Білімділер поралы
загрузка...

Металдарды алудың әдістері

Химия 9 класс
Cабақтың тақырыбы: Металдарды алудың әдістері.
Сабақтың мақсаты: 1. Металдардың алыну жолдарымен танысу.
2. Металдардың алу жолдарын химиялық реакция теңдеулермен сипаттай алу.
3. Өз бетімен жеке жұмыс жасуға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек - сызба, карточкалар, Д. И. Менделеевтің кестесі
Сабақтың пәнаралық байланысы: Физика, география.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Сөздік жұмыс, тірек - сызбамен талдау

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІV Бекіту
V. Үйге тапсырма беру.
І. Оқушылармен амандасу.. Оқушыларды түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Карточкамен жұмыс.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Металдар табиғатта бос (таза, саф) күйінде де, қосылыс түрінде де кездеседі. Бос күйінде болатын металдарға, химиялық белсенділігі темен алтын, күміс, платина, мыс, сынап, қалайы сияқты металдар жатады. Металдардың жер қойнауында кездесетін қосылыстарын минералдар деп атайды. Минералдарда металдар көбіне оксид (мысалы, гематит Ғе2О3), сульфид (мысалы, пирит FeS2) ж\е әр түрлі тұздар (мысалы, әктас CaCO; j) түрінде болады. Минералдар жеке кездеспейді, олар құм, саз, т. б. тау жыныстарымен араласып жүреді. Егер осындай минералдардың металы көп, экономикалық жағынан металл өндіруге тиімді болса, онда ондай минералдардың қоспасын кен деп атайды. Кен құрамындағы металл мөлшері әр металл үшін әр түрлі бағаланады. Мысалы, құрамында 1% мыс болса, ол мысқа бай кен болып саналады, 1 тонна кеннен 10 грамм алтын өндірілсе, ол да тиімді болып есептеледі. Ал өнеркәсіптік темір кендеріндегі темір мөлшері 60 — 70% - тен кем болмайды. Кен құрамында әр түрлі металдар минералдары аралас кездесуі де мүмкін, мысалы, қорғасын жөне мырыш алдауыштары (галенит PbS пен сфалерит ZnS) бірге кездеседі. Осындай бірнеше металы бар кен орындары полиметалл кендері деп аталады. Кен құрамынан металл өндірумен айналысатын өндіріс саласын металлургия деп атайды. Металлургия екіге бөлінеді: қара металлургияда темірдің құймалары — шойын мен болот өндіру іске асырылады, ал тусті металлургияда темірден басқа барлық металдар мен олардың құймалары өндіріледі.

Металдарды алудың әдістері жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 302
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 301
Роботтар: 3
серик
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика