Білімділер поралы

Сөйлем

Сабақтың тақырыбы: Әңгіме оқимын. Сөйлем. (Сауат ашу)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1. 3. 4. 1 Мұғалімнің көмегімен оқыған/ тыңдаған мәтіндеріндегі ақпаратты сурет, сызба белгілер қолданып жеткізу.
1. 3. 11. 1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.
1. 3. 8. 1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
1. 1. 4. 1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау.
1. 3. 5. 1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер
/мәтін құрастыру және жазу.
1. 1. 5. 1 Түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдану.
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір - біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба, таныстырылым.
ТІЛДІК МАҚСАТ: Оқушылар дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін талқылайды.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Дыбыс, әріп, сөйлем, пікірлесу, ой бөлісу.
Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: қазақ тілі.
Талқылау үшін сұрақтар:
• Дыбыс дегеніміз не?
• Әріп дегеніміз не?
• Сөз неден құралады?
• Сөйлем деген не?

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Егер.... Егер сендердің көңіл - күйлерің көтеріңкі болса, аяқтарыңды топырлатыңдар. 2. Егер сендер сауат ашу сабағын жақсы көрсеңдер, қол шапалақтаңдар. 3. Егер сендер сабаққа дайын болсаңдар, қолдарыңды жоғары көтеріңдер.
Топқа бөлу. Суреттер арқылы
Топтың ережесі:
1. Бір - бірін мұқият тыңдау.
2. Біреудің айтқанын қайталамау
3. Тақырыптан ауытқымау.
4. Топта кезектесіп сөйлеу.
5. Сабаққа белсенді қатысу.

Сабақтың ортасы
Мағынаны тану
Миға шабуыл. Суреттің жалғасын тап.(Бауырсақ)
Тыңдалым. (МК; Ө; Т; Қ) Оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау, мәтінді аяқтай алу білігін бағалау.
1 - жаттығу. Оқушылардың бұған дейінгі игерген білімдерін естеріне түсіру мақсатында «Сөйлем» туралы білетіндерін сұрау. Оқулықта берілген мәтінді оқушыларға оқыту және көрсету. Әрі қарай оқулықта берілген сұрақтар бойынша іздену жұмыстарын ұйымдастыру.
Сұрақ - жауап: Ертегі не туралы?
Ертегіні өзің ары қарай жалғастырып көр.

Жазылым. Айтылым. (МК; Ө; Қ) Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу, сөйлемдегі сөздердің байланысын таба алу білігін бағалау.
2 - жаттығу. Мәтіндегі қарамен берілген сөйлемдерді көшіріп жаздыру. Жазуларын қадағалау.
Жаңа ақпарат.
СӨЙЛЕМ АЯҚТАЛҒАН БІР ОЙДЫ БІЛДІРЕДІ. СӨЙЛЕМНІҢ БІРІНШ СӨЗІ БАС ӘРІПТЕН БАСТАЛЫП ЖАЗЫЛАДЫ. СӨЙЛЕМЕН СОҢ НЕ НҮКТЕ. НЕ СҰРАҚ БЕЛГІСІ? НЕ ЛЕП БЕЛГІСІ! ҚОЙЫЛАДЫ.
3 - жаттығу. Көркем жаз. (МК; Ө; Қ) Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу білігін бағалау.
Қатесіз жазуларын қадағалау.
Тақтамен жұмыс. Бауырсақ сөзін тасымалдау.

ШҚО, Тарбағатай ауданы,
Шолақорда ауылы, Б. Майлин орта мектебі. КММ
Бастауыш мұғалімі: Рысбекова Шынар Маулытханқызы
Толық нұсқасын жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 117
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 117
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика