Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тарих туралы түсінік, Қазақстан тарихының кезеңдері

13 желтоқсан 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қазақстан тарихынан әңгімелер 5 сынып
Сабақ тақырыбы: §1 Тарих туралы түсінік, Қазақстан тарихының кезеңдері (ежелгі, орта ғасырлардағы, жаңа және қазіргі заманғы тарих);
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: Тарих туралы түсінік. Тарихтың қалыптасуы және дамуы. Тарих ғылымы туралы мағлұмат беру.
Оқушылардың басым бөлігі: Тарих ұғымымен және тарихи кездермен таныса отырып, топтасып жұмыс істеуге бір – бірімен ой бөлісіп қорытынды жасауды, ойларын ашық және толық жеткізуге үйренеді.
Кейбір оқушылар: Оқушылар тарих ұғымының қалай қалыптасып дамуы туралы заттай және жазбаша деректермен таныса келе тарих пәні ұғымының негізін түсінеді
Тілдік мақсат: Оқушылар: Жеке жұмыс, топтық әңгіме, гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт бөлуді үйреніп істей алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер.
Тарих, Геродот, Тарихи кезеңдер, палеолит, мезолит, неолит

Алдынғы оқу: Кім біледі.
1) Қалай ойлайсыңдар алғашқы адамдар қанша жас өмір сүрген?
2) Қазақстанның астанасы қай қала, ол бұрын қалай аталған?
3) Абылай хан дегеніміз кім?
4) Қазақ билерің білесің бе?
5) Қандай қазақ батырларын білесіңдер?

Басталуы
І. Ұйымдастыру
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару, Таратпалар арқылы топқа бөлу
1. 1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу зейінін сабаққа аудару. (2минт)
1. 2. Топқа бөлу Оқушыларды тарихи дерек көздері Археология, Этнография, Антропология деп жазылған таратпалар арқылы үш топқа орналасты ( 2 минут)

Ортасы
ІІ. Жаңа сабақ
2. 1 Қызығушылықты ояту.
«Ой талқы» (3 – минут)
1. Тарих сөзі қандай мағына береді?
2. Тарих оқиға дегеніміз не?
3. Тарих пәні дегеніміз не?
(Оқушылар бастауыш сыныпта дүние тану сабақтарынан өткен материалды еске түсіру)

Аяқталуы
2. 2 «Қара. Оқып шық. Жап. Жаз» - мәтінмен жұмыс (15 минут)
Оқушылар мәтінді оқи отырып постерге тірек - сызбалар арқылы баяндайды
«Бағдаршам» (2 мин)
Әр топ бірін - бірі
Қызыл – өте жақсы, жасыл - жақсы, сары - әлі де толықтыруды қажет етеді

ІІІ. Бекіту
3. 1 Кестемен жұмыс (8 мин) Тарих пәні
Оқушылар жеке деңгейлік тапсырмаларды орындай
«Сен - маған, мен - саған» (2 мин)
Оқушылар бір – бірінің тапсырмаларын тексеріп геометриялық фигуралар арқылы бағалайды
Кейінгі оқу: § 1 Тарих туралы түсінік, Қазақстан тарихының кезеңдері

«Найманбай атындағы орта мектебі» кмм
Мұғалім есімі: Сагимбек Ермек Қасенұлы

Тарих туралы түсінік, Қазақстан тарихының кезеңдері. жүктеу
1 092
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан егеменді - мемлекет
Қазақстан егеменді - мемлекет
Тақырыпты оқыта отырып тарихи оқиғаның маңызын анықтай білу дағдыларын қалыптастыруға көмектесу, тарихи оқиғаларға баға бере білу қабілеттерін және жан - жақты ойлау қабілеттерін дамыту.
Шығыс даналары
Шығыс даналары
ІХ - ХІІ ғасырларда ғылымның дамуы және сол кезеңде өмір сүрген Қазақ жерінің ғалымдары туралы, олардың ғылымның дамуына қосқан үлестері туралы оқып білу.
Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі (палеолит)
Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі (палеолит)
Тас дәуірінің ерекшеліктері туралы ақпарат беру Палеолит дәуірінің тұрақтарының мәнін түсінуге үйрету
Тарихи жәдігерлер
Тарихи жәдігерлер
Тарихи жәдігерлердің негізі түрлері. Деректер. Қосалқы тарих пәндері. Жазбаша тарихтың дамуы. Пиктография. Иеороглифтер. Шумерлік және египеттік жазбалар. Финиктер. Археология ғылымы. Археологиялық түсінік. Этнография және этнология. Ғылымдарына
Қысқа мерзімді жоспар тарих. Тарих туралы түсінік, Қазақстан тарихының кезеңдері
Қысқа мерзімді жоспар тарих. Тарих туралы түсінік, Қазақстан тарихының кезеңдері
Тарих ұғымымен және тарихи кездермен таныса отырып, топтасып жұмыс істеуге бір – бірімен ой бөлісіп қорытынды жасауды, ойларын ашық және толық жеткізуге үйренеді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×