Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жазық геометриялық фигураларды салу

20 қазан 2017, Жұма
Категориясы: Кембридж тәсілі
Математика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1В бөлім – Геометриялық пішіндер
Сабақ тақырыбы: Жазық геометриялық фигураларды салу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1. 3. 1. 2 жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру
Сабақ мақсаттары: Жазық және кеңістік фигураларды ажыратады, оларды қоршаған ортадағы заттармен салыстыра алады.
Тілдік мақсат: үшбұрыш;
дөңгелек;
шаршы;
тіктөртбұрыш;
жақ.

Бағалау критерийлері: Геометриялық фигураларды атайды және ажыратады
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларда бір - біріне деген құрмет көрсету қасиетін тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар: Қазақ тілі, өнер
АКТ қолдану дағдылары: Интерактивті тақта
Бастапқы білім: Заттарды материалына қарай ажыратады
Сабақтың басы
5 минут «Таңғы шеңбер»
Өсемiз бiз күлiп - ойнап,
Он саусақтың саласындай,
Өсемiз бiз күлiп - ойнап,
Бiр адамның баласындай.
– Балалар, бір - біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

ІІ. Өткенді қайталау.
1. Өткен сабақта қандай геометриялық фигуралармен таныстық?
2. Геометриялық фигураларды атау
3. Қолдарына жіп беру арқылы түзу сызық, қисық сызық, кесінді, сынық сызықтар жасату.
4. Кесінді мен сызықтың айырмашылығын сұрау
Сабақтың мақсаты: Жазық геометриялық фигураларды салып үйренеміз

Сабақтың ортасы
1. Тәжірибе жасау:
Топтарға тапсырмалар беріледі
Тапсырмалар:
1. Конус, пирамида, параллепипед сияқты кеңістік фигураларын беріп, ақ қағазға табанын сызғызу
2. Шыққан фигураны қиып алу
3. Суретін салған фигурамен салыстыру
Оқушылардан не байқағанын сұрау Көргендері бойынша қорытынды жасату. Конустың үстел үстінен жоғары тұрғанын, оның тек табаны ғана үстелде жатқанын, ал дөңгелек түгелімен үстел бетінде орналасқанын бақылау арқылы қорытынды жасатқызу. Сондықтан конус пен дөңгелектің екі түрлі фигуралар болатынын айтамын.
Олардың негізгі айырмашылығы: дөңгелек — жазық, ал конус — кеңістік геометриялық фигура екендігін айтып, қорытынды жасау.
Оқушылардан тағы да қандай фигура арқылы дөңгелекті салуға болатынын сұраймын. Жауаптарын айтқызып, олардың дұрыстығын тексеруді ұсынамын. Оқушылар шар мен цилиндрді айтуы мүмкін. Цилиндрді қолданып, тәжірибені қайталап көруге болады және сызғаннан пайда болған дөңгелекті көрсетемін. Ал шарды бастырып сызудың мүмкін емес екенін, бірақ ол да кеңістік фигурасына жататынын айтып қорытындылау. Сонымен шар мен цилиндр — кеңістік фигуралары, ал дөңгелек — жазық фигура екеніне тәжірибе арқылы көз жеткізеді.
2. Орындап көр. Берілген тапсырмада оқушыларға айналасын зерттей отырып, пішіні жазық фигуралар болатын немесе ізі жазық фигураның пішінін елестететін заттарды табуды ұсынамын.
3. Шығарып көр. Оқушыларға тапсырмада көрсетілген суреттегі заттарға мұқият қарап, олардың жақтарының қандай пішін құрайтынын анықтайды. Тапсырманы орындау барысында оқушыларды кеңістік және жазық фигуралар туралы алған білімдерін талдай біледі.

Дәптермен жұмыс:
Фигураларды топтастыр. Тапсырма фигуралардың типтерін ажырату дағдысын дамытуға арналған. Оқушылар фигураларды топтарға бөліп, әр топты өзіне тән тұйық сызықпен айналдырып сызу керек.
Фигуралар мен заттардың пішіндерін салыстыр. Тапсырма оқушылардың қандай жазық геометриялық фигура берілген заттың бейнесіне сәйкес келетінін анықтай білу дағдысын тексеруге арналған. Оқушылар кеңістіктегі заттың пішінінің жазық геометриялық фигураның қайсысына сәйкес келетінін анықтап, фигураны заттың түсіне сәйкес бояумен бояуы тиіс.
Қосымша тапсырма: Сіріңке таяқшалары мен ермексазды пайдаланып, жазық фигураларын жасау.

Көкшетау қаласындағы физика - математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Мұғалімнің аты - жөні: Сабитова А. С.

Жазық геометриялық фигураларды салу жүктеу
2 646
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кесіндіні өлшеу. Фигураларды салу
Кесіндіні өлшеу. Фигураларды салу
нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрыш секілді геометриялық фигураларды атайды, бір - бірінен ажыратады.
Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу
Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу
нүктелі қағазда кесінділер, түзулер мен геометриялық фигураларды орны, қозғалыс және бағыты бойынша нұсқаулыққа сәйкес сызу.
Қарапайым геометриялық фигуралармен танысу (нүкте, түзу, сәуле, кесінді)
Қарапайым геометриялық фигуралармен танысу (нүкте, түзу, сәуле, кесінді)
Қарапайым геометриялық фигуралармен танысу (нүкте, түзу, сәуле, кесінді) Математика 1 сынып
Фигуралармен (пішіндермен) жұмыс істеу кезіндегі шығармашылық іс әрекет. Жазық фигуралардың модельдері
Фигуралармен (пішіндермен) жұмыс істеу кезіндегі шығармашылық іс әрекет. Жазық фигуралардың модельдері
Геометриялық фигураларды танып білу (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, шар, цилиндр, конус, пирамида, параллелепипед, куб) Жазық фигуралар моделін құру және олардан композиция құрастыру
Көлемді фигуралар
Көлемді фигуралар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1. 3. 1. 2 Жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған
Жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастыру
Жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастыру
Өздеріне таныс жазық және кеңістік фигураларды атайды, ажыратады. Жазық фигуралардан әртүрлі заттар мен композициялар құрайды.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×