Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан Республикасының рәміздерін білу – менің міндетім

18 қыркүйек 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақтың атауы: Қазақстан Республикасының рәміздерін білу – менің міндетім
Мақсаты: Мемлекеттік рәміздер жайлы мәлімет бере отырып, тілдік құзіреттілігін дамытуға жағдай жасау.
Оқу нәтижесі: Мемлекеттік рәміздер тарихынан мағлұмат алады.
•Тақырып бойынша топпен, жұппен, жеке жұмыс жасай алады.
•Ойларын жеткізе біледі.
Әдіс тәсілдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;+
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;+
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;+
Оқыту мен оқуды ақпараттық - коммуникативтік технологияларды пайдалану;
Талантты және дарынды балаларды оқыту;
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу+
Оқытуды басқару және көшбасшылық
Дереккөздер: Оқулық, тірек сызбалар, кластер
Сөздіктер, жұмыс парақшалары, стиктер

І. Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау» стратегиясы
•Қазақстан қандай мемлекет?
•Қазақстан Республикасының Президенті кім?
•Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін білесің бе?

ІІ. Мағынаны тану сатысы
1. Сөздерді оқып жаттығыңдар
Рәміз – белгі - нышан - таңба
Аясында - айналасында - аумағында - көлемінде
Мата - шүберек
Бейбітшілік - тыныштық - татулық
Төменгі жағында - астында
Бостандық - еркіндік - тәуелсіздік - теңдік
Бейнеленген - көрсетілген - салынған
Біркелкі - бірдей - бірыңғай - бірқалыпты
Болашақ - келешек - алдағы уақыт
Дәстүрлі - әдетке айналған - салтқа енген
Ені - кеңдігі - жалпақтығы
Ұзындығы - ұзына бойы
рухын көтеру - жігерлендіру
мән – значение
отырыс - мәжіліс - жиналыс
жадында - есінде - ойында
серпіліс - өзгеріс
рәсім - салтанатты кеш
композитор - сазгер
қастерлеу - сақтау - қорғау
ту - байрақ - жалау
2. Мәтінмен жұмыс. Оқушылар жұппен екі мәтінді оқиды, оқи отырып, «Түртіп алу - инсерт» стратегиясы белгімен жұмыс жасайды, орыс тіліне аударады.
«V» - білемін «-» білмеймін «+» жаңа мәлімет «?» тереңірек білгім келеді
Оқушылар жұмысы тыңдалады.
«Жұптасыңыз, талқылаңыз, ортаға салыңыз» стратегиясы
Оқушылар жұптаса отырып (4 - тапсырманы орындайды). Жұп өзара сұрақтарына мәтіннен жауабын тауып оқиды.
3. Жұппен жұмыс: Қазақстан рәміздері.
І. Мәтінді толықтырыңыз.
1. Елтаңбаның жүрегі –.....
2. Шаңырақ - мемлекеттің түп – негізі -...
3. Сонымен қатар шаңырақ –... де білдіреді.
4. Шаңырақ – қазақ өмірінің алтын қазығы болған киіз үйдің..... 5. Тұлпар – даланың, ер – азаматтың көмекшісі,.... бейнесі.
6. Қанатты тұлпар.... біріктіреді.
7. Жұлдыз адамға.... көрсетеді. Елтаңбаның авторлары -......
Керекті сөздер: Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов, жол, Уақыт пен Кеңістік, бостандықтың, күмбезі, күн шеңберін, отбасының бейнесі, шаңырақ.

ІІ. Дұрыс сөйлемді табыңыз.
1. Мемлекеттік ту көгілдір түсті.
2. Күн, арай, қыран және ою - өрнек - қызыл түсті.
3. Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков.
4. Көгілдір түс ашық аспанды білдірмейді.
5. Қыран құс – билік, батырлықтың бейнесі.
6. Алтын күн тыныштық пен байлықтың, уақыттың белгісі емес

ІІІ. Сөздерді орын тәртібімен қойыңыз.
1. Түсті, көгілдір, ту, мемлекеттік
2. құс, қыран, билік, бейнесі, батырлықтың
3. аспанды, ашық, көгілдір, түс, білдіреді
4. авторы, тудың, - суретші, Шәкен Ниязбеков
5. бейбітшіліктің, пен, тыныштық, жақсылықтың, көк, аспан, нышаны
ІҮ. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Қазақстан Республикасы қайда орналасқан?
2. Қазақстан қандай мемлекет?
3. Қазақстанның Ата заңы қай жылы қабылданды?
4. Еліміздің жері қандай?

Ү. Сөздердің сыңарын табыңыз.
1. Қазақстан ------------- а) мемлекет
2. президенттік ------- ә) басқару
3. біртұтас ------------ б) Республикасы
4. алтын ------------- в) қазына

ІІІ. Ой - толғаныс сатысы
1.«Мемлекеттік рәміздер – еліміздің қасиетті белгісі»
2. Тест сұрақтарына жауап беріңіздер
•Ұлттық ою - өрнек қайда бейнеленген?
а) Әнұран ә) Елтаңба б) Ту
•Шұғылалы күн қайда орналасқан?
а) тудың ортасында ә) Елтаңбада б) тудың сабында
•Шәкен Ниязбеков қай рәміздің авторы?
а) ту ә) Елтаңба б) Әнұран

Қазақстан Республикасының рәміздерін білу – менің міндетім жүктеу
2 568
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Зат есімнің септелуі
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі мен зат есімді қайталау Өз білімін тәжірибеде қолданады;
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет
Қазақстан мемлекеті туралы білімдерін тереңдету; Болашақты жасайтын – қазіргі жастар екенін ұқтыру
Қазақстан – ортақ үйіміз
Қазақстан – ортақ үйіміз
Қазақстан мемлекеті туралы білімдерін тереңдету; Болашақты жасайтын – қазіргі жастар екенін ұқтыру;
Педагогикалық іс тәжірибемдегі жаңаша өзгерістер
Педагогикалық іс тәжірибемдегі жаңаша өзгерістер
Өз тәжірибемде қандай да бір жаңашылдық көрсетуде мен «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Талантты және дарынды балаларды оқыту»,
Қазақстан Республикасының рәміздері
Қазақстан Республикасының рәміздері
Қазақстан Республикасының рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні 2006 жылы 7 қаңтарда өзгертіліп, жаңа гимн қабылданды.
Мемлекеттік рәміздер тарихы
Мемлекеттік рәміздер тарихы
Жезқазған қаласы №10 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Досмаганбетова Жумакул Абсаматовна Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер тарихы Жай сөйлемнің түрлері (8- сынып) Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік рәміздер жайлы мәлімет бере
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×