Білімділер поралы
загрузка...

Алдар көсе мен салт атты (ашық сабақ)

Әдебиеттік оқу 2 сынып
Тақырыбы: Алдар көсе мен салт атты (ашық сабақ)
Мақсаты:
1. Халық ауыз әдебиетінің бір түрі болып саналатын аңыз туралы түсінік беру, мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру;
2. Аңыз туралы алған білімдерін дамыта отырып, сөздік қорларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тіл байлықтарын, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
3. Өмірде адам бойында кездесетін жаман әдеттерден аулақ болуға, өтірік айтпауға, адамдарды алдамау сияқты қасиеттерге тәрбиелеу;
Әзілдің де адам өміріне тигізетін маңызын ұғындыру.
Күтілетін нәтиже: Пікірін дәлелдеуге дағдыланады; Ойлау мен ізденістері артады; Өз пікірін айта білуге үйренеді;
Дереккөздер, құрал - жабдықтар: Топтық жұмыс

Кіріспе
Психологиялық ахуал
Қол ұстасып бәріміз
Жылылықты сезейік.
Шуақ шашқан күндей боп,
Күлімсіреп жүрейік
Тұсаукесер
«Радиоға қоңырау шалу» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.
Бас бармақ арқылы бағалау
Негізгі бөлім
Қолдану
Талдау
Жинақтау
Сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа сабақты анықтау.
Ерекше сызық Алдаркөсе
1. Күн мен айдың мекені
2. Ешкінің төлі
3. Не ойнаған тозады.
4. Түлкі қандай аң?
5. Шын,...
6. Тудың түсі
7. Бес жаман қасиеттің бірі
8. Төрт түліктің бірі
9. Аяқкиім
Алдаркөсе туралы айтып өту.
- Ендеше бәріміз дәптерлерімізді ашып бүгінгі күннің жадын жазып, тақырыпты жазамыз.
Топтық жұмыс:
Топқа тапсырмалар беріп, танысуға 5 мин уақыт беріледі.
1 - топқа Аңыз туралы мәлімет
Аңыз - халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Аңыз әңгіме дегеніміз – өмірде болған адамның басына құрылған әңгімені «аңыз» дейді. Аңыздар тарихта болған адамдардың іс - әрекетіне байланысты оқиғалар әңгімеленеді.. Аңыз әңгімелер ел аузынан тараған екен. Аңыз әңгімелер ертегіге ұқсайды. Ертегіден айырмашылығы – аңыздар өмірде болған адамдар туралы айтылады.

2 - топқа Қожанасырдың өмірбаяны туралы
Қожанасыр қазіргі Түркияның Ескішехір қаласының Хорту деген ауылда туған. Қожа алғашқы сабақтарын ауыл имамы болған өз әкесінен алған екен. Адам бойындағы озбырлық, табансыздық, сараңдық сияқты қасиеттерін әшкере етіп, дәл тауып, шешен сөздерімен жеткізген. Оның әңгімелері адамды тек күлдіріп қана қоймай, жақсы мен жаманды ажыратуға тәрбиелейді.
3 - топқа Алдаркөсе туралы мәлімет
Алдаркөсенің әкесін бай адамдар алдап кете беріпті. Әкесі өте аңқау, сенгіш, қолы ашық адам болған екен. Ашынған әкесі Алладан ұл тілепті. Өйткені оның баласы болмаған екен. Сөйтіп жүргенде ұлды болып, баланың атын Алдар деп қойыпты.»Менің байларда кеткен өшімді алып берсе екен» деп тілепті. Шындығында Алдар өскенде байлардың қарапайым адамдарға жасаған қиянатын көріп, оларды алдаудың жолын қарастырыпты. Ол есейе келе оған сақал мұрт шықпапты. Сол себепті Алдар атына «көсе» деген атты қосып, Алдаркөсе атаныпты.
- Тарихта өзіндік орны бар, кедейге жаны ашып, тапқан - таянғанын соларға беретін өте жомарт, аңыз адамның бірі – осы Алдаркөсе.

4 - топқа Алдаркөсе мен салт атты мәтіні (сахналау)
Әр топтан бір оқушы қорғайды.

БҚО, Зеленов ауданы
Қ. Аманжолов атындағы ЖОББ мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі Н. С Нигметова

Алдар көсе мен салт атты (ашық сабақ) жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 284
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 284
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика