Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


С. Торайғыров «Шілде» өлеңі

13 қыркүйек 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қысқа мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 8 (орыс тілді мектеп үшін)
Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыров «Шілде» өлеңі
Сілтеме: Қазақ әдебиеті. Орыс тілінде білім беретені мектептің 8 - сыныбына арналған оқулық/ Әбдезұлы Қ., Тұрсынғалиева С. Ч. Астана: «Арман – ПВ», 2012. – 208 бет.
Мақсаты
Мақсаты:
білімділік: Оқушыларды С. Торайғыровтың өмірімен танысып, өлеңінің идеясын ашу, білімдерін жан-жақтылы кеңейтеді, сөз байлығы кеңейеді, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді, өз ойын толық жеткізіп, өлеңнен негізгі түйінді таба білуге дағдыланады.
дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру.
тәрбиелік: Ақынның өлеңі арқылы оқушылардың бойына сұлулық, көркемдік қасиеттерін дарытып, табиғаттың сұлулығын тануға, көре білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:
Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір - бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым - қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, көркем әдеби тілде сөйлеуге, меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқуға талпынады.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Пәнаралық байланыс: Музыка, өзін - өзі тану.
Қолданылатын әдістер: Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, « Жоба қорғау технологиясы», ойтолғаныс, РАФТ стратегиясы, БЛУМ таксономиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшы.

Кіріспе
Ұйымдастыру
Топқа бөлу
Сыныптың оқушыларын 1 - 4 санау арқылы топқа бөлу. Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.
Психологиялық ахуал туғызу
Мұғалім оқушыларға бір - біріне тілек айтқызады:
Кәне, достар, тұрайық.
Шеңберімізді құрайық.
Жақсы - жақсы тілектер
Бір - бірімізге сыйлайық!

2. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың өткен білімдерін тексеру үшін, семантикалық картамен жұмыс. Жауап парағы арқылы көршіңді тексер.
Қосымша №1. Семантикалық карта.

Тұсаукесер 2 мин
«Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізеді. С. Торайғыров жайында бейнеролик интерактивті тақтадан көрсетіледі. Мұғалім оқиды.
- Балалар, бұл өлең қай ақынның өлеңі?
- Дұрыс айттыңдар, С. Торайғыровтың өлеңі екен.
- Олай болса, бүгін біз С. Торайғыров жайлы тереңірек танысамыз.

Павлодар қаласы, Ленин кенті
№ 33 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Д. Қ. Жексенова

Толық нұсқасын жүктеу
1 555
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сауысқанның ұясы
Сауысқанның ұясы
Оқушылар мәтіннің мазмұнымен танысып, негізгі идеясын біле отырып, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді
С. Торайғыров. “Шілде” өлеңі (слайд)
С. Торайғыров. “Шілде” өлеңі (слайд)
Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыров. “Шілде” өлеңі (слайд) Шілде өлеңі Түскендей әуе жерге қырық күн шілде, Ішкен мас жегендер тоқ күнде - күнде. Қысқа түн қымқырылды таң көрінді: “Кел, шық” деп, иек қағып жарық күнге.
Мұхтар Әуезов "Әке арманы"
Мұхтар Әуезов "Әке арманы"
Бастауыш сынып мұғалімінің әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспары Мұхтар Әуезов "Әке арманы"
Абайдың Қыс өлеңі
Абайдың Қыс өлеңі
Ақпарат көздерін тиімді пайдалану арқылы Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу
Абай Құнанбаев «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»
Абай Құнанбаев «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»
Ән мен күй жайындағы өлеңді оқи отырып, әннің, күйдің құдіреттілігін түсіндіру; Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуге баулу арқылы поэзия, саз өнеріне сүйіспеншілігін арттыру;
Абай Құнанбаев «Жазғытұры» өлеңі
Абай Құнанбаев «Жазғытұры» өлеңі
Бастауыш сынып мұғалімі Парменова Маржан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×