тілде айтып үйренеміз.
Өзен - река - river
Су - вода - water
Тау - гора - mountain
Тас - камень - stone
Жел - ветер - wind
Шөп - трава - grass
Балық - рыба - fish
Бұтағымыздың бүршіктерін саламыз.

Топпен жұмыс
І - ІІ топтарға Шыңғырлаудың төңірегіндегі өзендердің атауларын жазу тапсырылды.
ІІІ - топқа өзен туралы мақал - мәтелдер жазады.
Ү - ҮІ топтар өзендердің суреттерін дәптерлеріне салады.

Ағаштың жапырақтарын саламыз.

Қорытынды
Маршруттық карта арқылы сабақты қорытындылау.
Бағалау
Топ басшылары өз бағаларын, не себептен сондай баға қойғанын айтып береді. Мұғалімнің бағасы қойылып, айтылады.

Дұрыс жауап болса, бұтақты топыраққа отырғызамыз.(суретін жаңа флипчартқа саламыз.

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы,
Л. Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Кулушева Ақмарал Закарияновна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
1 833
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еңбек ресурсы, әлеуметтік және кәсіби құрылымдар
Еңбек ресурсы, әлеуметтік және кәсіби құрылымдар
Экономикалық белсенді халықты, оның атқаратын қызметін біледі; Шаруашылық салаларының орналасуы мен халықтың арасындағы байланысты анықтай алады;
Өзендер және көлдер. Адам тіршілігі үшін судың маңызы.
Өзендер және көлдер. Адам тіршілігі үшін судың маңызы.
Адам тіршілігі үшін судың маңызы. Оқушылардың білім - біліктілігін сұрақ арқылы анықтау. Әр оқушыны өзіндік ойын жеткізу арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту. Суды қорғау мен үнемдеуге шақыру.
Өзендер мен көлдер
Өзендер мен көлдер
Оқушылардың білім - біліктілігін сұрақ арқылы анықтау. Әр оқушыны өзіндік ойын жеткізу арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту. Суды қорғау мен үнемдеуге шақыру
Өзендер
Өзендер
Өзен, өзен жүйесінің бөліктерін, олардың орналасу ерекшеліктерін үйреніп, оларды картадан таба алулары тиіс
Ыбырай Алтынсарин "Өзен"
Ыбырай Алтынсарин "Өзен"
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бисембаева Күнсұлу Ерсайынқызы
Ыбырай Алтынсарин "Өзен"
Ыбырай Алтынсарин "Өзен"
Б. Нысанбаев атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі: Мәшімбай Күнзипа
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×