Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш

18 қыркүйек 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақ тақырыбы: Бастауыш
Сілтеме: 3 - сынып "Қазақ тілі" оқулығы, интернет материалдары
Мақсаты: Сөйлем мүшесі бастауыш туралы түсінікті тереңдетіп, олардың грамматикалық белгілерін меңгерте отырып, өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету.
Күтілетін нәтиже: А. Бастауыш туралы біліп түсінеді.
В. Бастауышты сөйлем ішінен ажыратып айта алады.
С. Сөйлемнің бастауышын анықтай отырып, оның қызметін біліп түсінеді.

І. Кіріспе 2 минут
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Сыныппен сәлемдесіп, қызыл, көк түстер арқылы топтарға бөлу.
Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.

ІІ. Тұсаукесер 5 минут
"Серпінді сауал" арқылы өткенді еске түсіру
- Балалар, өткен сабағымызда не туралы айтқан болатынбыз?
- Дұрыс, ендеше, балалар, бүгінгі сабағымызда сөйлемнің негізгі мүшесі - бастауышпен танысып, оның қызметі туралы біліп түсінеміз.

ІІІ. Негізгі бөлім 10 минут
Топтық жұмыс
Әр топқа оқулықтың 64 - бетіндегі жаттығуларды орындау тапсырылып, флипчартқа қорытынды шығару ұсынылады.
1 - топ: 22 - жаттығу
2 - топ: 23 - жаттығу
Топтық жұмысты "Бағдаршам" арқылы бағалау ұсынылады.

Қорытынды: Қимыл, іс - әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш дейді. Бастауыштар кім? кімдер? не? нелер? кімі? несі? деген сұрақтарға жауап береді.

Жеке жұмыс
Әр оқушыға жұмбақты оқып, оны жатқа жазу және шешуін табу тапсырылады.
"Бас бармақ" арқылы бағалау ұсынылады.
"Адасқан бастауыштар"
АКТ арқылы адасқан бастауыштарды өз орнына қойып сәйкестендіру. Мысалы,
Арыстан ------------- боздайды.
Бота ------------------- мөңірейді.
Жылқы --------------- ақырады
Қой ------------------- кісінейді.
Сиыр ------------------ маңырайды.

"Бес жолды өлең"
Әр топ мүшелеріне сөздер беріліп, оған бес жолды өлең құрастыру тапсырылады.
1 - топ: Қоян
2 - топ: Мысық

Кеңейтілген тапсырма
1. Өлеңді оқып, көшіріп жазу.
2. Бастауышты тауып, астын сызу, сұрақ қою.
3. Өлең мазмұнына орай мақал жазу.
4. "Қой" сөзін топтастыру.

ІҮ. Қорытынды
Кері байланыс
Кері байланыс парағын толтыру ұсынылады.

Рефлексия
"Блоб ағашы" арқылы өз - өздерін бағалау.
Үй тапсырмасы
65 - бет, 28 - жаттығу
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!!!

Бастауыш жүктеу
1 771
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері жайында жан - жақты толық мағлұмат беру; ә) сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру; б) өз пікірін айтуға төселдіру, танымын кеңейту, ойлау қабілетін арттыру.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада тұратын сөйлем мүшелерін бірыңғай мүшелер дейміз.
Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау
Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау
Сөйлем мүшелері туралы түсінік беру, олардың грамматикалық белгілерін меңгерту, негізгі мәселерді қайта жаңғырту, қызығушылығын ояту;
Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
Сын есімнің сөйлемдегі қызметін меңгерту, өткен сабақтармен байланыстыру, сөйлем ішіндегі сын есімнің қызметін дұрыс табуға, оқушының өзіне талдату арқылы өздігінен қорытынды шығарту.
Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау
Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау
Сөйлем мүшелерінен өткенді еске түсіру, олардың грамматикалық белгілерін меңгерту, білімдерін бекіту. Өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету, өз ойын еркін жеткізе білуге баулу, сөйлем талдау дағдысын қалыптастыру.
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сөйлем, сөйлем мүшелері, олардың дара және күрделі түрлері туралы білімдерін нығайта отырып, оларды сөйлем ішінен дара және күрделі сөйлем мүшелерін табу арқылы сұрақ қоюға үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×