Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мақсатты келер шақ

10 наурыз 2017, Жұма
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қазақ тілі 7 сынып
Сабақ негізделген оқу
Мақсаты: Мақсатты келер шақ. Ақпарат көздері арқылы оқушыларға келер шақтың ережесін, мақсатты келер шақтың жалғаулықтарын толық меңгерту;
Ә) коммуникативтік оқушылардың адамгершілік қасиетке баули отырып, алған білімдерін ауызша және жазбаша тілде қалыптастыру;
Б) проблеманы шешу тақырыпты меңгертуге арналған тапсырмалар мен жаттығуларды өз беттерімен орындауға дағдыландыру.
Табыс критерийлері Барлық оқушылар: Мақсатты келер шақ туралы біледі.
Оқушылардың басым бөлігі: Мақсатты келер шақпен танысады.
Кейбір оқушылар: Тақырыпты меңгеріп түсіндіре алады
Алдыңғы тақырып: Болжалды келер шақ.

Басталуы 10 минут
Ұйымдастыру кезеңі: Топқа бөлу. Ыстық лебіздерін білдіру. Үй тапсырмасын сұрау: Бинго ойыны. Оқушыларға сұрақтар беріледі. Сол сұрақтарға топ бойынша жауап береді.
І топқа. 1. Ауыспалы осы шақ дегеніміз не? Мысал келтіру.
а) ауыспалы осы шақтың жасалуы.
ә) ауыспалы осы шақтың жіктелуі.
ІІ топқа. 1. Келер шақ дегеніміз не?
а) келер шақтың түрлері туралы түсінік беру.
ІІІ топқа. Болжалды келер шақ дегеніміз не?
а) болжалды келер шақтың жасалу жолдары қандай?
ә) болжалды келер шақтың жіктелу үлгісі туралы түсінік беру.

Ортасы 20 минут
Жаңа сабақ: «Өкіл» әдісі арқылы бүгінгі жаңа сабағымызды бастаймыз.
Оқушылар бүгінгі жаңа тақырып туралы әр топқа барып түсінік береді.

Мақсатты келер шақ қимылдың, іс - әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді.
І топ: Мақсатты келер шақтың жасалуы
ІІ топ: Мақсатты келер шақтағы етістік ІІІ жақта жіктеледі
ІІІ топ: Мақсатты келер шақтың жіктелуі.

Мақсатты келер шақты табыңдар, түрленуін көрсетіңдер.
І жақ – үйренбекпін
ІІ жақ - үйренбексің
Сіз үйренбексіз
ІІІ - жақ үйренбек
160 - жаттығу. Мақсатты келер шақпен тұлғалас зат есімдерді теріп жазыңдар, қайсысы әрі етістік, әрі зат есім болады, қайсысы тек зат есім болады, мысалмен дәлелдеңдер. Зат есім: аунамақ, күйсемек, қаймақ, ермек, бермек. Етістіктер: сүймек, білмек, бермек, сүйремек, билемек, термек.

Аяқталуы 10 минут
Ой толғау. Оқушылар жазған шығармаларын топта оқиды, талдап, ең үздігін анықтайды.
1 - топқа. Мен ауылымды болашақта қалай елестете аламын.
2 - топқа. Мен таңдаған мамандық.
3 - топқа. ЭКСПО 2017

Қосымша ақпарат Үйге тапсырма. Мақсатты келер шақ. 161 - жаттығу. Бағалау 5минут Бағдаршам әдісі.

«Сырдария» жалпы орта мектебі мұғалімі Каримбаева Айсұлу

Толық нұсқасын жүктеу
3 587
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Болжалды келер шақ
Болжалды келер шақ
Оқу мақсаты Қазақ тілді сайттар туралы мәтіннің мазмұнын тарқатып пікір білдіруге ұйрету, Нақ осы шақтың тәжірибеде қолдану. Тілдік мақсаты: Лексикалық минимум: ғаламтор, сайттар, қолданушылар, осы шақ, электроды журнал
Өткен шақ (күнделікті сабақ жоспары)
Өткен шақ (күнделікті сабақ жоспары)
Өткен шақ қимылдың, іс - әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіреді.
Осы шақ. Нақ осы шақ (күнделікті сабақ жоспары)
Осы шақ. Нақ осы шақ (күнделікті сабақ жоспары)
Осы шақ сөйлеп тұрған кездегі іс әрекетті білдіреді. Осы шақ мағынасы мен жасалуына қарай екіге бөлінеді. 1. Нақ осы шақ. 2. Ауыспалы осы шақ Нақ осы шақ қимылдың іс - әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын білдіреді.
Келер шақ. Мақсатты келер шақ
Келер шақ. Мақсатты келер шақ
Сабақтың тақырыбы: Келер шақ. Мақсатты келер шақ
Келер шақ
Келер шақ
Жамбыл облысы, Шу қаласы, Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ильясова Рахила
Етістіктің шақтарын қайталау
Етістіктің шақтарын қайталау
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×