Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқыту мен оқу үшін бағалаудың маңыздылығы

01 наурыз 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқыту мен оқу үшін бағалаудың маңыздылығы
Мақсаты: Әріптестеріммен тәжірибе алмаса отырып,... жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға үлес қосу.
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқыту мен оқу үшін бағалауды
басшылыққа ала отыра, оқушылардың тілін дамытып, сыни тұрғыдан ойлауға жағдай жасау.
Ресурстар (көрнекілік): слайд, постер, маркер, жұмыс жасауға қажетті тапсырмалар, тәжірибе алмасу мақсатында үлестірмелі материалдар т. б.

Барысы: Кіріспе.
Сұрақ қойған бес минут қана ақымақ болса,
Оны қоймаған өмір бойы ақымақ боп өтеді.
Қытай даналығы.
Ал, Сократ:
«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» - десе Абай атамыз
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», - деп айтқан екен. Сондықтан да озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер ететіні сөзсіз.
XXI ғ. көшбасшысы – жаңашыл, ізденімпаз, шебер ұстаз. XXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан - жақты дамыған, өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін өзі де шеберліктің шыңынан көрінуі тиіс. Қазіргі таңда оқу үрдісінде қазақ тілін оқытуда сан - алуан жаңа әдіс - тәсілдер сапалы білім беруде үлкен рөл атқарады.
Заман талабына сай оқушыларға сапалы, тиянақты білім беру - мұғалімдер алдындағы үлкен міндет. Бұл әрбір мұғалімге тынымсыз ізденісті, оқытудың жаңа формасымен, әдіс тәсілдерін тиімді пайдалануды қажет етеді.
Сол себепті де біз баланы оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландырамыз. қазір сіздермен бөліскім келіп тұрғаны: қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқыту мен оқу үшін бағалаудың маңыздылығы. Мен бүгінгі жұмысымызды алдымен біз бір - бірімізге жақсы тілектермен, шынайы ниеттермен бастағым келеді.

Мұғалімдермен жұмыс жоспар бойынша. Ж. Молдағалиев. «Ар - ұят туралы» өлеңі.

Сабақтың тақырыбы: Жұбан Молдағалиев «Ар - ұят туралы» өлеңі
Сабақтың мақсаты
1. Білімділігі: Ж. Молдағалиев жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлұматтар алуына жағдай жасау, «Ар – ұят туралы» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
2. Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеті артады. Шығармашылығын тудырады. Өзіне сын көзбен қараушылық артады, құрбылармен жұмыс істеп үйренген оқушы өзінің қабілетін дұрыс бағалай және жақсы бақылай алуға қалыптасады.
3. Тәрбиелігі: Топтағы ынтымақтастыққа тәрбиеленеді. Ортақ бір тұжырымға келуге дағдыланады. Ар - ұят туралы, адамгершілікке байланысты тәрбие көздерімен сусынданады.
Күту нәтижелері

Түйінді идеялар
1. Ж. Молдағалиевті меңгереді, өлеңі жайлы өз ойларын жеткізе алады.
2. Ар - ұят туралы өлеңінің мағынасын ашып, түйінді ойын айтады.
3. Ар - ұят туралы өздерінің пікір айтады.
Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауын дамыта отырып Ж. Молдағалиевті Ар - ұят туралы өлеңінің сөздерін түсініп, ойға түйе білу.
Жаңа сабақ
А) Сұрақтармен жұмыс түрі. Ұят туралы.
Оқуда сұрақтарды қалай дұрыс қою керек?
Блум түймедағы.
Қарапайым сұрақтар – Бұл сұрақтар нақты деректерді еске түсіріп, жауап беру үшін қойылады
Анықтаушы сұрақтар – алған ақпаратты анықтау үшін бағытталған. «яғни сенің ойынша, бұл... ….», «мен сені дұрыс түсінсем, онда...»
Интерпретациялық сұрақтар (түсіндіруші) белгілі бір мәселелерді шешу барысында жаңа идеяларға итермелеуі мүмкін және түсініксіз іс - әрекеттердің себебін анықтауға көмектеседі (неліктен?)
Бағалаушы сұрақтар(салыстыру) – ойлаудың эмоционалды жағын арттыру үшін бағытталған “Сіз қалай ойлайсыз?»
Шығармашылық сұрақтар(болжам) – «Не болады, егер де,…?»
Тәжірибелік сұрақтар – «Сіз қалай орындар едіңіз …?»Одан не істеуге болады..?

Оқулықпен жұмыс
Ашық - жабық сұрақ.
Ә) Дәлелдер іздестіріп, ұсынуы.
Әңгіменің 3 түрі.
ӘҢГІМЕНІҢ ҮШ ТҮРІ (үлгіні тарату)
1. Әңгіме - дебат барысында:
Ой - пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады;
Ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады;
қарым - қатынас көбіне «Иә, бұл солай», «Жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге асады;
Орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталған.
2. Кумулятивтік әңгіме барысында байқалатын жайлар:
Айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе беруі;
Әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдауы;
Идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді.

Қорытынды, пысықтау.
3. Зерттеушілік әңгіме кезінде:
Барлығы белсенді тыңдайды;
Адамдар сұрақ қояды;
Адамдар тиісті ақпаратпен бөліседі;
Идеяларға дау айта алады;
Дауласуға себеп табылады;
Қатысу алдыңғы тәжірибеге негізделеді;
Барлығының қатысуы ынталандырылады;
Идеялар мен пікірлерге құрметпен қарайды;
Сенім атмосферасы орнайды;
Ортақ мақсат сезімі пайда болады;
Топ бірлескен шешімдер қабылдау үшін келісім іздейді.
Нил Мерсер, 2008

Үйге тапсырма.
Ар - ұят туралы тапсырма
Б) Шешімдер қабылдай алуы. «Ар - ұят туралы»

Кері байланыс: Көңіл күй.
Ж. Молдағалиев Ар – ұят туралы талдау, тақырыпқа сай мақал, ұнаған үзінді жаттау, ұқсас тақырып қарастыру.

СҚО, Тайынша ауданы,
Чкалов селосы, «№2 Чкалов орта мектебі» КММ
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:
Шауенова Алтын Балгановна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 168
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баяндама: Қазақ тілі және әдебиет сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың тиімділігі
Баяндама: Қазақ тілі және әдебиет сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың тиімділігі
Сыни ойлау – белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс» екенін атап көрсеткен.
Топтық жұмысты ұйымдастырудағы оқыту үшін бағалаудың тиімділігі
Топтық жұмысты ұйымдастырудағы оқыту үшін бағалаудың тиімділігі
Топтық жұмысты ұйымдастырудағы оқыту үшін бағалаудың тиімділігін айырмашылығын білу, оқушылардың оқуына ықпал ететін оқыту үшін бағалауды іс - тәжірибеде қолдануларына ықпал жасау.
Заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері
Заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері
Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» (Сократ)
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Б. Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахмет Нұрхат Бижанұлы
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылындағы №182 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Нұрмағанбетова Жанар Мейрімжанқызы
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нұрмағанбетова Жанар Мейрімжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×