Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан өнеркәсібінің дамуы

22 ақпан 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан өнеркәсібінің дамуы
Қазақстан тарихы 9 сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы жайында мағлұмат алады.
Сабақтан күтілетін нәтиже:
1 - деңгей (білу, түсіну): Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:
Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстан өнеркәсібінің қай салаларының дами бастағанын біледі.
2 - деңгей
(қолдану, талдау):
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанда экономиканы тиімді басқару арқылы өнеркәсіптің даму ерекшеліктерін ажырата алады.
3 - деңгей
(жинақтау, бағалау):
Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады:
Қазақстан халқының соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік жағдайы мен өнеркәсібінің дамуын қазіргі кезеңмен салыстырып өз ойын ортаға салады.

Тілдік мақсат: Демобилизация - армияның сандық құрамын қысқарту немесе әскери қызметін өтегеннен кейін босату; қаруланған күштерді және, сонымен қатар, халықаралық шаруашылықтың нақты салалары әскери жағдайлардан бейбітшілікке аудару. Қарулы күштер мен елдің халық шаруашылығының соғыс жағдайынан бейбіт жағдайға көшірілуі.
Түсті металлургия - өндіретін, оларды байытатын түсті металдар мен олардың қорытпаларын құйып, өңдейтін ауыр өнеркәсіптің саласы.
Дүние жүзінде 70 - тен астам түсті металл балқытылады. Оларды 14 сала өндіреді. Олардың барлығы қосылып, түсті металлургияны құрайды.
Қара металлургия - өзінің негізгі өнімдерін екінші рет қайта өңдеудің аяқталған кезеңін қамтамасыз ететін ғаламат сала және сонымен бірге басқа салалар мен өндірістердің қалдықтарын кәдеге жаратуға қабілетті болып табылады. Қазақстан үшін қара металлургия – екінші дүние жүзілік соғысынан кейінгі жылдары ғана пайда болған ауыр өнеркәсібінің салыстырмалы түрдегі жас сала. Қазақстанда шойын, болат, бұйымдарды илемдеу және ферроқорытпа өндіріледі.
Технология (гр. “techno” - өнер, шебер, білгір және “logos” – ілім, ғылым) – ғылыми - практикалық негізде шикізатты дайын өнімге айналдырудың әдіс - тәсілдерінің жүйесі.
Ғылыми - техникалық прогресс – ғылым мен техниканың бірегей, бір - бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16 – 18 ғасырлардағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми - теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады.

Ресурстар: АКТ, карта, атлас карта суреттер.
Пәнаралық байланыс: География, химия, биология
Алдыңғы оқу: 5 сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер. Бет 117 - бет
$26. Тың және тыңайған жерлерді игеру

ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ 3 минут
І. Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Сағат тіліндегі дос» әдісі. Оқушылар өздерінің жағымды қасиеттерін айтып, бір - бірін таныстырады.
ІІ. Соғыстан, кейінгі, жылдардағы, Қазақстан, өнеркәсібінің, дамуы сөздерінен құрастыру арқылы тақырыпты анықтау, тақтаға ілу.
ІІІ. Топқа бөлу. «Мозаика» әдісі - ақша, машина - трактор, жылқы, түйе, қой, ет - сүт, астық, мақта - мата, И. Сталин мен Н. С. Хрущев суреттері арқылы бөлемін. 1. 2. 3. 4. 5 топтар
ІІІ. Топ басшысын сайлау. (БАҒАЛАУ ПАРАҒЫН БЕРЕМІН)

ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ
10 минут
1 - деңгей (білу, түсіну): «Суреттер» сөйлейді әдісі (Мәтінмен жұмыс)
1 топ. Ақша
2 топ. Машина - трактор
3 топ. Жылқы, түйе, қой
4 топ. Ет - сүт, астық, мақта - мата
5 топ. И. Сталин мен Н. С. Хрущев
Топтық жұмыс. Әр топтың өз суреттерін үй тапсырмасына байланыстырып әңгімелеп беру тапсырмасын беремін.

2 – деңгей (қолдану, талдау): 5 минут
«Терминдер құпиясы». Әр топқа термин сөздер таратып, ол сөздердің мағынасын ашу тапсырмасын беремін.
1. Реформа - реформа жасау, өзгеру, басқару ісін реформалау.
2. МТС - машина - трактор станциялары.
3. Қаракөл - туғанына 1 - 3 күн болған қаракөл тұқымдас қозылардан алынған елтірі. Қаракөл әр түрлі пішін мен мөлшерде бұйраланған қалың, жібек тәріздес түгімен ерекшеленеді.
4. Селекция - будандастыру арқылы малдың не өсімдіктің жаңа түрлерін шығару, жақсарту, сұрыптап алу әдісі.
5. Аграрлық дағдарыс - ауыл шаруашылығындағы өнімді артық өндіруден немесе кем өндіруден туатын дағдарыс.

3 – деңгей (жинақтау, бағалау):
Жеке жұмыс. Тест тапсырмалары.
1. Карточкалық жүйенің жойылған жылы:
а) 1948жыл ә) 1947 жыл б) 1946 жыл в) 1949 жыл г) 1945 жыл
2. И. Сталин қайтыс болған жыл:
а) 1950 жыл 6 наурыз ә) 1951 жыл 7 қаңтар б) 1952 жыл 9 қаңтар в) 1953 жыл 5 наурыз г) 1955 жыл 11 наурыз
3. Қай жылы жылы ақша реформасы жүргізілді.
а) 1947жылы ә) 1948 жылы б) 1950 жылы в) 1949 жылы г) 1946жылы
4. Қай жылы Жазылбек Қуанышбаев ерен еңбегі мен аса көрнекті табыстары үшін «Орақ және балға» алтын медалімен марапатталды.
а) 1954 жылы ә) 1955 жылы б) 1956 жылы в) 1957 жылы г) 1958 жылы
5. Нешінші жылдары жылдары колхоз, совхоздардағы мал басын көбейту мақсатымен ауыл тұрғындарынан ірі қара мал алына бастады.
а) 1956 - 1957 жылдары ә) 1957 - 1958 жылдары б) 1958 - 1959 жылдары в) 1955 - 1956 жылдары г) 1951 - 1953жылдары
Бағалау: Үй тапсырмасын қорытындылау.

ЖАҢА САБАҚ 1 минут
7 минут Мәтінмен жұмыс. 5 топқа бес мәтін таратамын

«Түртіп алу» әдісі. Оқушылар мәтіндегі түйін ой, негізгі оқиғаларға көңіл аударып түртіп алады, мағынасын айтады.
Картамен жұмыс. Қазақстандағы негізгі өнеркәсіптің орталықтары қай қалаларда орналасқан? Сол қалаларды картадан белгілеу.

САБАҚТЫ БЕКІТУ 3 минут
1 - деңгей (білу, түсіну):
«Сәйкестендіру» әдісі. Кестемен жұмыс.
Өзара тексеру, жұптық жұмыс

1945 жылы 23 маусымда - КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясы демобилизация туралы Заңы қабылданды.

1946 жылы наурызда - КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында «КСРО халық шаруашылығын қайта қалпына келтірудің және дамытудың 1946 - 1950 жылдарға арналған төртінші бесжылдық жоспары туралы Заң» қабылданды.

1947 жылы – Өскемен қорғасын - мырыш комбинаты ағаш рет мырыш шығарды.

1950жылы - Мұнайлы, Ембі бассейндерін және басқа да кәсіпшіліктерді өндіріске қосу арқылы мұнай өндіруді соғысқа дейінгі денгеймен салыыстырғанда 52% - ға арттыруға мүмкіндік туды.

1960 жылы - Республиканың өнеркәсіп әлеуеті екі есе өсті. 729 ірі өнеркәсіп орны және 535 цех қатарға қосылды.

1959 жылы – Қазақстанның картасында 15 жаңа қала және 86 қала типтес кент пайда болды.
Слайд арқылы дұрыс жауабын көрсетіп. Бағалау

2 - деңгей (қолдану, талдау):
«Жылдар құпиясы» әдісі (слайд арқылы)
1...... жылы ұзындығы 483 км Мойынты - Шу темір жол тармағы салынды.(1950)
2.......-..... жылдары Қазақстандағы пайдаланылатын темір жол ұзындығы 8407 км - ден 9973 км - ге дейін ұзарды.(1951 - 1955)
3....... жылы тас төселген автомобиль жолдарының ұзындығы 11, 2 мың км - ге жетті.(1960)
4........ жылы республикада 10, 5 квт/сағат электр қауты өндірілді. (1960)
5........ жылдары ауыр өндіріс кәсіпорындарындағы мамандар саны 1, 8 есе өсті. (1951 - 1955)

Бағалау. Топ басшылары бағалау тақташасына ұпайларын белгілейді.

3 - деңгей (жинақтау, бағалау):
Жеке жұмыс. Тест тапсырмалары:
1. Халық шаруашылығын қайта қалпына келтірудің және дамытудың 1946 - 1950 жылдарға арналған бесжылдық жоспары мынаны қарастырады:
а) өндрісті автоматтандыру ә) автокөлік жолдарын салуды
б) ауыр өнеркәсіпті дамытуды в) тың жерлерді игеруді
г) жаңа мұнай құбырларын салуды
2. 1960 жылдары Қазақстан картасында ірі қалалардың пайда болу себебі:
а) демографиялық саясат ә) инфрақұрылымның дамуы
б) ірі пайдалы кен орындарын игеру в) миграциялық саясат
г) жаңа жерлерді игеру
3. 1958 жылы Қазақстан өнім шығарудан одақтас републикалар бойынша нешінші орынға шықты?
а) 5 орын ә) 4 орын б) 3 орын в) 2 орын г) 1 орын
4. Қай жылы Өскемен қорғасын - мырыш комбинаты алғаш рет мырыш шығарды?
а) 1942 жылы ә) 1947жылы б) 1948 жылы в) 1945 жылы
г) 1944 жылы
5. 1960 жылдардың соңында Қазақстанда темір жолдың ұзындығы неше мың км - ге жетті?
а) 12 120 км ә) 14 500 км б) 16 000 км в) 13 120 км г) 15 200 км
Бағалау. Топ басшылары бағалау тақташасына ұпайларын белгілейді.

№22 Елшібек батыр атындағы ж. о. м.
Мұғалімнің аты - жөні: Абдуллаев Дулат Байдуллаевич

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 899
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 2. 1. 1. 1 - тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
Натюрморт өнері
Натюрморт өнері
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 5. 1. 5. 2 - Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау
40 - 50 жылдардағы Халықаралық қатынастар
40 - 50 жылдардағы Халықаралық қатынастар
Соғыстың аяқталуы мен нәтижесін баяндау арқылы бейбітшілік өмірді бағалай білуге; бейбітшілікті ту еткен БҰҰ құрылуы туралы түсіндіру арқылы достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Сталинизм идеологиясы және қуғын - сүргін саясаты
Сталинизм идеологиясы және қуғын - сүргін саясаты
Соғыстан кейінгі жылдардағы тоталитарлық жүйе туралы білу; Жеке басқа табынушылық мәнін ұғыну;
Кеңес Одағы. Ресей Федерациясы
Кеңес Одағы. Ресей Федерациясы
Соғыстан кейінгі жылдардағы КСРО, даму бағыты, қайшылықтары, ыдырауы ТМД - ның құрылуы туралы оқушылардың білімдерін толықтыру Соғыстан кейінгі жылдардағы даму бағыты, қайшылықтары, ыдырауы, ТМД - ның құрылуы туралы білімдерін толықтырады.
1946 - 1991 ж әлеуметтік – демографиялық үрдістер
1946 - 1991 ж әлеуметтік – демографиялық үрдістер
Батыс Қазақстан облысы, Қызылоба ауылы, Жаңақала ауданы, Е. Ш. Орақбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі Т. А. Дюсегалиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×