Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіз елім – тірегім

23 желтоқсан 2017, Сенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сынып сағаты 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз елім – тірегім
Сабақтың оқыту мақсаттары: 1. Оқушыларды Отанын сүюге, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу;
2. «Отан»,«Тәуелсіздік»,«Әнұран» туралы кеңірек ұғым беру;
3. Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалау және білімдерін жетілдіру.
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың бәрі: сөйлемдерді оқиды, мазмұнын түсінеді, бағалауға қатысады
Оқушылардың көпшілігі: тақырыпты болжайды, өлеңді мәнеріне келтіріп оқиды.
Кейбір оқушылар: Тәуелсіздік туралы және батыр ағаларымыз бен апаларымыздың өмірінен қосымша мәліметтер келтіреді.
Өткен сабақтардан алған білім: Менің тұңғыш Президентім
Жоспар
Сабақтың басы (5 минут)
Қызығушылықты ояту:
Сыныпты қалыпқа келтіру.
Ой сергек: «Сәлемдесу»
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Бас иеміз біз.
Топқа бөлу.
«Отан»,«Тәуелсіздік»,«Әнұран» деп 3 топқа бөлемін

Сабақтың ортасы (30 минут)
Мағынаны ажырату
Ой қозғау
Өз топтары жайлы қорғайды.
Тақырыпты болжау
Тақтаға адасқан сөздер ілінеді. Оқушылар сол сөздерді дұрыс орналастырып, тақырыпты табады. (Тәуелсіз елім – тірегім)
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Масатқа сәйкес оқушылармен бірлесе отырып, жетістік критерийін анықтау.

Сөздік жұмысы
«Әріптерді сөйлету» оқушылардың қызығушылықтарын ояту.
«Тәуелсіздік» сөзінің әріптерінің мағынасына тоқталайық.
Т - білдіреді теңдікті
Ә - әдептілік әлдікті
У - уайымсыз уақытты
Е - егемендік елдікті
Л - дейді лағып лепірме
С - сенімділік секілді ең
І - ілтипат қой
З - зиялылық тілек қой
Д - шақырады достыққа
І - ізет қой
К - дейді күн боп көктегі
Міне, «Тәуелсіздік» сөзінің мағынасын ашып алдық.

Сайыстың шарттары:
1. Мақал - мәтел айту
2. Бәйге
3. Тіл – өнер
4. Жеті жұмбақ

Жетістік критерийі: мақал - мәтелді айта алу, сұраққа жауап беру, үш тілде сөйлей алу, 7 пәннен сұраққа жауап беру.
Бағалау: ЖК бойынша бағалау.

Ой - толғаныс
Жеке жұмыс.
Мен Тәуелсіздік ұғымын қалай түсіндім?....... Эссе жаз.
Бағалау: Қол соғу арқылы бағалайды.

Сабақтың соңы (5 минут)
Үй тапсырмасы: Елбасына арнап өлең шығару
Кері байланыс. Ауызша. Сабақтың жетістік критерийін еске түсіріп, бүгінгі сабақтың мақсатына жеткен, жетпегендері туралы айтады. (барлық сабақтарда осылай қайталанып отырады)

Рефлексиялық шеңбер.
Мұғалім оқушыларға рефлексияны жасайтын мынандай сұрақтар қояды:
- Сабақ барысындағы көңіл күйіңіз қандай болды? Неліктен?
- Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?
- Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?
- Сабақта қандай қиындықтар туындады?
- Сабақ аяғындағы көңіл күйіңіз қандай болды? Неліктен?

«Береке орта мектебі» КММ
Мұғалімнің аты - жөні: Ж. Е. Әлжанова

Тәуелсіз елім – тірегім. жүктеу
1 391
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сусыз өмір жоқ
Сусыз өмір жоқ
Барлық оқушылар орындай алады: Тірек сөздерді түсінеді, тақырыпты болжайды. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжайды, сұраққа түсініп жауап береді.
Кітап оқи аламын
Кітап оқи аламын
Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез – құлқы мен іс - әрекетін бағалау.
Кітап оқу (қысқа мерзімді жоспарлар)
Кітап оқу (қысқа мерзімді жоспарлар)
Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез – құлқы мен іс - әрекетін бағалау. Оқушылардың бәрі: мәтінді оқиды, мазмұнын түсінеді, бағалауға қатысады
Менің тұңғыш Президентім
Менің тұңғыш Президентім
Қазақ халқының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру
Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым
Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Х. Наубетов атындағы бастауыш сыныптың мұғалімі Нұрмашева Шарбану Насырқызы
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Астана қаласы, «Көпбейінді колледж»МКҚК Қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы: Айсариева П. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×