Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдемі көбелек

10 желтоқсан 2017, Жексенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Әдемі көбелек
(мозаика техникасында заттық аппликация)
ҰОҚ - нің оқыту 0. 1. 1. 3. Елестету арқылы геометриялық пішіндер негізінде бірнеше бөліктен тұратын заттардың мақсаттары жапсырмасын құрастыру, бөлшектерді жапсыру бірізділігін дұрыс қолдана отырып, тұтас ойыншық бейнелерін жасау немесе қисық жыртып алынған қағаздан жұмсақ ойыншық бейнелерін құрастыру.
0. 2. 1. 3. Табиғи және қолдан жасалған екіге бүктелген, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі симметриялық пішіндерді қиып алу.
0. 2. 2. 4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.
Күтілетін Барлық тәрбиеленушілер:
нәтижелер - геометриялық фигуралар негізінде бірнеше бөліктерден жапсырмалар құрастыра алады;
- екіге бүктелген, қатпарланып бүктелген қағаздан симметриялы пішіндерді қия алады.
жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіре алады.

Көптеген тәрбиеленушілер:
- бөлшектерді жапсыру кезектілігін дұрыс пайдалана алады;
- жапсырмада бейнелілік құралы ретінде түсті пайдалана алады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
- таныс техникаларды өз бетімен үйлесімді ете алады;
- композиция заңдарын қолдана алады.

Тілдік Дағдыларды дамыту:
мақсаттар - жапсырма жасау бойынша ойлар ұсыну;
- жұмыс әдістері мен кезектілігі туралы айту;
- сұрақтарға жауап беру, бұрын меңгерілген біліктерді еске түсіру;
- қазақ, ағылшын тілдерінде таныс сөздерді есту арқылы тану;
- бейнелеу материалдарын мақсаттарды іске асыру үшін пайдалану нұсқаларын талқылау;
- шығармашылық процесі барысында мүмкіндіктер аясын талқылау;
- өзінің және өзгелердің жұмыстарын түсіндіру.
Көптілділік: көбелек – бабочка – butterfly.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
- мозаика, көбелек, қағаз жолақтары, қию, жұмыс орны.

Талқылауға арналған сұрақтар:
Мозаика дегеніміз не?
Қандай геометриялық фигуралардан мозаика құруға болады?

Қағазды қандай тәсілмен қиюға болады?

Желімді қалай дұрыс пайдаланады?

Мозаика техникасында жасалған суреттер қай жерде кездеседі?

Бізге қандай түстер қажет болады?
Алдыңғы білім Қазақстанның жануарлар әлемі туралы ұғым.

Балалардың заттың құрылымы туралы білімі.

Қайшыны пайдалану білігі: жолақтарды тіктөртбұрыш етіп қию; шаршыларды үшбұрыш етіп қию; шаршы мен тіктөртбұрыштың бұрыштарын қиып тастап, дөңгелек және сопақша пішіндерді қию.

І. Оң көңіл күй (Ұ) ҰОҚ - де оң көңіл күй орнату орнату. Аспанда күн жарқырайды! (Балалар қолдарын жоғары созып, тік 0 – 1 минут тұрады)
Алтын сәуле шашырайды. (Алақандарын жоғары қаратып, қолдарын алға қарай созады)
Қолымды алақаныңа салайын, (Жұптарға бөлініп, бір - біріне қолдарын созады)
Сенімен бірге шыр айналайын. (Жұптасып айналады)
Екеуміз бірге шалғынға барамыз, (Бір - бірімен қол ұстасып, тізбектеліп тұрады)
Ол жерде шеңберге тұрамыз. (Шеңбер құрып тұрады).
Шыр айналып, ән айтамыз,

Қағазды қандай тәсілмен қиюға болады?

Желімді қалай дұрыс пайдаланады?

Күнмен бірге айналамыз. (Айналып жүреді)
Қуана шапалақтаймыз, (Шапалақтайды.)
Жылдам - жылдам адымдаймыз. (Жылдам жүреді)
Күн батты, демалуға кетті. (Отырып, қолдарымен басын жабады, одан кейін қолдарын бір жақ бетінің астына салады)
Біз ораламыз, орнымызға жайғасамыз.

Мектеп/МҰ:№201 мектеп - лицей
Педагогтің аты - жөні: Григорьева Р.

Әдемі көбелек. жүктеу
2 707
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдемі көбелек (мозаика техникасында заттық аппликация)
Әдемі көбелек (мозаика техникасында заттық аппликация)
Елестету арқылы геометриялық пішіндер негізінде бірнеше бөліктен тұратын заттардың мақсаттары жапсырмасын құрастыру,
Көбелек. (мозаика техникасында заттық жапсыру).
Көбелек. (мозаика техникасында заттық жапсыру).
Елестету арқылы геометриялық пішіндер негізінде бірнеше бөліктен тұратын заттардың жапсырмасын құрастыру, қисық жыртып алынған қағаздан жұмсақ ойыншық бейнелерін құрастыру.
Алматыға саяхат
Алматыға саяхат
Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
Математика әлеміне саяхат
Математика әлеміне саяхат
Білім саласы: Таным Бөлім: Матеметика Математика әлеміне саяхат
Жапсырмалау
Жапсырмалау
Зырян қаласының № 9 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Серғазина Ақерке Алтайқызы
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Семей қаласы, №38 мектеп - лицей Шағын орталық тәрбиешісі Нугуманова Айшолпан Ел – Амановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×