Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақтың салт-дәстүрінен туған мақал-мәтелдер

31 қаңтар 2017, Сейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың салт - дәстүрінен туған мақал - мәтелдер
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О3 Мәтіндегі омоним, антоним, синоним сөздер, ауыспалы және тура мағыналы сөздерді таниды.
Сабақтың мақсаттары: Оқушылардың барлығы: Мәтіндегі омоним, антоним, синоним сөздерді түсінеді;
Оқушылардың көпшілігі: Мәтіндегі ауыспалы және тура мағыналы сөздерді таниды
Оқушылардың кейбірі: Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
Дағды: Білу, түсіну
Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
Қолдану Тура және ауыспалы мағынаны танып, қолдана білу
Күтілетін нәтиже
Сөз мағынасын анық түсіне алады
Сөздің мағыналық ерекшелігін
түсініп қолданыста пайдалану
Жетістік критерийлері: Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді
Мәтіннен омоним, антоним, синоним сөздерді анықтай отырып, ауыспалы және тура мағыналы сөздердің қолдану ерекшелігін таниды және оны кез келген жағдайда шынайы қолдана алады.
Тілдік мақсаттар: Оқушылардың грамматикалық, лексикалық нормаларды оқып білуі: «Жақсы сөз - жарым ырыс», «Атадан жақсы ұл туса, есіктегі басын төрге сүйрер. Қуыс үйден құр шықпа, Сыйға сый, сыраға бал
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер; Себебі, сол себепті, сондықтан, бірақ, әйтпесе жалғаулықты шылауларды қолдану.
Ұлттық құндылықтар: Топта ынтымақтаса білу, ортада ашықтық, адалдық пен шынайылық, еркіндікті қалыптастыру, дәстүр мен салтты қадірлеу
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті: салт - дәстүрге байланысты мақал - мәтелдер қолдану Психология: өз көзқарасын еркін білдіру;
Тіл білімі: тіл нормаларын сақтай отырып сөйлеу;
Қазақстан тарихы: халықтың салт - дәстүрлер жайында;
АКТ: сайт материалдары мен интерактивті тақтаны пайдалану.
Осыған дейін меңгерілген білім Қазақ халқының ұлттық салт – дәстүрлері
О4 Сұрақтарды қоя білу және бағалау
Жоспарлана
тын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс - әрекеттер Дереккөздер
Сабақтың бастапқы кезеңі
5 минут
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың белсенді оқыту әрекетін арттыру мақсатында сабаққа
Миға шабуыл
www. studystack. com/picmatch - 2427836 арқылысалт - дәстүрге байланысты мақал - мәтелдер беріп, олардың сыңарын таптыру арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу.
Таныстырылым: сабақ тақырыбы мен мақсаты және
жетістік критерийлері МЖ =Мұғалім жасаған
www. studystack. com/picmatch – 2427836 слайд
Сабақтың ортасы

3 минут
Блум таксономиясы бойынша:
 Түсіну: қазақтың ұлттық дәстүрлерін дәріптейтін бірнеше мақал сөздердің бір бөлімі таратылады. Осы сөздердің мағыналарын ашып, екінші сыңарын табуға жұмыстанады.
 Қолдану: осы мақал сөздерді қай кезде қолданамыз әрі неліктен мақалға жатқызғаныңызды жұпқа түсіндіретін 1 сөйлеммен жазыңыз.
Дифференциация. «А» деңгейіндегі оқушы – жинақтау мен бағалау сатысындағы сұрақтарға жауап бере алады;
«В» деңгейіндегі оқушы – талдау және қолдану деңгейіндегі сұрақтарға жауап бере алады;
«С» деңгейіндегі оқушы – білу мен түсіну деңгейіндегі сұрақтарға жауап бере алады
Сынып топтасады. Алдыңғы берілген мақал - мәтелдер арқылы сыңарларын тауып бірігеді. Берілген мақалдың мағынасын ашып, халықтың салт - дәстүріне қатысы барын түсіндіріп өтеді.
Қыдырып жеген жанбастан,
Шақырулы жеген жауырын артық.
Жақсы байқап сөйлер,
Жаман шайқап сөйлер.
Үйдің жылы - суығын,
Қыс түскенде білерсің.
Ағайынның алыс - жақынның,
Іс түскенде білерсің.
Алыстағы ағайыннан,
Ауылы бірге көрші артық.
Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан жаман ұл туса,
Төрдегі басын жерге сүйрер.
Тапсырма 1.
Берілген мақалдардың тәрбиелік мәнін ашып, мағынасындағы ойлы сөзді көркемдеп жеткізе білу
Сөз мағынасында тура айтылып тұрғанын тауып, дәлелдеу.

Мысалы: тура мағынада: ағайын, көрші, ата, ұл, үй, жыл, суық, ауыл, іс, қыс, шақыру, қыдыру;
Ауыспалы мағынада: жақсы, жаман, шайқап сөйлеу, ағайынның алыс - жақыны, басын төрге, басын жерге сүйреу, қыдырып жеген жанбастан, шақырулы жеген жауырын артық.
Сөздер өзімен тіркескен сөзбен кезгенде оның ішкі мағынасы өзгеріп отыратындығын дәлелдеп айту.
Сөз мағынасы дегеніміз не? Түсінік беріледі.
Кері байланыс беріледі.
- Мақалдардың астарлы мағынасын ашып сөйлеуде өзіндік стильді қалыптастыра алады.
- Мақалдың тура мағынасын дәл тауып айта білді.
- Ауыспалы мағынаға мысал келтіре алды, әйткенмен нақты, сенімді ойын жеткізуде қиналып қалды.
Бағалау критерийлері:
Мақал сөздің мағынасын ашу Тура мағынада қолданғанына дәлел келтіру Ауыспалы мағынадағы мысал келтіру

Тапсырма 2.
Жұптық жұмыс. Сыныпқа мәтіндер таратылады.
- Оқып, ішкі мазмұнын түсініп алады.
- Мәтіннен мақалдарды теріп алып, мағынасын ашады.
- Мақал сөздегі антонимдік қарама - қарсы ойды түсіндіреді.
- Асты сызылған сөздердің синонимін тауып жазады.
- Қарамен берілген сөздің омонимін
1 - мәтін
«Сөздің көркі - мақал» деген ұғым бар. Кейбір қазақтың ойын – тойында мақал айту жарысы да өтіп тұрады. Мақалдап сөйлеу бұл сөздің көркін келтіріп тауып айту. Бұндай сайыстар жиі өткізіліп тұрса нұр үстіне нұр болар еді. Қазақта алыстан ат арытып келген адамға үйдің үлкені болса да сәлем береді. Сондайда айтылатын мақалдың бірі - «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді». Бұл мақалдың астарында үлкен мән - мағына жатыр. «Сәлем - сөздің анасы» деп халық тегін айтпаса керек - ті. Тауып айтылған сөз. «Тауып айтылған сөз - танып айтылған сөз». Сәлем бере келген балаға үй иесі: «Қуыс үйден құр шықпа» деп, тізеңді бүгіп дәм ауыз тиіп кет деген тағы бір жақсы ниет танытып жатады.
2 - мәтін
Сондықтан қазақ ондайда: «Сыйлап берген су сатып алған балдан артық» дегендей жайғассақ жайғасып отырайық деген ойын білдіріп, қонақ болады. Келген қонаққа дәмін ала жүгірген қазақ: «Сыйға сый, сыраға бал» демекші сіздің үйге бара қалғанда ата - анаң көрсеткен құрметке риза болып қайттық. «Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер» демекші татулық пен ауызбіршілікке не жетсін, деп бір - біріне ризашылықтарын білдіріп, бата берісіп жатады. Халқымыз ел ішінде татулық пен бірлікті қолдап, үлкендер оған көңіл бөліп отырған. Содан болар: «Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар» деп тағы бір жақсы мақалды білдіріп қояды.
3 - мәтін
Ұлтымыздың салт - дәстүрінде ынтымақ пен бірлікті паш ететін, сол достықтың арқасында халық: «Бірлік түбі - тірлік» деп елді татулыққа шақырып жатады. «Тау тауға кезікпес, адамға адам кезігер», «Адамның күні - адаммен» деген ойларында білдіріп жатады. «Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады, жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады» дегендей көңіліміз марқайып қалды ғой.
Барлық тәрбиені ұл мен қыз ұядан көріп, көңіліне түйіп өседі. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілесің» деп халық босқа айтпаған. «Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді» дейді халық мақалында. Жақсыға үйір болған адам өмірінде мұқалмайды.
4 - мәтін
«Баланың бесігі – кең дүниенің есігі» деген екен данышпан Төле би бабамыз. Бесік кең дүниенің есігі дегенде бабаның айтайын деген жақсы өсиетті өнегесі болғанын байқатады.
«Жас балаға қазақтың әлди - әлди деп басталатын бесік жырын жырлау керек. Бұл жырдың күйі де, сөзі де тәтті» – деп ақиық ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, бесік жырын айту әрбір ананың сәби алдындағы қасиетті борышы. Оны орындамасақ, ата - баба дәстүріне қиянат жасағанымыз. «Ел боламын десең, әуелі бесігіңді түзе» деп қазақ атамыз тектен - текке айтпаса керек. Келешек бүлдіршін жас буынымыз саналы да инабатты болып өссін десек, қазірден бастап тәрбиені бесік жырынан бастағанымыз жөн.

Топтың жұмысын оқушылар бағалайды.
Бағалау критерийлері:
Мәтіннің мазмұны мен мақалдарды табады Мақалдағы сөзге синоним
дер таба алады Омонимдерге мысал келтіреді Антонимдер таба алады
Интерактивті тақта
Синоимдер, антонимдер, омонимдер сөздігін пайдаланады
Сабақтың соңы
3 минут Рефлексия.

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Дәстүр мен мәдениет
Мектеп: Атырау қаласындағы химия - биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Мұғалімнің аты - жөні: Текеева Жанша Тажибаевна
6 440
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын. Сөз және оның мағынасы
Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын. Сөз және оның мағынасы
синоним, антоним, омоним (сөздік қолдану) сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану.
Антоним дегеніміз не?
Антоним дегеніміз не?
Синоним, антоним, омоним (сөздік қолдану, сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану) Антоним сөздерді ажырату мағынасын түсіну. Сөйлеу барысында қолдану, білу.
Төрт түлік
Төрт түлік
Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер мен омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.
Кембридж тәсілімен оқыту бойынша ашық сабақ жоспарлары
Кембридж тәсілімен оқыту бойынша ашық сабақ жоспарлары
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Өтебаева А.Е.
Дарынды және үлгермейтін оқушымен жұмыс жоспары және оқушының жұмыс дәптері
Дарынды және үлгермейтін оқушымен жұмыс жоспары және оқушының жұмыс дәптері
Жамбыл обылысы, Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы, Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кемпрекова Жанар Жансериковна
Мәндес сөздер. Қарама - қарсы сөздер. Әр түрлі мағыналы сөздер
Мәндес сөздер. Қарама - қарсы сөздер. Әр түрлі мағыналы сөздер
Атырау қаласы, Жанаталап селосы, Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қадесова Салтанат Әлімжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×