Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


М. Әуезов «Ақын қонақтар» («Абай жолы» роман - эпопеясынан үзінді)

05 сәуір 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов «Ақын қонақтар» («Абай жолы» роман - эпопеясынан үзінді)
Қазақ әдебиеті 5 сынып
Сабақтың жабдығы: Тақта, суреттер, кеспе қағаздар
Жалпы мақсаты: 1. Білімділік: а) Жазушы М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру; әңгімедегі ақын қонақтар мен бала Абай жайы мағлұмат беру;
2. Тәрбиелік: Оқушыларды әдеби шығарманы сүйіп оқуға баулу, Абай жолын үлгі ету. Егемен еліміздің жас ұрпақтарын жан - жақты жетілген адам атына лайықты азамат етіп тәрбиелеу;
3. Дамытушылық: Ой еркіндігін, пікірлерін саралай білуге, тиянақты сөйлей білуге үйрету, өз бетімен ізденуге бағыттау;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдістері: түсіндіру, іздену, сұрақ - жауап, салыстыру, сын тұрғысынан ойлау
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, сызба, семантикалық карта
Көрнекілігі: үлестірме кесте, плакатқа жазылған сөздер.

Топқа бөлу
Сыныпты төрт топқа, геометриялық фигуралар арқылы топқа отырғызу.
Ынтымақтастық атмосферасы Тарих қана, халық қана туатын
Алыптардың арқа тұтпас кім атын?
Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа
Керек болды Абай сынды ұлы ақын!

Айдың орнын баса алады күн ғана,
Таудың орнын баса алады шың ғана,
Ұлы ақынды тану үшін қазаққа
Керек болды Мұхтар сынды бір дана!

Қызығушылықты ояту
Жаңа сабақ
«Зымыраған сұрақтар» (сұрақтар қою)
«Ортадағы қаламсап»
Абай туралы мен не білемін?
Мұхтар туралы мен не білемін?

1. « Ақын қонақтар» әңгімесінің мазмұнын меңгеру.
2. Әңгімені композициялық құрылысына талдай отырып, мазмұнын айту.
Әңгіменің композициялық құрылымы:
Оқиғаның басталуы: Абайдың науқас күйі
Оқиғаның дамуы: Зере мен Ұлжанның әңгімелері
Шиеленісуі: Құтты қонақтардың келуі, жырлары
Шарықтау шегі: Барластың батасы
Шешімі: Қонақтарды аттандыру
3. Қонақ түрлерін айтып, таныстыру.
Арнайы қонақ: Ол - әдейі шақырылған ағайын - туыс, дос - жаран, көрші - көлем, құда - құдағи, сыйлы, құрметті кісілер.
Құдайы қонақ: Бұлар – шалғай елден, алыс жерден жолаушылап жүріп сапарында көлігі болдырып немесе жолдан адасып, шаршап, тынығу үшін қонған тосын, бөгде қонақ.

• Қыдырма қонақ: Үйден - үйді, ауылдан - ауылды кезіп, ерігіп желіккен, үлкенге сәлемшіл, кішіге баташыл, әжені аялап, жеңгені паналап, ағаға жол, ініге жел бергіш «кіріп - шық» кезбе қонақтарды осылай атайды.
• Қылқыма қонақ: Ол – ауыл ішіндегі, үй аралығындағы түтіні түзу шыққан үйді торып, құлқынын тойдыру үшін қолына тигенін, аузына түскенін қылқытып жалмай беретін ашқарақ, ар мен ұятты белге буған тойымсыз, елеусіз қонақ.
• Құтты қонақ: Қазақ халқында: «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады», - деген нақыл бар. Бұл мейман – келген кезінде түскен отбасында бір жақсылық, қуаныш болатын қонақ.
• Ерулікті қонақ: Қоныста отырған ауыл үстіне көшіп келген отбасын құрметтеп, ерулік асқа шақырылған қонақты осылай атайды.
. Дәптермен жұмыс.
4. «Түртіп алу» әдісі
Сөздікпен жұмыс
1. Тәуір болу – жазыла бастау
2. Елдің шабысы – ел ішіндегі дау - дамай, қақтығыс
3. Қажымай – шаршамай
4. Қош алу - келісу
5. Қан базардай – өте көп адамдар
6. Термелеу – белгілі бір мақамға алып орындау
7. Ұғымтал – түсінікті
8. Сүле науқас – созылмалы дерт, ауру
9. Құлан таза болып арылу – толық жазылу
10. Ырым байлау – құрмет көрсету
5. Бата - бата беру - адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын - тойларда, т. б. адам өмірінде кездесер ірілі - ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай - ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда — медет беріп, әрбір іс - әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле - жаладан қорғайды деп есептелген.

Мағынаны тану
6. Әдебиет теориясы
Портрет – ақынның немесе жазушының кейіпкер бейнесін сөзбен салған портреті. Портретте адамның сырт бітімі, кескін - келбеті, жүріс - тұрысы суреттеледі.
7. Оқулықтан Абай мен Барластың портретін оқу
8. Семантикалық картамен жұмыс:

Атырау облысы, Исатай ауданы,
Жанбай селосы, Х. Наубетов атындағы орта мектеп
ІІ деңгей бойынша сертификатталған, І санатты
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Кисамиева Улмекен Есқалиқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 935
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Эссе: Абай жолы
Эссе: Абай жолы
Абай жолы — Мұхтар Әуезовтің әлемге әйгілі роман - эпопеясы. “А. ж.” — қазақтың көркем прозасын классик. стиль деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетик. талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды.
Абай жолы романындағы Абай бейнесі
Абай жолы романындағы Абай бейнесі
Эпопеяның негізінде Абайдың феодалдық қоғаммен бетпе - бет келе отырып, өсу жолдарынан мағлұмат алады.
Мұхтар Әуезов «Ақын қонақтар»
Мұхтар Әуезов «Ақын қонақтар»
Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Уткельбаева Айгуль Макажановна
Ақын қонақтар
Ақын қонақтар
Сабақтың тақырыбы: М. Әуезовтің «Ақын қонақтар» әңгімесі. Сабақтың мақсаты: Біліміділік: «Ақын қонақтар» шығармасын талдай отырып, шығарма кейіпкерлерінің ішкі сарайын, сезім сырларын ұға отырып, кейіпкерлер арасындағы ізгілік қарым - қатынасты
«Абай жолы» романындағы Абай бейнесі
«Абай жолы» романындағы Абай бейнесі
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қартпағамбетова Дәмелі Қойбаққызы
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абай бейнесі
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абай бейнесі
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы М.Әуезов атындағы орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қонақаева Жібек Балтақайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×