Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алгоритмді жазу түрлері. Блок - схема

30 қазан 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақ тақырыбы: Алгоритмді жазу түрлері. Блок - схема
Жалпы мақсат: Алгоритмнің жазылу формаларын түсіндіре отырып, оқушылардың пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сілтеме: 1. 6 - сыныпқа арналған информатика оқулығы.
2. Жұмыс дәптері
Оқу нәтижесі: Оқушылар алгоритм ұғымын, алгоритмнің жазылу формаларын біледі, алгоритмді блок схема түрінде көрсете алады.
Сабақта қолданыла -
тын материалдар: ДК, интерактивті тақта, флипчарт, оқулық, дәптер, түрлі түсті қағаздар, сурет қиындылары, бағалау парақшасы.
Оқыту әдістері: Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер: сұрақ - жауап, диалог, АКТ, сын тұрғысынан ойлау.
Жұмыс түрлері: жеке

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
(3 мин) Оқушылармен амандасу, түгендеу. Топқа бөлу ( сурет қиындылары)
1. «Тілек жазу»
Мақсаты: Ынтамақтастықты нығайтады, көңіл күйді көтереді.
Парақшаларға тілек жазып, бүктеп қорапшаға салып араластырып, қайта тарқатады.
2. Оқушыларға бағалау парақшасы таратылады.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
( 5 мин )
«Миға шабуыл» Сұрақ - жауап.
1. Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритмді кім атқара алады?
3. Атқарушының командалар жүйесі деп нені
атайды?
4. Алгоритм атауы қайдан шыққан?
5. Алгоритмнің негізгі қасиеттерін ата.

ІІІ. Жаңа тақырып (8 мин)
Ребус шешу арқылы оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
Алгоритмді әртүрлі формада ұсынуға болады. Алгоритмнің жазылу формалары көбіне орындаушыға тәуелді болады.
Алгоритмдер мынадай формалармен ұсынылады:
• Сөздік формада;
• Графикалық;
• Алгоритмдік тілде;
• Программалау тілінде.
Блок - сызба
Блок - сызбада әр іс - әрекеттер фигуралардың көмегімен сипатталады. Алгоритмнің басы және соңы сопақша шеңбермен (эллипс) сипатталады. Іс - әрекеттер тіктөртбұрышқа жазылады. Блок - сызбадағы барлық элементтер бір - бірімен байланыс сызықтарымен (стрелка) байланысады, ол алгоритмнің орындалу бағытын көрсетеді. Енгізу және шығару мәліметтері параллелограммға жазылады.
Мысалы, екі санды қосу алгоритмі

! Түйін
• Алгоритм сөздік формада, графикалық, алгоритмдік тілде, программалау тілінде беріледі.
• Алгоритмнің басы және соңы эллипспен (сопақша шеңбер) беріледі.
• Іс - әрекеттер тіктөртбұрышты фигурада жазылады.
• Енгізу және шығару мәліметтері параллелограмға жазылады.
• Блок - сызбадағы барлық элементтер бір - бірімен байланыс сызықтарымен байланысады, ол алгоритмнің орындалу бағытын көрсетеді.

Алгоритмді жазу түрлері. Блок - схема. жүктеу
5 145
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өздік жұмысы /Алгоритм типтері/
Өздік жұмысы /Алгоритм типтері/
Алгоритмнің командалары және оның құрылымын түсіндіре отырып, алгоритм құру кезеңдерімен таныстыру, практика жүзінде қолдануға үйрету
Салынған циклдер. Циклдік алгоритм
Салынған циклдер. Циклдік алгоритм
Оқушылар циклдық алгоритмдерді блок – схема түрінде өрнектеуді және программа құруды үйренеді
Қорытынды сабақ алгоритм бойынша (сызықтық, тармақталу, циклдік алгоритм)
Қорытынды сабақ алгоритм бойынша (сызықтық, тармақталу, циклдік алгоритм)
«Зеленов аудандық білім беру бөлімнің Махамбет жалпы орта білім беретін мектебі» Информатика пәні мұғалімі: Н. Алишева
Циклдық алгоритмдер
Циклдық алгоритмдер
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылы, №31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебі Информатика пәнінің мұғалімі Бейсенбаева Жадыра
Алгоритм қасиеті және жазылу түрлері
Алгоритм қасиеті және жазылу түрлері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №5 орта мектеп информатика пәні мұғалімі Есмуханова Айнур Наурызбаевна
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылы, Подстепный қазақ ЖОББМ мұғалімі Айткалиева Баян Сабырғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×