Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Септеулік шылау

30 сәуір 2017, Жексенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Тақырып: Септеулік шылау
Қазақ тілі 6 сынып
Сабақтың мақсаты: Шылау туралы алған білімдерін толықтыру, септеулік шылаудың өзіндік ерекшелігін таныту
Күтілетін нәтиже: 1. Шылау, шылаудың түрлерін, жасалу жолын, басқа сөз таптарынан ерекшелігін түсінеді;
Мәтіннен, көркем шығармалардан шылауды тауып, түрлеріне қарай ажыратып, жасайды;
Өзара бағалайды, пікір айтады, түйіндейді
Сабақтың түрі: жаңа білім игерту

Психологиялық ахуал 3 мин
2мин І. Сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аударту.
Топқа бөлініп отыру.
Сергіту сәті. Қызығушылықтарын ояту.
«Өрмекші» тренингі. Жіп орамын лақтыру арқылы бір - біріне тілектерін айту
• Критериалды бағалау парағымен таныстырып, тарату.

Үй тапсырмасы 10мин
ІІ. Үй тапсырмасын тексереді
«Ой қозғау» (түрткі тастау)
Сұрақ - жауап арқылы жұмыс:
— Шылау дегеніміз не?
— Шылау сөйлем мүшесі бола ала ма? Неліктен?

Критериалды бағалау парағымен таныстырып, тарату.
1., Шылау туралы толық мағлұмат берілуі
2. Жеткізудегі ой ұшқырлықтары
3. Талғампаздығы, әсемдігі

ОҮБ
Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау.

Білу 5мин
Жаңа білімді игерту
Күн ретін жазғызады, тапсырма береді;
Септеулік шылау өз бетімен оқу. түсіну
«Өзара оқыту» жұптық жұмысын ұйымдастыру

Түсіну 5мин
«Шындық, жалған» әдісі
1. Септеулік шылаулар белгілі бір септік тұлғадағы толық мағынадағы сөздермен тіркесе келіп, оған қосымша (мезгілдік, мекендік, амалдық, себептік,, мақсаттық) мән үстеп, оны екінші сөзбен байланыстырады.
2. Септеулік шылаулар мыналар; Да, де, та, те, мен, яки, немесе.
3. Септеулік шылаулар сөйлемде 2 түрлі қызмет атқарады.
4. Септеуліктер орыс тіліндегі «глагол» деген сөз табыны жақын. «
5. Түбір (кейде көптік тәуелдік) тұлғадағы зат есім, тұйық етістік, есімшемен тіркесетін септеуліктер: арқылы, жайында, үшін, туралы сайын, сияқты.
6. Барыс септігіндегі сөздермен тіркесетін септеуліктер кейін, соң, гөрі, бері, бұрын, әрі, шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер дейін, шейін, таман, қарай, салым, жуық, тарта.
7. Осымен септеуліктер бітті.

Қолдану 10. мин
ІV. Мағынаны тану.
1. тапсырма. (5 минут)
1 - топ Арқылы, жайында, үшін, тәрізді септеуліктерді қатыстырып сөйлем құрау, тіркескен сөзге қандай мағына үстеп тұрғанын анықтау, қай сөз тіркесімен тіркесіп тұрғанын айту
2 - топ Таман, қарай, салым, жуық
3 - топ Соң, кейін, бұрын, әрі
4 - топ Қатар, қабат, бірге
5 - топ Сияқты, таман, гөрі, қатар
Бағалау дескрипторлары:
1. Сөйлем құрай білу
2. қандай сөзбен тіркесіп тұрғанын айтады.
3. Тіркескен сөздерге қандай мағына үстеп тұрғанын ажырата білу

Тест тапсырмасы
Бағалау дескрипторлары:

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,
Шақаман ауылы, Шақаман жалпы орта білім беретін мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Маширбаева Лазатия Саматовна

Толық нұсқасын жүктеу
6 885
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Шылаудың ерекшелігі
Шылаудың ерекшелігі
Шылаудың ерекшелігі. Шылаудың басқа сөз таптарынан мынадай айырмашылықтары бар.
Негізгі және туынды еліктеу сөздер
Негізгі және туынды еліктеу сөздер
Сабақтың мақсаты: Еліктеу сөздердің құрамдық ерекшелігін, басқа сөз таптарынан айырмашылығын таныту, өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Шылаудың түрлерін қайталау
Шылаудың түрлерін қайталау
Павлодар қаласы, №19 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Каденова Ж. Ж.
Үшін, туралы, дейін, шейін шылаулары
Үшін, туралы, дейін, шейін шылаулары
Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сұлтанова Cара
Шылау
Шылау
Қызылорда қаласы. № 267 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күнтуарова Ақмарал Амангелдіқызы
Адамның дене мүшелері
Адамның дене мүшелері
Шылаудың жазылу ережелерімен таныстыру, сөйлем мен сөз тіркестерін құрату. Шылау туралы білімдерін толықтыру, ойын жинақтай білуге дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×