Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шал ақын «Ата - ананың қадірін», «Бұл дүниенің мысалы» өлеңдері

11 қаңтар 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақ тақырыбы: Шал ақын. «Ата - ананың қадірін», «Бұл дүниенің мысалы» өлеңдері (қазақ әдебиеті, 9-сынып)
Күнтізбелік жоспар, оқулық, оқу жоспары
Жалпы мақсаттар: Жырау толғауларының тақырыбы мен идеясын айқындау
Түйінді идеялар: Толғаулардың адамгершілікке үндейтінін түйсінеді
Әдіс - тәсілдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін және оқуды бағалау: Топтастыру. Миға шабуыл
Оқыту нәтижелері: СТО - ға үйрете отырып, мәнерлеп оқуға, оны талқылауға үйрету
Топпен бірлесе жұмыс жасай біледі, тақырыпты аша алады, ережеге бағынады, бір - бірін тыңдай біледі
Көрнекіліктер: Таныстырылым, ресурстар, стикерлер, интерактивті тақта
Дереккөздер: Ақшолақов Т., Жұмажанова Т., Қалиев С., Дүйсебаев С. Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 9 - сыныбына арналған оқулық. – Алматы, Мектеп. – 2013.- 408 б.

Топқа бөлу
• Жұмыс жасаудың алғышарты жасалынады;
• Оқушылар тобының құрамы анықталады

Үй тапсырмасын тексеру
ІІ Білімді тексеру:
 Өтілген тақырып бойынша білімдерін қорытындылайды;
 Меңгерілмеген білімді қайталау арқылы есіне түсіре отырып, меңгереді аралығын қамтиды?
2. Оның көрнекті өкілдері кімдер?
3. Толғау дегеніміз не?
4. Толғауда қандай мәселелер қамтылады?
5. Бұқар жырау толғауларының тақырыптық жүйесін атаңдар.

ІІ Мағынаны ажырату
• Жаңа білім бойынша мәлімет алады;
• Шал ақын, оның өмірі мен шығармашылығына байланысты жаңа білім мазмұнымен танысады.
Эпиграф: Шал ақын – қазақ халқын құраған рулар жайлы тамаша эпос жасаған адам (Ш. Уәлиханов).
1. Тілеуке Құлекеұлы 1748 ж. _________ дүниеге келген.
2. Әкесі Құлеке батыр __________ жақын серігі, өз тұсындағы беделді рубасыларының бірі болған.
3. Тілеуке бала кезінен - ақ сөзге үйір, шешен сөйлейтін, өлең шығарады. _________________«Шал» атап кеткен көрінеді.
4. Шал Құлекеұлының жеткен өлеңдері _____ жолдан асады.
5. Шал ақынның өлең - жырларының тақырыбы -_________________________________________.
6. Шал ақынды _______________________ басы деп танимыз.
7. Шал ақынның толғаулары:___________________________.

Оқушылардың жұмысын ұйымдастырады, аңыздардың ерекшелігін айтады

ІІІ Ой - толғаныс
• Жаттығу жұмыстарын орындау арқылы жаңа білімді бекітеді;
• Топпен жұмыс жасау дағдылары дамиды.
Мәтінмен жұмыс атқару:
«Бұл дүниенің мысалы»
1. Толғаудың тақырыбы мен идеясын атаңдар.
2. Ақын қарама - қарсы қойып салыстыру арқылы қандай мәселелерді тілге тиек етеді?
3. Толғауға қатысты осы пікірлеріңді жазбаша түрде білдіріңдер.
4. Төмендегі өлең жолдарын аяқтаңдар:
Білімді болған оқушы
________________ тең.
Білімсіз болған оқушы
________________ тең.

«Ата - ананың қадірін» өлеңі
1. Толғаудың тақырыбы мен идеясын айтыңдар.
2. «Ата - анаға құрмет – бала алдындағы міндет» тақырыбына өз пікірлеріңді білдіріңдер.
3. «Қолда барды алтынның қадірі жоқ» мақалын қалай түсінесіңдер?
4. Көркемдік ерекшелігіне назар аударайық!

Келесі оқуға арналған тапсырмалар
1. Шал ақынның «Ата - ананың қадірін» өлеңін толық, «Бұл дүниенің мысалы» өлеңінен үзінді жаттау
2. Шығармашылық жұмыс: «Толған айдай нұрланып, дулыға кидім өкінбен...» (15 - 18ғ. ж жыраулар поэзиясы бойынша)

Рефлексия
Оқушылар жұмысына әдістемелік көмек ұсынады

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Нурсейтова А.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 115
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шал ақын. (Тілеуке Құлекеұлы) «Ата ананың қадірін біл», «Бұл дүниенің мысалы» өлеңдері
Шал ақын. (Тілеуке Құлекеұлы) «Ата ананың қадірін біл», «Бұл дүниенің мысалы» өлеңдері
Шал ақынның өмір жолымен еңбектерімен таныстыру. Ақынның өлеңдерінің шығу тарихымен таныстыру.
Адам – мәдениетті жасаушы
Адам – мәдениетті жасаушы
7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Қазтуған жырау. «Алаң да алаң, алаң жұрт» өлеңі
Қазтуған жырау. «Алаң да алаң, алаң жұрт» өлеңі
Қазтуған жырау және оның толғаулары туралы жан - жақты мәлімет беру, шығармаларының көркемдік әлемін таныту, жырларының шығу тарихы мен шығарма мазмұнына әдеби талдау жасату;
Қазақша сөйлейміз
Қазақша сөйлейміз
СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қаласының №2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рамазанова Сырға Қайырбекқызы
Жамбыл Жабаев «Сұраншы», «Өтеген батыр» дастандары
Жамбыл Жабаев «Сұраншы», «Өтеген батыр» дастандары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Есназарова Ләззат Дүйсенбаевна
Әлем әдебиеті. Даниэл Дефо
Әлем әдебиеті. Даниэл Дефо
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Матниязова Айнур
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×